Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет1/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
19-20



Дәріс № 1. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс (1800-1920 жж.) 
Дәріс № 1. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс (1800-1920 жж.) 
Негізгі сұрақтар:
1. ХІХ ғасырдың І және ІІ жартысындағы тарихи әлеуметтік жағдай 
2. Жыраулар поэзиясының ақындар поэзиясына әсері 
3. Зар заман ақындары және олардың көтерген басты тақырыптары 
4. Нәзира дәстүрі және кітаби ақындар 
5. Діни ағартушылық ағымның ерекшелігі 
ХІХ ғасырда Қазақстан жерін отарлау жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізілді: 
барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ 
хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық (округтық), болыстық, старшындық, ауылдық 
отарлық басқару жүйесінің енгізілуі т.б . Ресей империясының қазақ елін отарлау 
саясатына бағытталған ресми құжаттары жасалды: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), 
“Орынбор қазақтарының Уставы” (1824). 
ХҮІІІ ғ. аяғында Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ болды, олХҮІІІ – 
ХІХ ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұраларда көрініс тапты. 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы 
көтерілістер: Қаратай сұлтан /1797-1814/, Арынғазы сұлтан /1816-1821/, Исатай-Махамбет 
/1936-1838/ бастаған көтерілістер, олар әдебиет шығармаларда бейнеленді. Бұған дәлдел 
сол кезеңде шыққан тарихи жырлар. 
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс /1824-1847/ осы жылдар арасында 
жүргізілді,бұл қозғалыстаәдебиеттекөрініс тапты. Кенесары, Наурызбай және олар 
бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар дүниеге келді. Нысанбай 
жыраудың “Кенесары-Наурызбай”, Доскей Әлімбаевтің “Кенесары”, Жүсіпбекқожа 
Шайхисламұлының “Қисса Наурызбай төре” дастандары, Досқожа ақынның “Кенесары 
қоныстан ауғанда айтқаны” өлеңі, “Кенесарының өлеңі”, “Кенесары жырының бірнеше 
ауызы” атты халық өлеңдері, т.б. 
Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығының отаршылдығы ХІХ ғ. екінші жартысында 
күшейе түсті. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандықтарының 
басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер туындады: Есет батыр /1853-1859/, 
Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867, 1868, 1870 
жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының көтерілістері туралы тарихи 
жырлар дүниеге келді. 
Зар заман әдебиеті. 
Күні бүгінгі шейін зар заман ақындары төңірегінде айтылып жатқан жайлар аз 
емес.1932жылы С.Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге 
бөлді. 1. «Билер дәуірі», 2. «Орыс патшасына бағынған дәуір ». Сәбит Мұқанов 
Шортанбай дәуірін « зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді. Былайғы 
уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е. 
Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдарымыздың да 
арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды. 
Соңғы жылдары ғалым Мекемтас Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылығына 
қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынды. 


Мұхтар Әуезов 1927 жылға «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар заман ақындары» 
атты зерттеуінде зар заман ақыны кім, дәуірі қандай еді, көтерген мәселелері қандай 
дегенді нақты да дәлелді қозғаған-ды. Ол зар заман ақындары деген терминге бірнеше 
теориялық тұжырымды негіз етеді. М.Әуезов жүйелеуіндегі «зар заман әдеби ағымы» 
мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады: 
1.
Зар заман ақындары деп кімді айтамыз? 
2.
Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер? 
3.
Барлығының басын қосатын күй қайсы? 
4.
Көпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған? 
Бұл еңбекте М.Әуезов заман сарына терең үңіледі. Барша ерекшелік, өзгешелігін қамти 
айтады. Біздің, зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан бергі өмір 
тарихындағы зарды емес, дәл осы М.Әуезов атап беріп отырған, орыспен арадағы саяси 
ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет. Отаршылдық 
саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде , тарихтың белгілі бір беті 
ретінде көрінген тұсты бар сипат-өзгешелігімен тұтас қабылдап, оның әдебиетке түскен 
көлеңкесін көрсету. 
Зар заман ағымына :М . Әуезов ХІХ ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді: 
«Бұқар жыраудан соң ХІХ ғасырдағы зар заман ақындарының басы-Махамбет. Одан 
кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буын Абаймен тұстас 
ақындар». Нарманбет, Шернияз, Досқожа, Күдері-қожа, Ығылмандардың заманы Абылай 
заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап, ойға тартамын деп отыруға болмай 
қалған заман екенін ұғындырады.М. Әуезов жүз жылдық әдебиетті үш кезеңге бөліп, әр 
уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп 
отыр. 
1.
Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны-Бұхар заманы. 
2.
Ісшілдік- Махамбет. 
3.
Дін мен мәдениет-Ыбырай. 
Ресейдегі капиталистік қарым – қатынастардың дамуы Қазақстандағы табиғи байлық 
шикізаттарының көздерін игеруге ықпалын тигізді. Сауда-саттық кеңінен дами түсті. 
Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелер ашылып, олар 
қазақ өнерінің кең танылуына өзіндік септігін тигізді. 
ХІХ ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент, Қазан, 
Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандары 
ағартушылық қызмет жасады. 
Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындары /4-5 кластық 
қалалық училищелер, орыс – қазақ мектептері, гимназиялар/ Омбыда, Семейде, 
Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылды. 
Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу 
жұмыстарының екі жақты сипаты болды: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау 
саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет. 
Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның 
отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-
Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, 
т.б. Бұлардың еңбектерінің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық 
мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы бар. 
Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, 
И.А.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б. 


Қазақ әдебиеті тарихында әр кезеңнің өз ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді жасайтын 
тарихи сипаттар болады. XIX ғасыр әдебиеті қазақ қоғамындағы әлеуметтік ойдың көркем 
көрінісі бола білді. Ел тарихындағы маңызды оқиғалардың көбі осы ғасырда өтті: 
1) XIX ғасырдың бірінші жартысынан бастап Ресей патшасы қазақ даласын басқаруды 
толығымен өз қолына алды. 
2) Ресей патшасы арнайы бекіністер салдырды. Әскери шекаралық басқармалар пайда 
болды. Билікті негізінен осы бекіністер мен шекаралық басқармалар жүргіезді. 
3) Қазақ билігі бірте-бірте өз қолынан кете бастады. 
4) Биліктен айырылған жұрт атамекенінен айырылды. Ел ішіндегі билеушілер мен патша 
билігі тарапынан екіжақты қысымға түсті. 
5) Салық түрлері көбейді. 
6) Қазақ даласы округтерге (дуандарға) бөлінді. Округтердің (дуандардың) билігі 
сұлтандарда болды. Аға сұлтандарды отарлау саясатына көнетін, патша заңын 
орындайтындардан қойды. Отарлау саясаты халықты жерінен, бар байлығынан айырды. 
Рухани ұлттық құндылықтарынан да алыстата түсу мақсатын қойды. 
Патша өкіметінің әскери-саяси әрекеттері мен тауар-ақша қатынастары енгізілді. Бұл 
әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді. Малдың жайылуына қолайлы, шөбі шүйгін 
жерлерден айырылды. Қазақтар жаңа жайылым іздеді. Осындай негізгі тарихи жағдайлар 
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты тақырыбына айналды. Халықтың әлеуметтік, 
құқықтық теңсіздігі ел ішіндегі көтерілістерді тудырды. Исатай Тайманұлы бастаған Ішкі 
Бөкей ордасындағы 1836–1838 жылдардағы көтеріліс пен 1837–1847 жылдарғы Кенесары 
Қасымұлы бастаған көтеріліс дәстүрлі билігінен, өз еркінен, жерінен айырылған халықтың 
ашу-ызасы ғана емес, еркіндікке ұмтылған, тәуелсіздікті арман еткен жұрттың тілегі де 
болатын. 
Ел бостандығы үшін күрескер ерлер туралы сол кезде бірнеше шығармалар туды. 
Солардың бірі – «Исатай-Махамбет» жыры. Көтерілістің алғашқы басталған кезі 
суреттеледі. Авторы – Ы. Шөрекұлы. Кенесары жайындағы «Кенесары – Наурызбай» 
жырын Нысанбай жырау шығарған. Кенесарының қырғызға аттанған кезі жырланады. 
Аталған кезең суреттері тарихи материалдарда ғана емес, көркем әдебиетте қалды. 
Халықтың орындалмаған арманы, келешек тілегі болып жазылды. 
XIX ғасыр әдебиетін «зар заман» деп атау да қалыптасқан. Зар заман (скробные времена) 
– қоғамның бұрынғы қалыптасқан ұлттық қалпының өзгергенін жырлады. Халық басына 
түскен ауыртпалықты дүниенің соңы деп ұғынды. Жаңа саяси билікті ел басына төнген 
қауіп деп түсінді. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Махамбет, Сүйінбай, Дулат, 
Шернияз Қобылан Бөрібайұлы, Жанкісі ақын, Абыл Өтембетұлы, Жанақ Сағындықұлы 
көркем жырларымен Ресей патшасының отарына айналып, езілген халықтың жоқшысы 
бола білді. Халық көңіліндегі зар, нала, ыза, ашу, кек пен ертеңгі күнге сенім, арман, 
мұрат осы кезең ақындарының жырлары болып төгілді. 
XIX ғасырдағы әдебиет жыраулықтан ақындыққа бет бұрады. Жыраулық әдебиеттегі 
ақыл, үгіт айту, философиялық толғаулар қоғам жайын бар бейнесімен ашуға дәрменсіз 
болды. Заманның нақты суретін беру, қоғамның бар келбетін ашу міндеті жаңа бағытқа 
жол ашты. 
Бұл өз кезегінде «қарсылықты әдебиетке» әкелді. Бүгінгі қазақ тәуелсіздігінің алғашқы 
ұстындары сол кезде қалыптасты. Есе сұрар ерлерді тудырды.Ұлттың еркіндікке деген 
аңсауы, арманы бел алды. 


Дәріс №2. Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарлығасұлы 
шығармашылығы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет