Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жеткіншек шақтағы оқушылармен



Pdf көрінісі
бет60/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Жеткіншек шақтағы оқушылармен
педагогикалық қарым
-
қа
-
тынас 
педагогика және психология ғылымында ерекше орын алатын мәселелер 
қатарында. Бұл жастық шақтағы оқушылардың ерекшелік
-
терін олардың 
дамуындағы физиологиялық және психологиялық өзге
-
рістермен, сонымен 
қатар әлеуметтену мәселелерінің күрделенуімен байланыстыра отырып 
қарастыру
қажет. Жеткіншек шақты адам өмі
-
ріндегі 
өтпелікезең
деп 
атайды, себебі балалық шақтан ересек шаққа өту
барысында баланың 
санасында, өсіп жетілуінде, мінез
-
құлқында, қарым
-
қатынастық жүйесінде 
күрделі өзгерістер пайда болады. Осы өзгерістердің барлығы өмірлік 
тәжірибелері жоқ
жеткіншектерге көп қиындықтар туғызатыны анық. 
Сондықтан кейбір жағдайларда бұл шақты 
қиын кезең
деп те атайды.
Жеткіншектердің негізгі іс
-
әрекеттері оқу болып табылғанымен, 
олардың оқуға деген ынтасы бастауыш сыныптағыдай жоғары бола 
бермейді. Олар өздерінің жеке тұлғасының ерекшеленуіне, әлеуметтік ортада 
өзіндік
мәртебе мәселесіне
көбірек көңіл аударады. Осы шақта 
жеткіншектердің өзіндік санасы қалыптаса бастайды. Өздерін жетілді
-
руге 
байланысты кітаптар оқи бастап, өздері ұқсағысы келетін кейіп
-
керлерге 
еліктейді, спорт түрлерімен шұғылданады, күнделіктер жа
-
зып, онда өз 
әрекеттеріне талдау жасауға тырысады. 
Жеткіншек шақта оқушыларды «Мен қандаймын?» деген сұрақ 
көбірек мазалайды, соның салдарынан өздерінің жан дүниесін іштей зерттеп
-
тануға талпынады. Осы шақта оқушылардың «Мен» жүйесінің негізі 
қалыптаса
бастайды. Өздерін есейгендей сезінгенімен олар ба
-
лалықтан 
толық арылмаған, өз бетінше шешім қабылдауға жауапкер
-
шіліктері 
жеткіліксіз, ересектерге еліктегіш келеді. Қарым
-
қатынас ба
-
рысында ересек 
адамдарға сыни тұрғыдан қарап, олардың қателерін, кемшіліктерін тез 
байқайды. 
Педагогикалық қарым
-
қатынастағы мұғалімнің негізгі міндетте
-
рінің 
бірі 

жеткіншектердің психо
-
эмоционалдық саласына
баса на
-
зар аудару. 
Мұғалім жеткіншектермен қарым
-
қатынасты ортнату ба
-
рысында олардың 
ұжым пікіріне көбірек жүгінетінін ескеруі қажет. Ұжымдық қатынастарға 
бейімделу үстінде жеткіншектер достарының пікірлерімен санасатынын, 
сыныптастарының көзқарастарына
тәуелді екені байқалады.
Оқушылардың 
кейбір 
кезде 
көрсететін 
түсініксіз 
мі
-
нездеріне 
сабырлықпен, 
шыдамдылықпен қарап, қарым
-
қатынастың оң нәтижесін болжай алу 
мұғалімнің құзырында. Оқушының даму мен қа
-
лыптасу үстінде екендігін 
ескеріп, мұғалімдер жеткіншектердің психи
-
касына қысым жасамай, 
керісінше олармен сыйластық пен сенімділік негізінде ғана сөйлесу 
барысында үлкен
жетістіктерге қол жеткізе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет