16
мектептер тәжірибесінде барлық балалар бірдей емес, бірақ әр баланың
ерекше байқалатын дарыны болуы мүмкін. Сондықтан әр баланың
шығармашылығын, дарындылығын одан әрі дамыту жолдары зерттелуде.
7)
Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеу.
Көп ұлтты қоғамда әр адам
бойында толеранттылық қабілеттерін дамытып, өзара сыйластық және
сенімділік қағидаларын қалыптастыру өте маңызды.
Көпмәдени тұлғаны
қалыптастыру
ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып адамның
салт
-
дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін,
олардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге
ұмтылушылықтарын
нығайту қарастырылады. Әр халықтың мәдени
өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы достықты, түсіністікті
нығайту көпмәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі. Ал сол
көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінде іске асырылып, оның
нәтижелерінің бірі болып табылады.
8)
Білім беру мазмұнын жаңарту
оқытудың
әдіс
-
тәсілдерін, жаңа
педагогикалық технологияларды қолдану. Білім беру саласы реформаларға
жиірек ұшырайтын
салалардың бірі. Қазіргі ақпараттық ағымның
жылдамдығына байланысты білім беру мазмұны да жаңартылып отыруды
қажет етеді. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің
жаңартылған
бағдаламасы 2016 жылдан бастап
мектептерге енгізілуде. Білім
беру мазмұнының өзгерісімен қатар ондағы оқу мен оқыту міндеттері,
оқытудың әдіс
-
тәсілдері, оқыту формалары, оқу құралдары айтарлықтай
өзгерістерге ұшырауда.
9)
Инклюзивті білім беру
-
жалпы білім
беретін мектептердегі
балалармен бірге дамуында ауытқулары
бар, қабілеттері шектелген
балалардың білім алу мәселелерін зерттеу және практикасын жетілдіру
үдерісі. Инклюзивті білім беру арқылы қабілеттері шектеулі балалардың
әлеуметтенуі, қоғамдық қарым
-
қатынастарға бейімделуі жеңілдейді.
Сонымен қатар ондай оқушылар арнайы
дефектолог
-
мұғалімдердің
қарамағында және қолдауында болады.
Достарыңызбен бөлісу: