Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
19-20

“Көктем”, “Жаз”, “Күз”, “Табиғат 
құбылыстары”
тағы басқа өлеңдері арқылы қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасының 
дамуына айтарлықтай үлес қосты. 
1911
 — 
1916
 жылдары Троицкіде шыққан сатиралық 
журналдың “Ақмолла” аталуы да ақынның халық арасына кең тараған шығармашылық 
беделінің айғағы. С.Сейфуллин 
1935
 жылы Ақмолла өлеңдерін құрастырып, “Ақмолла” 
өлең жинағы деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Оған өзі алғы сөз жазды. 
1981
 жылы 
Ақмолланың туғанына 150 жыл толуы салтанатпен мерекеленді. Мәскеуде оның өмірі мен 
шығармашылығына арналған жұртшылық өкілдерінің жиналысы өткізілді. 
1986
 жылы 
ақын өлеңдері “Күндер мен түндер” деген атпен қазақ тілінде басылды. Ақын кісі қолынан 


қаза тапқан. Миас қамалының зиратында жерленген. Ақмолланың туған ауылында 
мемлекеттік мұражайы жұмыс істейді. 
3.Өлеңдері сыни-философиялық, ағартушылық көзқараста жазылды.Башқұрт ақыны С. 
Қүдаш: «Үш ақынның алған бағыттарына үңіле қарасақ, Абай мен Ыбырай, Ақмолла 
творчестволары өзара үндесіп жатқанын байқаймыз»деп Ақмолланың өлеңдерін («Жастық 
ізімен», М., 1967) жоғары бағалады. 
1911
-
16
 жылдары Троицкі қаласында 
«Ақмолла»
атты 
әдеби журнал шығып тұрды, 
С. Сейфуллин
 Ақмолланың өлеңдер жинағын құрастырып, 
алғы сөз жазып, 
1935
 жылы Алматы қаласында қазақ тілінде бастырып шығарды. Әдебиет 
және өнер институтының фольклор бөлімінің меңгерушісі, абайтанушы 
ретінде 
Әуезов
 Ақмолланың шығармаларын жинауға, зерттеуге үлкен көңіл 
бөлді.Д.Қашқынбаев, Т. Ізтілеуов, О. Шипин тапсырған Ақмолла өлеңдерінің 
қолжазбалары институттың қорында сақтаулы. 
«Зар заман»
ақындары» мен «Абайдың 
ақындық мектебі», «Кітаби ақындар» туралы 
1949
-
53
 жылдары саяси-идеологиялық 
қысым тұсында Ақмолланың мұралары да қатты сынға алынды. Алайда Әуезов өзінің 
ғылымдағы шәкірттеріне жазған хаттарында бұл ақынға ерекше көңіл бөліп, зерттеуге 
кеңес берді. «Ақмолла» журналының атына еліктеп, 
Ж. 
Аймауытов
 екеуі 
1918
 жылы «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығарды. 
Ақмолла (Мифтахитдин) Мұхамедиярұлы – қазақ, татар, башқұрт руханияты тарихындағы 
жарқын тұлға. Ол атақты оқымысты, араб тілінде «Өткен бабалар өмірінен» деген жеті 
томдық еңбек жазған, «Ғалия» медресесін ұйымдастырған Шахабуддин Бағаутдинұлы 
Маржани бастаған діниоянушылық, ағартушылық, жаңашылдық идеяларды тереңдете 
жалғастырған. Үш ұлттың көрнекті қайраткерлері Ғ. Тоқай, Ғ. Фахретдинов, Ю. Валиди, 
Г. Ғазиз, С. Мирасов, Ф. Кәріми, С. Сейфуллин, С. Құдаш, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Б. 
Ысқақов, У. Қалижанов оның шығармашылық өнері мен өнегесі турасында терең ой-
пікірлер өрбіткен. Әсіресе, татардың үздік ақыны Ғ. Тоқай: «Оның өлеңдерінен тек қазақ 
иісі, көшпелі халық иісі аңқып тұрады» деген лебіз білдіріпті. Немесе Сәкен Сейфуллин 
мынандай пікір айтқан: «Расында татаршадан гөрі, қазақша жазғандары көркемірек және 
тілі де таза...» [1, 9].Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеушілер Бүркіт Ысқақов «Қазақ және 
Еділ бойы халықтары әдебиетінің идеялық творчестволық байланыстары» (Алматы, 
«Арыс», 2007) және Уәлихан Қалижанов «Қазақ әдебиетіндегі діниағартушылық ағым» 
(Алматы, «Құс жолы», 2008) дейтін еңбектерінде ақынның тағдырталайы мен 
шығармашылық өмірбаянын зерделеуде Досмайыл Қашқынбаев пен Д.Хасанұлының 
тарихтық пен деректілікке негізделген шынайы естеліктеріне жүгінеді. 
Ақмолла башқұрт жерінде Стерлібаш шаһарында дүние есігін ашқан. Бұл – 1831 жылдың 
14 желтоқсаны (кейбір құжаттарда 1839 жыл делінген). Ақмолланың өмірбаяны жөніндегі 
мәліметтерді хатқа түсіруші Досмайыл қажы Қашқынбайұлы мен Хасан Ғалидың 
баяндауынша, ақынның әкесі Мұхамедияр ақмешіттік қазақ та, анасы – Бибігүлсім 
Сәлімжанқызы – татар қызы. Бір ескертерлік нәрсе, кейде ноғай, кейде естек деп те 
жазылып отырады. Ақмолла жастайынан тағдырдың тауқыметін көп шексе де мейлінше 
қайсар, турашыл, әділ, өжет болған сияқты. «Өзін бек жоғары санаған. Намысты болған, 
кісіден жеңілу, оған өлім дәрежесіндей еді», – деп жазады Кәрім Бәтішұлы. 1867 жылы 
Қарақыз елінде бір кейуана дүниеден озады. Сонда Есенкелді, Бәтіш деген төрелер 
Ақмоллаға тісін де, тізесін де батырады. Сонда Есенкелді Ақмолланы таяғымен нұсқап, 
алмастай асыл сөзімен тұқыртады: «Өлеңді жерде өгіз семіреді» дегендей, мына молданың 
күбідей семіргенін қараңдаршы», – деп мысқылдап мазақтайды. Ақмолла жөппелдемеде: 
«Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді, даулы жерде төре семіреді, егер 
молда болмаса, сендей надандардың басын ит кеміреді» Тағы бір мысал. Ақмолла 
Құсмұрын елінде Қозыбай бидің шаңырағында Дандыбай деген бимен кездеседі. Ол 
ақынды менсінбейді.– Е, естек ақын сен екенсің ғой, – деп жалпақ белбеу буынған 
шенеунік би пысқырмайды. Сол мезетте шарт түйінген Ақмолла биге төне түсіп:Би 
болмас, белін жалпақ буғанмененТазармас көңілі харам жуғанменен, – дейді де, ертіп 
жүрген сопыға шүйіліп:Кей надан көзін жұмып құр мүлгиді, Сопылық табылмас көз 


жұмғанменен, –деп былайша сабақтастырады: Жігітке қиын сауда – білім 
деген,Білімсіздер ауызға да ілінбеген.Білімсіз әркім бекер қаңғырады,Бұзаудай енесі өліп 
телінбеген.Ақмолла көпті көріп сырғанаған, Әр жерде жаман адам қорғалаған.Әркімнің 
алып жейтін бір аңы бар,Мысық та тышқан көрсе жорғалаған – деп улы тілімен 
шенейді.Ақмолланың көркемдік ойлау жүйесі, тапқырлық, айтқыштық өнері өзгеше. 
Ұшқыр ойлы ақын табан астында түйінді тұжырымдар, өрнекті ойлар туындатады. 
Мысалы:Байлық, бақыт, патшалық ол бір сағым, Сағымға мәуеленген есірік 
онбас.Күншығыс поэзиясының мөлдір бұлақтарынан ғибрат, тағылым алған сөз зергері 
Ақмолла Жайық бойын, Орынбор өңірін шарлаған. Қостанай, Петропавл, Көкшетау же-
рінде ағартушылық, ұстаздық қызметпен шұғылданған. Сөзі өтімді, пікірлі Ақмолла өзінің 
жыртолғауларын жатқа әсерлі, мәнерлі, белгілі бір мақамсарынмен тақпақтап, айшық тап 
жеткізетінін, айрықша бір шеберлікпен, шабытпен толғанатынын, өз ортасында ғибратты, 
мағыналы, сап таза ойларымен тыңдаушылардың жүрегін тебірентетінін, оянушылық 
рухқа толы асқақ даусы үш халықтың аспанын күмбірлете қамтығанын, Ақмолланың 
ақындық мектебінің ұлағатын әдебитарихи деректемелер жанжақты айғақтайды.Бұл тұста 
Ақмолланың Наушабайдың Нұржанымен рухани туыстығы яки сарындастығы, үндестігі 
атап өтерлік. Бір ақындық ойпікірді Ақмолла қаузаса, Нұржан сабақтастырады. Мәселен, 
Ақмолла: 
Ең әуелі тазалау керек іштің кірін, 
Іште толып жатпасын, сасық ірің. 
О, дариға, іш тазарсын, іс тазарсын, 
Болмаса пайда бермес құры білім, – деген де, Нұржан: 
Қысқаша осы болар түсіндіру, 
Адамның сыртын көрмей, ішін білу. 
Ішінен ілім-білім табылмаса, 
Не пайда келтірмекші сырты сұлу, – деп орайлы жарастырып жалғастырады. Ақындардың 
ойпарасаты, сөз саптау мәдениеті жоғары.Ұлттық поэзия тарихында Ақмолланың 
шығармашылық еңбегі, Ақмолланың ақындық мектебі ерекше құбылыс. Бұл орайда мына 
бір деректі айту жөн. Бірде Ақмолла Уфа қаласында «Шора» журналының қызметкері, 
ғалым Риза Фахретдиновпен кездеседі. Ол Ақмолланы башқұрт ақыны Мұхамедсәлім 
Үмітбаевпен айтыстырады. Ақмолла дала (қазақтар) атынан, Мұхамедсәлім қала 
(башқұрттар) атынан ой толғайды. Осынау дәстүрдің негізінде Сұлтанмахмұт Торайғыров 
«Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» атты атақты поэмасын жазды[3, 78].Қазақ 
мәдениетінің көрнекті өкілдері: ақынжазушылар, шайырлар, жыршы ақындар, 
драматургтер Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Омар Шипин, Иманжан 
Жылқыайдаров, академикжазушы Сәбит Мұқанов, драматург Шахмет Құсайынов 
Ақмолланы ұстаз тұтқан және барлық жырларын жатқа заулатқан. 
Ақмолланың ақындық мұрасы хақында Сәкен Сейфуллин «бұл кісінің ақындыққа, 
әдебиетке өнер деп үлкен мағына берушілігінде» деп жазады. Шын мәнісінде, Ақмолла 
поэзияны сөз өнерінің шолпаны деп түсінген. Ақынның көркемдік және философиялық 
дүниетанымы терең, ақылпарасаты биік. Ол өз өнернамасында ғылымды, таза көңілді, 
сәулелі ақылды, шүкіршілік ету, әдептілікті басты мақсат еткен. Ол «Замана туралы» 
дейтін өлеңінде былайша үн қатады: 
Көз салып қарасаңыз әр тарапқа, 
Дүниеде ашылғандай темір қақпа. 
Сен де енді өрге ұмтыл, әрекет қыл, 


Талпынып, өнер үйрен мұндай шақта! 
Я болмаса:Хал келсе түрлі пәнді көрген жақсы, 
Кемелдер қатарына кірген жақсы. 
Орысша оқып қана біліп қоймай, 
Хал келсе, французша білген жақсы. 
Ақмолла орыс, француз тілдерін білген дұрыс дегенде Маржани көзқарасын ұстанады. 
Маржани пікірі мынадай: «Өзінің дінін, тілін, елін білгендер ғана орысша оқыса, ол 
жақсы. Оны білмей, орысша оқыса онан қайыр күту қиын». 
Діниағартушылық ағымның көшбасшыларының бірегейі Ақмолланың «Маржани 
мәрсиясы (ескерткіші)» (1889) деген жүз шумақтық поэзиялық туындысында Маржанидің 
ағартушылық, ұлт санасезімін оятушылық еңбегін шырқата жырлайды: 
Бауырлар, сізге өтінем, сәлем жазып, 
Көзің сал, Маржани ол – Темірқазық. 
Болмаса құбыла таппай адасарсың, 
Қараңғыда жөн білмей, жолдан азып. 
Қай сөзі – ол ғалымның таң қалмастай, 
Қай ісі – ол дананың көз салмастай. 
Дертіне дертті болған шипа тапты, 
Соқырлар көзін ашты қарманбастай. 
Замана шамшырағы, білім беру жүйесінің ұлы ұйымдастырушысы Маржаниға деген 
лебізінен Ақмолланың ақындық, азаматтық, ағартушылық жолын, алға басымпаз, 
өркендемпаз болмысын нақ көргендейміз.Ақмолла өмірі қасіретті жаланың отына күйген. 
1867-1871 жылдарда жалақорлардың кесірінен түрмеде отырған. 1895 жылдың 8 қазан 
күні қастандықпен өлтірілген.Жинақтай айтқанда, үш халықтың ардақтысы әрі рухани 
жетілуіне өлшеусіз үлес қосқан Ақмолла мұрасы дүниетаным тереңдігімен, 
көркемдігімен, діниағартушылық, оянушылық қырларымен жаңғырып жасай бермекші. 
Наушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданы – 
1919) – ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал 
ақынның қызы) жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. 
Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы 
тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, 
сері, балуан атанып, дидактик. үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия 
жырларын жазды. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Жұмбақ. Нұржан мен 
Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1903), “Манзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты 
жинақтарында Қазан қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі тақырыбы – 
өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Замананың қалпына айтылған сөз”, 
“Тақпақ”, “Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И. Крыловқа еліктеп 
жазған “Түлкі мен әтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. мысалдарында адамның мінез-
құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық 
құбылыстарды сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық, тойымсыздық 
көріністерін сынады. Дидактикалық жанрда жазылған “Қырық тілек” атты 13 жұмбақтан 
тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық 
тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге 
талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды (“Қырық парыздың 


баяны”, т.б.). Наушабаев шығармаларында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен 
жұмбақ айтысының орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы 
тарапынан қойылған 25 жұмбаққа Наушабаев тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын 
көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер 
бейнелеуімен құнды. Айтыс мәтіні 359 жолдан тұрады, алғаш “Манзұмат қазақия” (1903) 
кітабында, кейін “Айтыс” жинағының 2-томында жарық көрді. Ы.Алтынсаринге арнаған 
өлеңінде ағартушының еліне, замандастарына өнеге көрсеткен биік азаматтық тұлғасы 
айқын көрініс тапқан. Өлеңнің 3 шумағы Ы.Алтынсарин құлпытасына қашап жазылған. 
Ақынның “Көкем-ай”, “Көңіл ажар”, “Жан сәулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес тілек”, 
т.б. әндері ел арасына кең тараған. 
2. Қатын үш түрлі 
Бір қатын сыйлаумен қатын,
Бір қатын қинаумен қатын. 
Нағыз қатын, сол қатын - 
Һәр нәрсені ойлаумен қатын. 
Қатының жақсы боса 
Көңілді жықпас. 
Ыңғайын біліп, 
Сөзіңнен шықпас. 
Ақмағына жолықсаң, 
Өз бойына мін тақпас. 
Жұмсақ сөйлесең, 
Жеңемін деп 
Мылтық жасап атсаң да бұқпас. 
Қатын алсаң, таспа белді торыны ал, 
Ол болмаса аққұбаның зорын ал. 
Заманның қалпына айтылған сөздер 
Ниет һәм құлқы бөлек әр адамның 
Әй, нұржан, мұнан басқа жоқ табарың. 
Мұнәжәт һәр нақылдан жазып қара, 
Қалпына лайық етіп замананың. 
Жаңбыр жаумай, күн күркіреп жерді алдап, 
Қатын үйде тыста жүрген ерді алдап. 
Қалайы, мыс, алтын, күміс зерді алдап, 
Бағасыздың бағалы болған заман-ай. 
Арзан менен қымбаттың 
Бағасының бір болып 


 Қатар жүрген заман-ай. 
Қыран құстар қыр аспай, 
Қарға кіріп қатарға 
Леп ұрған кейбір жігітке 
Атқа мінсең наз бедеу
Қапалы көңіл ашылар. 
Кем болмаса тумысың 
Қатарға басын қосылар. 
Әдеп, ақыл, білімді 
Үйрене һеш кім тумайды, 
Көруменен ысылар. 
Ілгері тәңрі бастырса, 
Өнерін күн-күн асырар. 
Бақ қалаған жігітке 
Таңдап мінсең бедеу ат 
Көңілдің күбі шешілер. 
Бекзаданың белгісі 
Ашу болмас бойында 
Жібектейін есілер. 
Ат дұр ердің жолдасы 
Ат дұр ердің жолдасы, 
Ұл дұр дәулеттің басы. 
Қыз һам болса көңіл хошы 
Терме 
Неше фасыл, неше бап,
Біздің сөздің бұтақтап 
Кетеді ұзап тарауы. 
Жүйріктер мінген озбай ма, 
Күйіне келсе жарауы? 
Ақ иық бүркіт мұз балақ 
Қаңтарда қарсы желге ұшар, 
Қабақтан түспей қырауы. 


 Ізгі перзент, ақ жаулық, 
Қорада жатар жүз салық, 
Құлаш мойын, кез құлақ 
Бір бедеу ат, денсаулық - 
Ер жігіттің сұрауы 
Дүниеде мақсұт тәмам деп, 
Тақпақ 
Хұрметлу зайғы ғұмырдан -
Ұйқыда көрген түс артық. 
Тар жерде тайғақ кешуде, 
Ерлерің қылған күші артық. 
Қу қанжыға жүйріктің 
Топырыштан несі артық. 
Көктемесе жаңбыр боп 
Қайырсыз жаздан қыс артық. 
Тобылғылы шұбардан 
Панасыз таудың несі артық. 
Қадір білмес туғаннан 
Құныңды білген дос артық. 
Дүниеге қару қылмайтын 
Қартайған шалдан жас артық. 
3. Ақын Нұржан Наушыбаев қазіргі Қостанай облысының Семиозер ауданында әлді 
жанұясында дүниеге келіп, сол жерде 60 жасында қайтыс болған. Жасында мұсылманша 
оқып білім алған. Ақыннан қалған мұра революцияға дейін бірнеше рет жеке жинақ 
ретінде басылды: «Манзумат қазақия» (1903), «Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ 
айтысы» (1903) т.б. 
Н.Наушабаев өлеңдері мен мысалдарында мәтел-мақалдармен нақыл сөздерді кеңінен 
қолдана отырып, жақсылық пен жамандық, арамдық пен адалдық, заман, салт-сана, оқу-
өнер, надандық сияқты түсініктерді өзінің толғауларына негізгі арқау етеді. Ақын кейбір 
өлеңдерінде заманасының көлемінен шыға алмай, оны құдіретті жойқын күш санап 
адасады. Кейде ол көмек пен тіректі құдайдан сұрағандай да болады. Әйтседе, Нұржан 
Наушабаев дін фантазиміне көз жұмып соқыр сенуден аулақ. Ақын өзінің хал-қадырынша 
халқына адал қызмет еткісі келеді, бұл жолдағы кедергі күш - бай, болыстар мен жемқор 
ұлықтарды әшкерелеп отырады. Тілі негізінде жатық, көркем болумен бірге кітәби 
сөздердің де біраз әсері бар. 
Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрдің 
алатын орыны аса маңызды. Қазақтың және Ұлы дала белдеуін қазаққа дейін мекендеген 
қыр халықтары ауызша шығармашылығының әр түрлі ескерткіштерінде сақталған аса 


құнды мағлұматтарының тарихты қайта қалпына келтіру мүмкіндігі шексіз. Әдеби 
шығармашылықтың бір саласы және тарихи жадының қоры есебінде бұл білімдер 
көбінесе бір ұрпақтан екіншісіне ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың 
жалпы нобайы тарихи аңыздар мен әңгімелердің тұтас циклдарын, көпшілікке танымал 
эпикалық жырларды, мақалдар мен мәтелдерді, ал кейде тарихи оқиғалар мен оған 
қатысушылар туралы орынды айтылған қанатты сөздерді де қамтиды. Жоғарыда аттары 
аталған түрлі ауызша дәстүр деректерінің ішінде қазақ қоғамының өткен жолын жазуға 
Шежіре аса маңызды қызмет жасайды. Тым алыс емес заманда бір жағынан марксизм-
ленинизмнің методологиялық ережелерінің үстемдігіне, екінші жағынан біздің ерекше 
отаршылдық жағдайда, «кіші туыс» болғанымыз себепті, ұлттық дәстүрлерге деген 
көзқарасты нигилизм жайлап, ұлттық тарихымыздың қайнар көзі шежіре «кертартпа – 
клерикалды білім» ретінде ғылыми мәселе қатарынан шығарылды. Қазақстан тарих 
ғылымында Шежірені алыс қашықтықтан байқастау, кейбір тақырыптарды игермек ниет, 
насаб-нама, яғни ата тарату сызба- схемалары ғана бар. Көбіне-көп бұл жұмыспен кәсіби 
тарихнамаға еш қатысы жоқ адамдар айналысады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 
басында қазақ ортасынан талантты тарихшылардың жұлдызды шоғыры шықты (Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид, Нұржан Наушабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы және 
т.б.). Біз олардың тарихжазу дәстүрлері қыр тарихтану дәстүрінен бастау алады және 
оның жазбаға түскен жалғасы деп есептейміз. Осы аталған тарихшылар бірінші рет 
ауызша материалдарды жүйелеу үшін орасан көп еңбек жүргізді. Қазақ зияткер 
қауымының осы өкілдерінің қариялар арасында ауыздан ауызға тарап жүрген ауызша 
дәстүр мәтіндерін жазбаға түсіруін екі түрлі түсіндіруге болады, алдымен шежіренің 
қазақтың өзіндік санасы мен тарихи жадындағы өте маңызды қызметіне байланысты, 
екіншіден, қазақ шежіресінің Ұлы дала тарихының қайнар көзі ретінде баға жетпес 
ғылыми құндылығы. Жалпы біз шежірені үш деңгейден тұратын тарихи баяндау 
білімдерінің жиынтығы деп қарастырғанды жөн көреміз. Оның негізінде әр бір қазақтың 
өзінің 7 атасы туралы білуге қатысты ақпарат бар, оны жалпы көпшілікке білу заң. 
Осыдан кейін бұдан жоғарырақ деңгейде арнайы білім мен дайындықсыз болмайды. 
Себебі бұл деңгей рулар мен тайпалардың тарихы туралы білім, олардың арасындағы 
тарихтың әр кезеңіне қатысты қарым-қатынастар, жол тәртібі, түпкі аталар мен 
көсемдердің шығу тегі бар. Ал енді үшінші деңгейді құрайтын мемелекет тарихы, тіпті 
кейде тұтас тарихи кезеңдердің айнасы хан әулеттері мен жекелеген ұлы тұлғалар туралы 
тек ірі шежірешілер ғана баяндап бере алады. Осы аталған негізгі кешенде әлеуметтік 
және субэтникалық топтардың тарихына қатысты жеке таруларды да бөліп көрсетеуге 
болады. Осы құрылымдық топтау шежіренің функционалдық мазмұнын ашып көрсетеді. 
ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының соңына қарай М.Ж. Көпейұлы, Ш. Құдайбердіұлы, 
Н. Наушабаев т.б. тарихи мұрасын ғылыми талдау басталды. Осы кезеңде Рашид-ад-дин, 
Әбілғазы сияқты ХІХ соңы мен ХХ ғасыр басында қазақ тарихшыларына мықты әсер 
еткен шығыс тарихшыларының еңбектеріне бет бұрыс байқала бастады. Біз де осы планда 
өзімізді пионерлер қатарына қосамыз, себебі Шежіре тақырыбына зерттеу жасаған жас 
тарихшылар менің шәкірттерім еді. Осы диссертациялық жұмыстардан қазақ тарих 
ғылымында шежіре материалдарын кең көлемде игеру басталды деп айта аламыз. 
Жоғарыда атап өткендей ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда бола 
бастаған қазақ шежіресін қағазға түсіруде далалық элитаның жоғары білімді өкілдері 
тұрды. Осының дәлелі ретінде біз «далалық ауызша дәстүрдің» тамаша өкілі Нұржан 
Наушабаевтың шығармашылығына аздап шолу жасайық деп отырмыз. Өкінішке қарай 
бізге осы автордың бір ғана еңбегі белгілі. Көп заман тарих жанкүйерлеріне аты танымал 
болғанымен, мазмұны белгісіз болып келді. ХІХ соңы мен ХХ ғасырдың басындағы 
атақты ақын және философтың өлеңмен жазылған шежіре «Манзумат казакия» аталады. 
«Манзумат» араб тілінен аударғанда құрылым, құрылыс, яғни автор қазақ тарихының 
құрылымын баяндамақ болғаны деп жорамал жасауға болады. Автор қазақтың шығу тегі 
туралы жырын Библиялық тарихтан бастайды. Бірақ шығарманың бірінші жолдарында-ақ 


ақын қазақтың ежелден Шығыстық ел болғанымен, арабтан бөлек екенінен бастайды 
(«арғы зат нәсіліміз Ғажамнан біз»). Бұдан әрі автор қазақ шежіресінің аңыздық қаһарман 
Алаша ханнан бастау алатын негізгі арнасына түседі: Ал алтыншы атаң туды Аламан, 
Мекенжай отан етті сахарадан. Мұнан Алаш, Алаштан екі ұл туып, Сегіз арыс түрікпен 
болды осы арадан. Н. Наушабаевтың насаб-намалық схемасы бойынша қазақтың түпкі 
атасы Алаштан екі ұл туады: Сейілхан, Жайылхан. Сейілханнан сегіз арыс түркімен, 
Жайылханнан Орталық Азия түркілерінің генеалогиялық тізбелерінде ерекше орын 
алатын Майқы би. Н. Наушабаевтың «Манзұмат қазақиясында» көптеген эпонимдер (ру-
тайпалардың түп аталары) кездеседі, оларды этимологиялық талдау сөз жоқ тарих 
ғылымына өте маңызды деректер бермек. Мысалы жырдың мәтінінде Аламан аты 
(Алашаның әкесі ретінде), Өзбек , Сабиян (соңғысы Қазақ пен Созақың атасы 
Айырқалпақтың әкесі) аталады. Сөз жоқ бұл жалпы есім атаулар генеалогиялық 
конструкцияға қажетті қисын беретін өзекті қызмет атқарады. Жыр мазмұнына қарағанда 
Созақтан қарақалпақ халқы, ал Қазақтан үш жүздің аталары Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс 
тарайды. Жырда ең қызықты материалдар қыпшақтың шығу тегі мен аталарына қатысты 
тарауда орын алған. Автор қыпшақтың арғы аталарының ішінде Сұлым алып, Мүйізді 
алып, Абыз Сары, Қобыланды батырларды т.б. атайды. Қыпшақ тайпасының көне 
аталарынан тараған бұтақтарды (Кұлан, Қытай, Қара, Сары) атай отырып, автор олардың 
қатарына қыпшақтардың мысырлық тобын да («қыпшақ хариз») қосады, сонымен бірге 
қазіргі күні қазақ ішінде белгілі аталар да (Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Балық) бар: 
Жігітке ата білмек парыз деген, Мойнында жүрмесін қарыз деген. Мәккә - и - Мүкәрәма 
Шам жұртында, Бір шаһар һамма Қыпшақ Хариз деген. «Хариз» арабшадан аударғанда 
«жалдамалы жауынгер» яғни бұл жерде «кыпшак-хариз» деп автор бірнеше жүз жыл 
Мысыр елін билеген мамлюктерді айтып отырғаны сөзсіз. Орта Шығыста (иран тілдес 
ортада) мамлюк орнына «гулям» (күзет, күзет жасағы, телохранитель) термині көбірек 
қоланыста болған. Көптеген жылдарға созылған үзілістен кейін біз қазақ шежіресімен 
қайта қауышып жатырмыз. Бүгінгі күні бұл жұмысты өлкетнаушылар, жазушылар, 
журналистер, бір сөзбен айтқанда тарихи әуестенуші кәсіби емес адамдар атқаруды. Бірақ 
Шежіре туралы ой қорыту және тәпсірлеу бұл іске кәсіби тарихшылар мен этнлогтар 
кіріспесе мүмкін емес. Тек солардың еңбектерінің нәтижесі арқасында мыңдаған жылдар 
бойы жинақталған тарихи ақпараттардың тағдыры шешілді. Бұл ауыр еңбек өнімді жүру 
үшін, асқан төзімділікпен қазақ тарихтануы мен тарихжазуының дәстүріне терең 
бойлауымыз қажет. 
Дәріс №12 
Тақырыбы: Сәбит Дөнентаев, Мұхаметжан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров 
шығармашылығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет