Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


педагогтың кәсіби стандарты



Pdf көрінісі
бет28/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

педагогтың кәсіби стандарты
әзірленген. Кәсіби 
стандартты әзірлеу мақсаты
-
педагогқа қажетті іскерлік пен дағдылар, 
білімдер мен құзыреттерді сипаттау. Бұл стандарт бойынша мұғалімдердің 
санаттары өзгертіледі, мұғалімдердің еңбек функцияларының даму 
деңгейлері анықталатын болады. Педагогтың кәсіби стандартында бес еңбек 
функциясы анықталған: оқыту

тәрбиелеу
,
әдістемелік
,
зерттеу
,
әлеуметтік
-
коммуникативтік.
Қазақстан
Республикасының 
«Білім туралы»заңында
педагогтардың 
негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған заңның 7
-
тарауының 
50-51-
баптарында 
педагог қызметкердің мәртебесіқұқықтары, міндеттері 
мен жауапкершілігі 
анықталған

2.
3.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.
Іс
-
әрекет ұғымы 
ғылымаралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика, психология, 
әлеуметтану, философия, мәдениеттану сияқты көптеген әлеуметтік
-
гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысандарының
бірі. Кез келген жеке 
тұлғатек өзінің белсенді іс
-
әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. 
Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы 
мен іс
-
әрекеттін
зерттеуге тырысады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда
,
іс-әрекет
-
адамның қоршаған 
дүниемен белсенді қарым
-
қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік 
позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар 
бойынша

іс-әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже 
беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.
Өзіндік жеке іс
-
әрекеттері 
арқылы адам басқа әлеуметтік іс
-
әрекеттерге араласады. Іс
-
әрекеттің 


25 
құрылымына
мотив, мақсат, құрал, іс
-
қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты 
компоненттері кіреді . 
Педагогикалық
-
психологиялық ғылымдар саласында 
іс-әрекет 
теориясының 
дамуынаС.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,П.Я.Гальперин т.с.с. 
психологтардың зерттеулері негіз болған. Іс
-
әрекет компоненттері бір
-
бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйедегі 
компоненттер өзара бірі
-
біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін 
алып тастасақ
,
толыққанды атқарылған іс
-
әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір 
компонент өзіндік маңызды рөл атқарады. 
А.Н.Леонтьевтің пікірінше

мақсат
кез келген іс
-
әрекеттің жүйе 
құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс
-
әрекет 
болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған
жақын және алыс мақсаттары 
болады. 
Мотив 
деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, 
материалдық, әлеуметтік, табиғи
-
биологиялық қажеттіліктері кіреді. 
Іс-қимылдар, операциялар
– 
іс
-
әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. 
Кез келген іс
-
әрекет 
жүйелі түрде орындалатын түрлі іс
-
қимылдар тізбегінен 
құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру 
сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау 
т.с.с. ойлау операциялары да бар.
Іс
-
әрекет мақсатына қарай
құралдар 
таңдалады. Құралдардың өзіндік 
ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс
-
әрекет мақсатына байланысты 
таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту 
құралдары
т.с.с. бөлінеді. 
Іс
-
әрекет 
нәтижесі 
деген компонент тұлға үшін маңызды 
компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің 
барлығы осы 
нәтижеге
қол жеткізуге бағытталған. 
Бағалау 
компоненті 
– 
іс
-
әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға 
орындаған іс
-
әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді.
Білім беру саласындағы іс
-
әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы 
сана
мен 
іс-әрекеттің
бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді. Бұл 
теорияны түбегейлі меңгеру болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды. 
Адамдардың іс
-
әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына,
кәсіптеріне байланысты бірнеше 
түрлерге 
бөлінеді. Адамның шұғылданатын 
кәсібінебайланысты
іс
-
әрекеттер 
медициналық, 
педагогикалық, 
конструкторлық, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді. 
Мазмұны жағынан
іс
-
әрекеттерді: танымдық (
қоршаған әлем туралы 
білімдермен қарулану, дүниені танып білу
); зерттеушілік (
белгісіз 
құбылыстарды зерттеу үдерісі
); коммуникативтік (
қарым-қатынас орната 
алу, тіл табыса алу үдерістері
); білім берушілік (
басқаларға білім 
беруүрдісі
);өзгертушілік 
(қоғамды, өзін жетілдіру үдерісі)
болып 
ажыратылады. 


26 
Әртүрлі
белгілеріне қарап
педагогика
-
психология ғылымдарында іс
-
әрекеттің негізгі түрлері ретінде: 
ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу
іс
-
әрекеттері қарастырылады.
Қазіргі
қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын 
талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс
-
әрекетінің белгілі бір түрін, 
адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет