Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
19-20

Қысқаша мазмұны:
Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бетбауыр бөктеріндегі Алматыға тиіп тұрған 
Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында 
дүние салған. Болашақ даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. 
Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде 
ақынның өзі де айтады. Ал ақын Кожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде: 
Сүйінбай он жасында қалды жетім, 
Жылаумен секпіл басқан екі бетін. 
Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен 
Алланың көрмеймісің құдіретін, – 
деп, Сүйінбайдың бала кезі туралы нақты дерек келтіре отырып, жетім баланың ақындық 
өнердің шыңына шырқағандығына таңданады. Белгілі бір адамның бойындағы басқаларда 
жоқ ерекше қасиеттері, соның ішінде ақындық өнері туралы да, халық: «тұқымында бар», 
«өлең (ақындық) қонған» дейді. Мұның мәнісі: тегінде – аталары немесе нағашыларында 
бар ақындық түптің-түбінде ұл-қыздарының біріне көшеді дегенді білдіреді. Сүйінбайдың 
13-14 жасында шығарған «Түс» деген өлеңінде осындай ойға бастайтын құбылыс 
жайында сөз болады. Шүйбек деген байдың қойын бағып жүргенде, бір күні түс көріп, 
ұйқысынан өлеңдетіп оянғанын ол қожайынына былайша баяндайды: 
Атыңнан айналайын Қызыр бабам, 
Түсімде таңға жуық келді маған. 
Білмеймін «өлең» – деді,»көген» –деді, 


Сайрауық құстар келіп төнді маған. 
Менің тұр қолды-аяққа тұрғым келмей, 
Қойды ғой қойыңа да қырғын келмей! 
Аузымнан түйдек-түйдек шыққан сөзді 
Не дейін сөз кестесі – өлең демей?! 
Сен маған ұлықсат бер, Шүйбек байым, 
Әйтеуір, тегін емес Сүйінбайың. 
Жын соқты ма, білмеймін, таңертеңнен 
Көңілім ұйқы-тұйқы құйындайын… 
Түс көріп, ақын немесе сазгер, т.б. болып ояну секілді жағдайлар болашақ өнер иелерінің 
өмірінде кездесе береді. Сүйінбайдың рухына табынумен өткен ұлы шәкірті – Жамбыл да: 
Өлең кірген түсіне 
Жөргегінде мен болам. 
Қинама, әке, қинама, 
Болмас енді зорлаған, – 
демей ме?! Тұла бойын өлең кернеп тұрған соң осылай деген де. 
Ал шыққан тегі жағынан келгенде, жыраудың арғы атасы Күсеп әрі ақын, әрі қобызшы 
болса, нағашысы Қабан Жетісудағы ақындық, жыраулық өнердің ірі өкілі болған. 
Сүйінбай бозбала кезінде жеті тәулік бойы сол нағашы атасының кешінен қалмай, ілесіп 
жүріп, батасын алыпты. 
Сөйтіп, Сүйінбай 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Баяғының неше алуан жыр-
дастандарын, аңыз-қиссаларын жиын-тойларда жатқа айтып, өз жанынан да шығарады. 
Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді өмір серік еткен жыраудың 60 жылдан 
астам уақыт бойы тоқтаусыз шығарған жыр мұрасы ұшан-теңіз болған. «Соққан желдей, 
аққан селдей» өрен жүйріктің ақындармен айтыстары, ел қорғаған ерлерге арнаған ұзақ 
жырлары, арнау, сықақ-сын, мінездеме, қағытпа өлеңдері, өмір туралы толғаныстары өте 
көп болған. Өкініштісі, соның бәрі біздің дәуірімізге түгел жетпеген. Ал бізге жеткен 
туындылары Сүйінбайдың табан астында тауып айтатын ғажайып тапқыр, сөздің реті 
келгенде «ешкімнің атағына бас ұрмайтын, басынан құс асырмайтын» әділ де турашыл, 
даңғыл да дана ақын болғанын көрсетеді. Сүйекеңді қазақ өлеңінің ғана емес, қырғыз 
елінің де атақты ақындары дара талант ретінде бағалаған. XIX ғасырдың екінші 
жартысында Жетісу жерінің өлең туын аспандатқан Жамбыл бастаған саңлақ таланттары 
Сүйекеңнің шәкіртіміз деп, ұлы ақынды пір тұтқан. Жамбылдың: 
Бата берген Сүйінбай, – 
Жырдың тіккен туындай… 
Ақындардың ақыны, 
Айдын көлдей ақылы, – деп ардақтауы сондықтан. 
Елдігіміздің аса маңызды нышаны – тұңғыш теңгемізде Сүйекең бейнесінің болғаны 
халықтың қадірменді ақынына деген зор сүйіспеншілігін танытса керек. 


Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын "Менің пірім – Сүйінбай, 
сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасыКүсеп Жиенқұлұлы (1701 – 
1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. "Өтеген батыр” жырын шығарып, 
"Мың бір түн”, "Шаһнама”, "Көроғлы”, "Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. 
Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, 
күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, 
мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік 
өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, 
Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде 
Жаманшал Сүйінбайға: "Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді 
екен. 
Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай 
көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын 
біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста 
ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. "Өтеген 
батыр”, "Саурық батыр”, "Сұраншы батыр”, "Жабай батыр”, "Қарасай батыр” сияқты 
толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен 
гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен 
жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып 
отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-
ақ <>i"Датқаларға”, "Үмбетәліге”, "Төрт биге”, "Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. 
өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік 
нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері ("Мақсұтқа”, "Қасымға”, "Болыстарға 
баға”, т.б.) сaқталған. 
2. Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір 
шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы 
терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-
айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды "айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. 
Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, 
толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, "Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым 
зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 
20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту 
комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті 
үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, 
этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған. 
1929 жылы алғаш рет "Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның "Апырмау, мынау 
жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген 
хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллинқұрастырған 
"Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) "Шапырашты Сүйінбай ақынның 
қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген.
3. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ 
шығармасы "Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық 
көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және1944 жылы орта мектептің 8-
сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген ("Сүйінбай 
мен Тезек төре”, "Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, "Кәрілік 
туралы”). 
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен 
айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз 
фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға 
болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық 


мұражайының әдеби қорында сақтаулы. "Ақын жырлары”, "17 – 19 ғасырлардағы қазақ 
ақындарының шығармалары”, "Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-
на кеңінен орын берілген, "Айтыс” жинағының 1-томында "Сүйінбай мен Тезек төренің 
айтысы” жарияланған. 
Сүйінбай ақынның "Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, 
тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге 
келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан 
түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде "Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен 
жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың "Кәрілік” атты өлеңі 
жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, 
аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. 
Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжандеген қыздары 
болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, 
қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы обласы филармониясы, сондай-ақ Алматы 
қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен 
аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. 
. Мұрат – жезтаңдай шешен-жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің 
алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына 
түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері, 
халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын емірене жырлап, аруағы асқан 
ержүрек батырларының образдар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты 
тамаша сөз тапқыш ақпа-төкпе, нағыз профессионал импровизатор. Заманасы артқан ауыр 
жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі. 
Ақын 1843 жыл Қазақстанның батыс өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде, Қарабау 
жайлаған беріш елінде дүниеге келді.Әкесі Мөңке – өз еліне аты мәлім дәулетті адам. 
Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі. Мұраттың 
әкесі ерте өліп, ол ағаларының қамқорлығында өмір кешіп, ер жетті. Кейінірек Мұрат елі 
жұтқа ұшырап, өзі адай ағайындарына барып, жан сақтаған. 
Мұрат – өзі өмір сүрген дәуірінің перзенті. Өскен орта, жасаған заман, қай ақынға да 
болсын алтын бесік, ұшар ұя талант талғамын, өнер өрісін, шығар биігін белгілейтін 
негізгі факторлар. 
Мұраттың ақындық ортасын сөз еткенде, оны өсірген қоғамдық құрылыс, әлеуметтік 
тұрмыс, туған ел жұртының салт-санасы, өмір құбылыстарын қарастыра зерттеу керек. 
Ата-баба дәстүрі мен ата мекенде өмір сүру, кең жайлау мүмкіндігі құрып бітіпті. 
Ақынның заман өзгерістері туралы түйіні осындай. Бұл қорытындыны Мұрат терең 
толғаныспен жырлай білді. Айтар ойын ашық та анық, әсерлі де әсем өлең жолдарымен 
кестеледі. Ақын шығармалары мәңгілік көркем туындылар қатарында кең тарап, қанша 
қысым көрсе де, ұмытылмай ел аузында сақталды. Ақын шығармалары кіші-гірім жинақ 
ретінде 1924 жылы Ташкент қаласында “Мұрат ақын сөздері” деген атпен Халел 
Досмұхамедұлының бастыруымен жарық көрді. 
Мұраттың өлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. 
Жақсы жерлерді тартып алып, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгені анық 
айтылады. 
Ақын қалдырған мұраларға көз салсақ, оның творчествосы кең арналы, сан-салалы білімді 
ақын тұрғысын танытарлық келеді. Оның шығармаларындағы негізгі сарын-таза халықтық 
әуен. Мазмұн жағынан бастан-аяқ ел мұңын, халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан 
фольклорлық сарынды сақтайды. Ақынның бала жастан алған тәлімі, көрген білгені, 


өмірден жіпке тізіп түйгендері-бәрі өзі өскен қазақтың қақ ортасынан тарамдалады. Бала 
жастан ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, халық ақындары қатарлы өсіп жетіледі. 
Халық творчествосы, ақындар поэзиясы болашақ ақынның талант көзін ашады. 
2. Мұрат айтысқа тым ерте, 15-16 жастар шамасында түседі. Алғашқы айтыстары, басқа да 
көптеген дүниелері бізге түгел жеткен жоқ. Баспа бетін көріп жүргені тек бес-ақ айтыс: 
Жаскелең, Балаораз, Жантөле, Тыныштық, Ізім ақындармен айтыс, тіл қағыс, дидарласу 
сөздері. Осылардың ішіндегі ең мәндісі-Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы. Бұл-екі 
ақынның әлеуметтік мәселені қозғаған жақсы диалогтары, өзінің тіл ұстарту үлгісімен де 
елеуге тұрарлық, ақындардың сөз тапқыш, ұтқыр, шешендіктерін таныта аларлық туынды. 
Мұраттың Жантөлі қызбен айтысында Жантөлі Сара ақын сияқты күйеуінің кемтарлығы 
себепті Мұраттан жеңіледі. 
Мұраттың айтыстары негізінен қайымдасу түрінде келеді. Қайым өлеңдердің жолдарын 
қайыра қолданады. Өзінің жаңа ойын соған жалғай салады. Қайым айтыс формасы, 
көбінесе, әзілдесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар. Мұратпен айтысқандардың 
біразы айтыстың осы бір халықтық түрін ұнатқан сияқты. 
Айтыс жанрындағы Мұраттың шығармалары – оның ақындық өнерге дағдылану жолын 
танытарлық және суырыпсалма ақпа жырау болғандығына куә боларлық туындылар. 
Мұрат шежіре-тарихқа жетік, өткен ғасырлардағы жыраулар мен батырлар жырларын 
жатқа білген. Әсіресе, Қазақстанның Батыс өлкесінің өткен-кеткені, жер, су мекені, атақты 
адамдары, шешен-жыраулары, тілінен бал тамған өнер иелері, ел қорғаған батырлары, 
бай-мырзалары, жақсы деген азаматтары – оның туындыларының алтын арқауы. Сыпыра, 
Асан, Қазтуған, Шалгез, Жиенбет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. тарихи 
адамдардың шығармалары бізге осы Мұраттың айтуы арқылы жеткен. Ескі ел тарихынан 
естіген, білген, түйгендерін шашау шығармай әсерлі де мәнді эпостық шығармаға 
айналдырып, өзі көзін жұмғанша халқы алдында сайрап өткен. Еңсесі түскен туған елінің 
көңілін көтеріп, ойын сергіткен. Мұрат сөздерін ел-жұрты сүйсіне тыңдап, бірі көзіне жас 
алып қасірет шексе, екінші тобы, бойларын жиып, ертедегі ер азаматтары ісіне қайран 
қалып, оларға еліктеп, ат арқасына қонып, тәуелсіздік ұранын көтерген. Сондықтан 
Мұраттың шығармалары-өз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының мұңын көтерген, 
тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған туындылар. 
Мұраттың толғаулары мен дастандарына тоқталсақ, олар:”Үш қиян”, “Сарыарқа”, 
“Қазтуған”,”Өттің бір қапы дүние”-өзара байланысты, әуендес, мазмұндас, сарындас 
шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдары 
бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, көңіл-күйі шертіледі. Халық 
басынан өткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі. 
Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі “Қарасай-Қази” жыры. Бұл – нағыз 
эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың жалғасып жатқан 
батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. Ата 
жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын өтей білулері, нағыз ел қорғандары мен 
арам ниет ездердің екіжүзділіктерін әшкерелейтін ұтымды оқиғалар, көркем көріністер 
жинақталған. 
Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау, хат, сын-
сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар, негізінен, ақын өмір 
сүрген кезеңнің шындығын, дәуір адамдарын, олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін 
бейнелейді. 


Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”, “Қарақожа 
болысқа” т. б. өлеңдері-қазақ еліндегі болыстық билікке, патшалық сайлауға наразылық 
ниетіндегі туындылар. 
Мұрат шығармаларын тізбектей жіктеп, талдау соңында айтарымыз-оның тілге шешен, 
тапқыр да алғыр ақын болғандығы. Оның шығармалары қамтымаған кезінің шындығы 
кемде-кем. Кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан қырлы саңлақ. 
2. Қазақ халқының қастерлейтіні, қадір тұтатынысөз өнерідесек, өздерінің 
шығармаларыменСыр елінің ғана емес, бүкіл қазақ жұртының руханият дүниесінен 
ерекше орын алатынСыр сүлейлерінің басында Базар жырау Оңдасұлы тұр (1841-1911). 
Базар жыраудың шығармалары Сыр өңірінен шыққан ақын-жыраулардың ішінен 
алғашқылардың бірі болып Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, 
Ә.Қоңыратбаевтардың назарын аударған. С.Сейфуллин «Бұхар жыраудан кейінгі қазақтың 
ірі жырауы –Базар жырау»-десе, М.Жұмабаев «Асса елдің қамын ойлаған, қалса өзінің 
ойына терең бойлаған»-деп Базар жыраудың суреткерлік қабілетін жоғары бағалаған. 
Базар жырауды атақты Тұрмағамбет шайыр Ізтілеуовтің өзі ұстазым деп ұлықтап өтсе, 
М.Байділдаев «Кеншімбай, Оңғар,Жиенбай, Жорықбай, Кете Жүсіп т.б. ақын, әнші 
жыраулар Базар жыраудың мектебінен үлгі алған түлектер»,-деп Базар жыраудың бағасын 
асыра түседі. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті классиктерінің бірі А.Тоқмағамбетовтің 
«Жыр күмбезі» романы Базар жыраудың өмірі мен өнерін қамтып жазылғаны және бар. 
Бұл романда дәстүрлі жыраулық өнердің қыр-сыры Базар жырау бейнесін сомдау арқылы 
ашылған.Базар жыраудың шығармалары Кеңестік кезеңде «Үш ғасыр жырлайды», «Бес 
ғасыр жырлайды», «Алдаспан», «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» жинақтары мен 
«Базар жырау шығармалары» (А., «Жазушы»,1986) кітабына енсе, егеменді ел болған 
тұста «Жәмиғы қазақ бір туған», «Назбедеу» жинақтары күйінде және «Сырдария 
кітапханасының» құрамында 1 том болып жарық көрді.Базар жырау бабамыздың 
дүниеден озған жылы зерттеу еңбектер мен мақалалардың барлығында дерлік 1911 жыл 
деп көрсетілсе, туған жылы туралы деректер әр түрлі. Мәселен «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы 
қазақ ақындарының шығармалары» (Алматы, 1862) деген еңбекте Базар жыраудың туған 
жылы 1842, С.Қазыбайұлының «ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті (Жыраулар 
поэзиясы)» (Алматы, «Полиграфия» ЖШС, Ақтөбе, 2004) кітабында 1842, «Үш ғасыр 
жырлайды» (Алматы, 1965) 1842, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық 
(Алматы, «Аруна» Ltd ЖШС) 1842, «Бес ғасыр жырлайды» (Алматы, 1984) 1842, «Екі мың 
жылдық дала жыры» (Алматы –2000) сынды кітаптарда 1842 жыл деп көрсетілсе, 
«Жамиғы қазақ бір туған» («Дешті Қыпшақ» баспа үйі, Алматы, 2008) ғылыми жинағында 
1840 жыл, Х.Сүйіншәлиевтің «ХІХ ғасыр әдебиеті» оқулығында 1939 жыл деп 
беріледі.2006-2009 жылдар аралығында жасалған 200 томдық «Сырдария кітапханасына» 
Базар жыраудың І томын қосқанымызда біз оның туған жылын 1841 жыл деп көрсеттік. 
Бұған негіз болған бірінші жырау мұраларын 20 жылдан артық уақыт зерттеп, 
насихаттаған, барлық жыр-толғауларын жатқа біліп, өз мақамымен домбыраға сүйеніп 
айтып жүрген, Базар жыраудың «Базар жырау» шығармалары деген атпен алғаш рет 
кітабын құрастырып шығарған Шәрібек Алдашов материалдары болса, екіншіден қазіргі 
уақытта Өзбекстанның Тамды, Үшқұдық аудандарында тұратын Базар жырау 
ұрпақтарының естеліктері еді. Солардың бірсыпырасында бабамыз Базар жыраудың 2011 
жылы 170 жасқа толатыны нақты деректерге сүйеніліп, дәлелді айтылады. Солардың бірі 
Науаи облысы, Кенимех ауданы әкімінің бірінші орынбасары Есбол Дастанұлы Текеев 
бізге жазған хатында өзінің бабасы Теке ақсақалдың «Базекең дүниеден 70 жыл жасап 
өтті. Мен 70-тен асып барамын» деген сөзді жиі айтып отыратынын, Тауелібайлықтардың 
2011 жылы Базар жыраудың 170 жасқа толуына орай арнайы қор ашып, іс-шаралар 
белгілеп жатқанын айтады.Базар жыраудың 1841 жылы туғаны жөнінде «Жұмадағы 
жүздесу» газетінде (No43. 28.10.2011ж) тарих ғылымдарының кандидатыЖұмамұрат 
Шәмшінің «Базар жырау» деп аталатын мақаласында айтылады. Мақала мазмұнына 


қарағанда автордың Өзбекстанда туып-өскенін, Қазақстанға кейін келгенін аңдау қиын 
емес. Осы мақалада «1991 жылы 27-29 мамыр аралығында Тамдыбұлақ ауданында Базар 
жыраудың туғанына 150 жылдық мерейтойы болып өтті» делініп, Базар жыраудың 1841 
жылы туғаны нақтылана түскен.Шынтуайтына келгенде, Базар жыраудың 1 жыл ерте не 
кеш туғанында тұрған еш нәрсе жоқ. Мәселе ұлы жырау, сөз саңлағы бабамыздың 
тұлғасын аты мен затына сай ұлықтауда емес пе?!Базар жыраудың әдеби мұрасы филолог 
мамандар даярлау барысында курстық, дипломдық жұмыстарға, магистрлік, кандидаттық, 
докторлық диссертацияларға зерттеу нысаны болып келе жатқанына да көп болды. 
Мысал үшін жыраудың «Әр кемелге бір зауал» толғауында адам, аң-құс, жануарлар 
бейнесі типтендіріле отырып, өмір құбылыстарының мәні ашыла түседі, дүниенің 
жалғандығы мен өткіншілігі, өзгермелілігі «батыр-бір оқтық, бай-бір жұттық» дегендейін 
ыңғайда жырланады. Желге жеткізбес жүйрік аң-кер құлан, назбедеу тұлпар, қыран 
бүркіт, бай мен батыр-Базарша айтқанда бәріне де зауал бар, мәңгілік еш нәрсе жоқ. «Әлі 
де сенде арман жоқ» делінетін толғауда да сондай «Көзі ақықтай сүзілген, Маржандай тісі 
тізілген, Келімі келген кермиық, Сағағынан үзілген,Белгілі ару қор болып-Кімдерден 
жылап қалған жоқ»,-делініп ару жайында, одан әрі тұлпар ат, батыр туралы айтылып 
кетеді. Образды ойлаудың бейнелілігі, көркем тіл дәстүрлі қазақ поэзиясын осы тұста да 
Базарлық анық ақындық қолтаңбамен байыта түскенін байқау қиын емес. Қазақ 
әдебиетінің дәстүріне өзіндік мәнерімен ендіріп жіберген осындай үздік үлгілі 
толғауларын Базекең одан әрі түрлендіре түседі. «Ел жақсыларында» Сыр өңірінің айтулы 
тұлғалары: Өткелбай сыпа, Бекетай молда, Құлбарақ батыр, Самырза, Көбек, Басықара 
билер, Бекмырза, Бәймен, Төртқара, Үмбеттер туралы жырланады. Әрқайсысының есіміне 
Сыр елінің әр жерінен жер-су атаулары берілген бұндай тарихи тұлғаларымызды жырау 
басқаларға үлгі ете жырлайды. Осы бағыт «Сұм дүниеде» одан әрі жалғаса түседі. Сұм 
дүниеден бәрі өткен: Олар-Әбілқайыр, Нұралы, Есім, Тәуке, Жәнібек, Абылай мен Жәңгір 
хандар, олар-баба түкті шашты Әзиз, Сейтпембет, Мағзам, Марал ишан, Софы Әзиз 
әулиелер, олар-Жабағы, Сыпа, Өтеген, Ақмырза, Қуан, Көшермен батырлар, олар-
Қазыбек, Төле, Әйтеке, Мөңке, Көбек, Өтетілеу, Сарытай, Тампыш, Мұрат, Киікбай 
билер, олар-Жанқожа, Есет, Қыстаубай, Қасым, Сейіл, Бұхарбай, Малайсары, Жантайлақ, 
Сәмет, Тоғанас, Қарадос, Өске, Бұдабай, Серәлі, Садыр, Орынбай,Шернияз, Шыман, 
Өтеген т.б. батырлар мен билер, ақындар мен жыраулар. Бұл айтылғандар –Сыр өңіріне 
ғана емес, бүкіл қазақ жұртшылығына танымал есімдер. Базар жыраудың ақындық 
орбитасының кең де кемелдігіне таң қалу өз алдына, осыншама тарихи тұлғаларды 
қамтып жырлау, олардың өмірін өзгелерге үлгі ете отырып толғану Базар жырауға дейінгі 
ешбір жырауда болған емес. Өз өлкесі мен елінің елеулілерінің есімдерін елеп, өмірлерін 
көркем шежіреге айналдыра отырып жырлау-Базар жыраудың дара қолтаңбасы. Бүгінгі 
сырбойылықтардың жоғарыда аталған есімдерге бей-жай қарай алмайтыны, ата-
бабаларының атын есітіп, жанын түлетіп, санасын жаңғыртатыны өнердің арқасы, Базар 
арқылы бізге жеткен мағыналы мағлұмат, құнды деректің әсері екенін айтуымыз керек. 
Аталған толғаулардағы осыншама адамдардың аттарының аталуы, оларға бірде тікелей, 
кейде жанама түрде болса да мінездеме, сипаттама жасалуы, сөйте отырып әділ биліктің, 
көшелі ой мен пайымды парасаттың, сұлулық пен батырлықтың, отансүйгіштік, туған 
жерге, елге адалдық т.б. адамгершілік қасиеттердің насихатталып отыруы Базар жырау 
тұсындағы толғау үлгілі поэзиямыздың өскен өрелі биігі, жеткен жетістігі болып 
табылады. Адамдық бітім-болмысқа, адамгершілік қасиеттерге қатысты нысанаға 
алынған, мысалға келтірілген кісі аттары, толғау кейіпкерлері бір қарағанда екінші 
жоспарда, негізгі мәселенің фонында ғана жырланып өтетіндей болып көрінгенімен, 
шынтуайтында бұндай ерекшелік толғау жанрының уақыт пен кеңістік алдындағы 
мүмкіншілігін молайта түсіп, өлең өміріне адам кейпінің, бейнесінің дендей түсуіне 
жағдай жасап отыр. Базар жырау өзі көтеріп отырған мәселенің мәні мен маңызын осы 
кейіпкерлерінің адамдық мінез-құлқы мен адамгершілік қасиетін ашу арқылы дәлелдеп 
береді. Дәл осындай жанрлық сипат толғаудың әдебиет туындысы тұрғысынан негізгі 


қызметі өмір мен адам танытушылық функциясын толық атқарып шығуына мүмкіншілік 
жасайды. Толғау өлең өміріне әдеби кейіпкерлерді молынан енгізе отырып, жанр жүгін 
деректі, нақтылы тарихи адамдар туралы айтумен ауырлата түсу-Базар жыраудың 
суреткерлік тұрғыдағы қазақ өлеңіне қосқан үлкен жаңалығы. 
3. XX ғасыр басындағы азды - көпті өлең жазып, кітап бастырған, ағартушылық бағыт, 
көзқарасты ұстанған, қазақ жырларының ақпа - төкпе ақындық дәстүрінен өнеге алған әрі 
ақындық шабытпен жүрегіне дін, инабаттылық мәселелерін, философиялық - ғибраттық 
ойларын еркін, келісті, қисынды жеткізумен жол тапқан көрнекті ақын, суырып салма 
айтыскер, қазақ жеріне шығармалары ең көп тараған ақындардың бірі – Кердері Әбубәкір 
Шоқанұлы(1861-1905). 
Әбубәкір өлеңдерінің негізгі тақырыптары: заман жайы, қазақ халқының бұрынғы, 
ақын тұсындағы хал – жайы, халыққа, замандастарына, кейбір жеке адамдарға уағыз, 
кеңес, оқу, ғылым, өнер, дін, мінез, қылық, өз ахуалы болып келеді. Бәрі де сол кездегі 
ақындар көп жырлаған азаматтық – әлеуметтік мәселелер. Соларды Әбубәкір де өзінше 
жырлайды. 
Бірақ Әбубәкірдің ой – пікірі, бағыт, көзқарасы толқымалы, біріне бірі қарама - 
қарсы, шытырман қайшылықты. Ол өзі сөз еткен тақырыптарының кейбірі, ең негізгісі 
туралы біресе олай, біресе бұлай деп, біріне бірі қайшы екі түрлі ой түйеді. 
Мысалы, өз заманын, қазақ халқының өз тұсындағы хал – жайын сөз еткенде, 
Әбубәкір оны біресе мақтайды. Әңгімені қазақ халқының Россияға қосылуынан бастап, ол 
өте орынды болды, қазақ халқы: 
Бағынған бұл патшаға әуел бастан, 
Әділдік табылар деп артын ойлап. 
Кіріпті Әбілқайыр заманында, 
Кеңдік бар деп осының ғаламында. 
Ойлағандай болды: патша өкіметі қазақ халқына кеңдік берді: қазір қазақтың 
жерін, елін қазақтың өз биі, болыстары, тілмаштары билеп тұр, патша өкіметі қазақ 
арасынан мектеп, медресе, школа ашты: қазақ балаларының оқып, білім алуына, ғылым, 
өнер үйренуіне жағдай жасады; патша әділ: ел ішіндегі жолсыздықты тыйды; патша 
өкіметі өнерін асырып, отарба, түрлі машина шығарды, қазақ соны пайдаланып, дәулетті, 
мәдениетті болып отыр дейді. 
Біресе Әбубәкір осының бәрін жоққа шығарады: қазір заман бұзылды, бұл 
заманның адамы, заңы, дәстүрі бұзылды; қазақтың жері тарылды, дәулеті сарқылды, - деп 
зарлайды: 
Заманым өтті, ел азды, 
Ел ішінде ер азды. 
Айдын – айдын сулардың 
Балығы кетіп, көл азды. 
Ойпаң – ойпаң жерлердің 
Оты кетіп, жер азды... 
Еділ, Жайық екі су 
Ел қонуға тар болды. 


Әбубәкір Ресей империясының отарлау саясаты ықпалымен адам мен заманның 
аузын, озбырлық пен араздықтың кең етек алуын өзінің «Заманның опасыз халіне айтқан » 
өлеңінде ашына толғайды. 
Жалған сөз азаматқа болды оңай, 
Замана болды, халқым, әлде қалай? 
Сөйлемей тілін тістеп отырмасаң, 
Аузыңнан жалғыз шыққан кәләм сөзің 
Кезеді бір сағаттан тоқсан тоғай 
Құдайым өзі сақтап оңғармаса, 
Болып тұр бұл замана судай ылай. 
Кеуледі халықты өтірік өсекпенен, 
Кісі жоқ күнә қылған есеппенен. 

Осы ретте Әбубәкірдің әлеуметтік – азаматтық әуендегі өлеңдерін өз замандастары 
болған Шортанбай, Мұрат, Дулат ақындардың өлеңдерімен салыстыратын болсақ: 
Жауға шабар ерің жоқ 
Сарқадай болып сайланып... 
Жеріңнің алды шұрайын, 
Дуан салып жайланып. 
Датыңды айтсаң орысқа, 
Сібірге кеттің айдалып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет