Қысқаша мазмұны:
1. Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897) - 1834 жылы қазіргі Ақмола облысының
Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде
қайтыс болған. Ол бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне
айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан сынды өнер
иелері - Біржан салдың ұстазы. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың
композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал -
қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз
шығармаларымен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума,
Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның
атақты ақын-әншілері Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін
жалғастырған және ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржан жас бала кезінде
ауыл молдасы Жақыптан оқып, қадімше (ескі араб әріпінде) хат танып, сауатын ашады.
Әрі қарайғы уақытта Қожағұл би жеті жасар немересі Біржанды арнайы апарып, өзінің
бұрынғы қонысы Бүркеу жақтағы Болатнай медресесіне оқуға береді. Ол қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысының Преснов ауданындағы Ново-Рыбинка селосының орнындағы қазақ,
татар, орыс халықтарының өкілдері аралас тұрған қалашық. Оның маңында үлкен
жәрмеңке болған. Біржан сал онда медресені ашқан иесі, әрі сол медреседе дәріс беретін
ұстаз Керей Иманғабит Ырғызбекұлының үйінде 1831-1835 жылдары тұрып оқып, оны
тәмам етеді. Біржан Қызылжар медресесін де өте жақсы оқып, бітірген. Ол Болатнай,
Қызылжар медреселерінде оқып жүргенде, араб, парсы, көне түрік тілдерін үйренген.
1841-1842 жылдың қысында белгілі әнші-ақын, атақты батыр Сегіз сері Баһрамұлы өз
тобын бастап барып, Омбыда қолөнермен айналысады. Қожағұл қазы сүйікті немересі
Біржанға өзі рұқсат етіп, атбегілік пен құсбегілікті және басқа да өнер түрлерін үйрену
үшін оны Сегіз сері тобына қосады. 1842 жылы жазда Біржан ақын атасы Қожағұл биден
өнер жолына біржолата түсу үшін рұқсат сұрап, батасын алады. Біржан он жеті жасында
Көкшетау дуанының сол кездегі аға сұлтаны Атығайдың Құдайберді руының Аңдағұл
әулетінен шыққан Зілғара Байтоқалұлы мырзаның ортаншы қызы Балқаш сұлуды алады,
оған арнап «Ғашығым», «Балқаш» атты әндерін шығарады. Біржан - қазақтың әншілік-
орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске
көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның
неше алуан оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік
сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі - «Біржан
сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык
атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен»,
«Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы
биік, сыршыл шығармалар. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген
Біржан салдың наразылығы, өкініш үні тіпті, оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған
«Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен
жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері,
өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салдың әншілік,
ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу
Мұса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән
шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы,
насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салдың ізін қуған
осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес
заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков,
М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-
орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-
композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан
мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты
ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел
ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жоқ. Біржанды
«жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын
тартқызады. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де
жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М.
Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан-Сара» операсын
жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ
композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын
Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150
жыл толуын салтанатпен атап өтті.
2. Өлеңге қүмар жас тар аяда қалмай, ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел
тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды. Осы
әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге
ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салтдәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға
айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ
әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді
әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді.
Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған
шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара
береді.
Баласы Қожағүлдың Біржан салмын
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сүңңар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дүшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дүшпан сезі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас үрмаймын, -
деп ақындық қуатынық зорлығын, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен
жогары әуенменен айтады. Осыданақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын сөзін
өдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол ңазақ даласындағы біріккен,
тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын
қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.
Аты жоқ қүс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш үйықтасам бар ма менің,
Айырылып сені сәулем кетет деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Әй, көкек, үшып барып білші жайын.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып
Көкектеп бос жүргенше секең ңағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел үшып барып.
Бұл жырында аңын сағынған сүлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен
үшңан қүсңа мүңын шағып айтады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты
мол. Өзіміз айтқандай Біржан Қожағүлдың бауырында, соның қарауында өседі.
Үсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арыз жетпес бір қүдайға.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Түрлыбайға, -
деп өзінің бір өлеңінде айткандай атасы Қожагұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан
жас кезіненақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен,
музыканы, әнді, домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді. Егер ауылға келген әлдебір
әнші, я болмаса күйші болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын
тыңдауға, түгел тауысып үғынуға тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән
мен жырдың думаны болып жатса сол маңға тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана
әнге емес, салсерілікті де үнатады. Сүлу киім, жүйрік ат, алғыр тазы, ңиырдағыны шалар
ңыран ңүс осының бәрі Біржанның бала шаңтагы үнатқан ңүмарлығы болады. Жас кезінде
«әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге де жетеді. Ол ел аралап
жүріп, жүрт аралап жүріп ңазақтың осы бір ешкімге үқсамайтын өнерінен өзегі қанып
ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Сарыарңаны тербеткен ғажап дауыс, сүлу бейне,
көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын өзгеден биік көрсетіп,
ңандай жағдайда кім болмасын басын бүрып қарайтындай, мынау Біржанау дейтіндей
дәрежеге өкеледі. Аздаған уақыттың ішінде Біржан жүртқа танылып, яғни Біржан әнші,
Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды. Бізге Біржанның қалай
әнші болгандығы жөнінде, ңала берді кімдердің жолымен жүргендігі, кімдерден дөріс
алғандығы беймағүлым. Демек, біз Біржанның әрбір әні қалай туғандығына қарап қана
оның шығармашылық жолын байқай аламыз. Біржаннын, оқыған мектебі, әншілік мектебі,
қала берді өскен ортасы, алғашңы ән салыстары мен домбыра қағыстары бәрі Алаштың
ішінде, қазақтың ішінде болғандығы мағлұм.
3. Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы
облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын
көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым
ауыр да күрделі. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен
жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер
тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық
өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген
Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай
баласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін
естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Басы дауға түскен
ақын қыздың бұл жайы «Тұзақ» атты дастанында суреттелген. Бірақ бұдан Сараға
жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп
алуға келісуімен тынады. Осылайша қаршадайынан басы дау-шарға түскен ақын қыздың
бағының ашылуына осы кезде, 1906 жылы ойламаған жерден найман елін аралап, серілік
жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдында онымен айтысуы
үлкен себепші болады.
Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінінің
өз қолдарынан сусып, шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы
шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының
арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге
тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай
күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан
жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да
келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын
білдіреді. Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің
зардабын шегіп, қайғы-мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып,
жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады. Сара Тастанбекқызының
Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс
өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Сөзге тапқырлығымен, кесіп айтар
шешендігімен елді сүйсінткен, айтыс өнерге әбден төселген Сара Арсалаң, Ниязбек сал,
т.б. ақындарды өнер жарысында жеңген. Оның жастайынан ақындық жолын ұстағанына
«Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем, Келемін бір сүрінбей жалғыз қара» деген өлең
жолдары дәлел. 1889 жылы Ә.Найманбаевпен, 1900 жылы Төребай Есқожаұлымен
айтысқан. Ақынның «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры»,
«Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ»
атты дастаны бар. Сара шығармашылығында «Тағдыр тәлкегі» дастанының орны ерекше.
Шығармаға ақын қыздың өмір жолы негіз болған, бостандыққа қол жеткізу жолындағы
күресі жырланған. Лирикалық өлеңдері көбіне өз тағдырын, жеке басының мұң-зарын
арқау еткен және нәзік лиризм мен ой-толғаныстарға толы. 1993 жылы Т.Қалилахановтың
«Ақын Сара» атты кітабы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Талдықорған қаласында,
Алматы облысының Ақсу ауданында ақынға ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ туып-
өскен жерінде мұражай ашылған. Дереккөздері: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том
«Тарихи тұлғалар» кітабы. Әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық
өлеңдері: «Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң», т.б.
Табиғат тақырыбындағы («Шымылдық») өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер
толғаныстарының мәні.
Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның
әлеуметтік мәні («Арсалаң алдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол елім»).
Ақынның Біржан сал мен айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық
тағлымы. «Төребай мен Сара» – қыз бен жігіт айтысы мазмұнындағы ақындық өнер
сайысы.
4.
Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі
жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы
айтыстың екі түрін де (қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы) толық қамтиды. Бір
жағынан, бұл шаршы топта сөз таластырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың
дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақынның да айтысының
үлгісі болып саналады.
Біржан да, Сара да – көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы
бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897
жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түскен
табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, әнші ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады. Ел
аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Арқаның ардагер әнші-
композиторлары Жарылғапберді, Ақан, жаяу Мұса, Балуан Болақ, Естай сияқты
өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан көптеген ән шығарды. Оның
«Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Адасқақ», «Жамбас сипар» сияқты әндері –
қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.
Біржанның басқалардан ерекшелігі – ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның
даңқы – әуелде әнмен жайылған адам. Бірақ ол – әнді әрі шығарушы, әрі тамаша
орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Біржан
мен Сара айтысындағы асқақ, өр сөздердің түп-тамыры да осы қысқа-қысқа ән
мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы – бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша
сүйсініп тыңдайтын өлеңі болады.
Сара Тастамбекқызы бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. «Тұрмыстан
туысымен таяқ жедім» деген Сара жастайынан әкесі қайтыс болып, жоқшылық тақсіретін
тартады. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды.
Сара талай белгілі ақындармен сөз сайысына түскен, талай жүйріктерге алдырмаған.
Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі. Айтыста феодалдық заманның
қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі
суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста сол
қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі. Біржан Сараның осындай
аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқын
еткен дін тұзағына да наразылығын білдіреді. Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы
болса да, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, өз рубасыларын, би-болыстарын
дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі. Соның өзінде де Біржан сөздерінде
жаңа бағытқа аз да болса талпыну бары байқалады.
Халық айтыстары, негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін
табуға құрылады. Бұл әдіс Біржан мен Сара айтысында да бар. Біржан Сараны сүріндіру
үшін оның күйеуінің нашарлығын тілге тиек етеді. Ақыры, сол Жиенқұлдың айналасынан
ұзатпай, Сараны жеңеді. Екеуі де айтыста өздерінің адамгершілік, ақындық сипаттарымен
көрінеді. Біржан да, Сара да – үздік өнер иесі. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді
қапысыз тани біледі. Өлшеусіз талант, әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің
көркемдік жағынан бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік
жағынан, көркемдік, сұлулық жағынан да қазақ әдебиетінің төрінен орын алады.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің
маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі —
Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері
кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң
Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына
түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді,
“40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман
қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу
үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі
Тінәлі қызы Ұрқияға
Ақан серінің “Хат
жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған
сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің
шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”,
“Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы
(80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында
ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі
қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш,
үміт-сезімі тебірене жырланған. Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан
жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп,
бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны
әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді.
“Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі —
“Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір
тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән. 90 жылдардағы Ақан
сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс
өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай,
Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған.
Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ
қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді
қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді. Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан
айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де
өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-
Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері
мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,-
деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады.
Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған
өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка
селосы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге
түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде
жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай)
Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында:
“Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан
салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол
заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде
иман тілейді. Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының
асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-
орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы
ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа
кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің
жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық
меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады.
Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді.
Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды
жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен
достасады.
Балуан шолақ
,
Жаяу Мұса
,
Естай
,
Иман Жүсіп
,
Құлтума
сияқты атақты ақын-
әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік
өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік
талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп,
дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен
музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі
орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер.
Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген.
Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик.
және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық
тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір
шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының
қанықтығы. Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және
махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары
туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның
стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі,
интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен
қайырымдарының ұзақтығы. Шығармалары
2. Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”,
“Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата
көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал
бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп
көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына,
қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”,
“Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі
бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері
басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі”
экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға
шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол
қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның
әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің
өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі
әншілер
Ә.Қашаубаев
,
Ж.Елебеков
, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды.
Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен
енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс
Жансүгіров “Құлагер” поэмасын,
Ғабит Мүсірепов
“Ақан сері — Ақтоқты”
драмасын
,
С.Мұхамеджанов
осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын
жазды.
Ақтоқты
есімі
Ақан
шығармаларынан кең орын алды. «
Ақ көйлек»
, «
Аужар»
,
«
Алтыбасар»
, «
Ғашық жарға»
, «
Тағрипың»
, «
Ж-ға»
– Ақтоқтыға
арналған
махаббат
толғаулары. Құлагердің мерт болуы (
1880
-жылдардың ортасы) да егде
тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын
көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр
саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «
Ақтоқты»
, «
Алтыбасар»
, «
Тер қатқан»
,
«
Мақпал»
, «
Балқадиша»
, «
Сырымбет»
, «
Майда қоңыр»
, т.б. әндері әйел жанының
сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де
құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы
махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де.
Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран
құстарына арналған «
Маңмаңгер»
, «
Қараторғай»
, «
Көкжендет»
, «
Құлагер»
әндерінде
Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз
мұңмөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-
өлеңдерінің елеулісі – «
Балқадиша»
.
1890
жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір
орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген
азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан
айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады.
1913
ж. Ақан өзінің туған
жерінде дүние салды.
Ақан сері
– өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған
заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен
танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан
сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі –
әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды
жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады.
Балуан шолақ
,
Жаяу Мұса
,
Естай
,
Иман
Жүсіп
,
Құлтума
сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған.
3. ХІХ ғасырдағы қазақтың әйгілі сері, әнші , ақын, композитор сегіз сері- Мұхаммед-
Қанафия Баhрамұлы Шақшақов туралы соңғы жиырма жылдай уақыт көлемінде аз
айтылған жоқ. Ән мұрасы, шығармашылық ғұмырбаяны халқымыздың өнерпаздық
тарихынан ұзақ жылдар бойы түрлі себептермен қағаберіс қалып келген Сегіз жайлы
ғалым Төлеш Сүлейменов, жазушы Нәбиден Әбутәлиевтер жеке жинақтар шығарды.
Белгілі өнер зерттеушілері, әдебиет мамандары, тарихшы, ақын-жазушылар І. Жақанов, Б.
Тоғысбаев, Е. Жақыпов, Қ. Биғожин, Р. Отарбаев, И. Кенжалин т.б. Сегіз сері өміріне
байланысты түрлі байламдар айтты.Сегіз сері 1818 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысының Жамбыл ауданына қарасты „Благовещенский” кеңшарының жеріндегі
Гүлтөбе-Маманайда Баhрам батырдың отбасында дүниеге келген. Шежіре арқылы жеткен
деректерге сүйенсек, Мұхаммед-Қанафияның (Сегіз серінің шын аты-жөні) Сегіз сері
аталуының өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, мұхаммед-Қанафия сегіз жасында
әкесі, ағасы Шағырай салмен және Жанат серімен бірге аңға шыққанда тайға мініп ере
шығып, сол арада ағасы оқтап берген шиті мылтықпен алдарынан қашқан бір киікті атып
құлатады. Содан сегіз жасында киік атып алды, мұңын аты Сегіз болсын,- деп , ел-жұрт
солай атап кетеді. Екіншіден, Мұхаммед-Қанафия жас кезінен-ақ сегіз қырлы, бір сырлы
өте өнерпаз жігіт болып өседі. Әнші , ақын, күйшілігімен қоса палуан, саятшы, атбегі
және он саусағынан өнер тамған шебер болады. Осындай өнерпаздығына тәнті болған ел
оны Сегіз сері атап кетеді.Әке-шешесінен жастайынан айрылған Мұхаммед-Қанафия
атасы Шақшақ пен әкесінің інісі Жанат серінің тәрбиесінде болып, қомқорлығын көреді.
Жас кезінде ауыл медрасесінде оқып хат таныған Сегіз серінің ұстаздары Имамғабит сері
мен өз ағасы Көрпеш Бұхара шаhарында білім алған ғұлама молда, әрі белгілі әнші,
ақындар еді. Ұстаздарынан ескіше хат танып араб, парсы, шағатай тілін, әдебиетін
үйренумен бірге әншілік пен ақындықтың да үлкен мектебінен өтеді.
Атасы Шақшақ Көжекұлы немересінің болашағын болжап, 1828 жылы Омбы қаласындағы
Сібір қазақ орыс әскери училищесіне беріп, онда алты жыл оқытады.Мұндада ол
мұсылман оқытушыларынан қазақ, шығыс әдебиетінің үлгілерімен және
қиссадастандармен тереңірек танысуға мүмкіндік алады. Сегіз серінің халық арасындағы
беделін патша шешенуніктері өз мақсаттарына пайдаланғысы келеді. Бірақ олардың арам
ойын , теріс пиғылын сезген Сегіз сері мұндай қызметтен үзілді-кесілді бас тартып, өз
халқының алдындағы абыройын шен-шекпенге айырбастамайды. Ел аузындағы ескі
әңгімелерді, аңыздарды, тарихи оқиғаларды негізге ала отырып, Сегіз сері „Қыз Жібек”,
„Айман-Шолпан”, „Ер Тарғын”, „Шора батыр”, „Ер Сайын” секілді ұзақ қисса-
дастандардың өзіндік нұсқасын жасағаны, жырлағаны бұл күнде тарихи деректерден
белгілі болып отыр.
Сегіз серінің шығармашылық ғұмырнамасының диапазоны өте ауқымды және халыққа
жақын. Мәселен, Көтібар батырды жоқтауынан, Исатай-Махамбет көтерілісін қолдап,
бірге болуынан, дем беруінен серінің қайда жүрсе де қарапайым халықпен бірге
болғандығын аңғарамыз. Исатай мен Махамбетті өзіне аға тұтып қадір қадірлеп,
ерліктерін жырға қосқан.
„Еділ-Жайық берекелі жер екен ғой,
Байұлы бақыт қонған ел екен ғой.
Алтынның қолда барда қадірі жоқ,
Исатай асқар таудай ер екен ғой”,
-дейтін жолдар Сегіз серінің құлашы кең, ауқымды „Исатай-Махамбет” дастанының бір
үзіндісі ғана. Сегіз сері Исатай мен Махамбетке арнап „Қос қыран” атты күй де шығарған.
Сегіз серінің әншілік, ақындық ғұмырнамасы ұзақ жылдар бойы зерттелмей келгені
шындық жайт еді.
Бір өңірдің ғана емес бүкіл қазақ халқының майталмен әнші-ақыны, сал-серісі, қол
бастайтын батыры, сөз бастайтын шешені Сегіз серінің мұрасы бүгінде жинақталып,
зерттелу үстінде. Бұл игілікті іске азды-көпті өз үлестерін қосып келе жатқан
әдебиетшілер Қ. Мұқамеджановтың, Ж. Бектұровтың, З. Қоспақовтың, А. Сатаевтың,
Е.Жақыповтың,М.Жарқұмедовтың, И. Кенжалиевтың, Н: Әбутәлиевтің, Қ. Биғожиннің,
Қ.Мәдібайдың еңбектері айғақтай түседі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген
қазақтың айтулы әнші-ақыны, сал-серісі, сазгері, палуаны Сегіз серінің әдеби мұрасының
бүгінгі, келер ұрпақ үшінгі тәрбиелік мәні зор болып қала бермек.
Сегіз серіні бүгінгі үрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа
жүгінсек, ол — қазақ сал-серілерінің атасы.
Шығармашылық өмірі
Соғыс өмірі "
Қашқын келбеті
" деген дастанында өлеңмен
баяндалған.
Ақмешітке
келген соң
Арқадан
Сыр
бойына қатынап жүрген адамдар арқылы
елдегі атақты болыс-билерге сөз салады.
Омбы
генерал-губернаторына беделі өтетін ага
сұлтан, билердің көмегімен кешірім
алып,
Солтүстік
Қазақстандагы
қазіргі
Жамбыл
ауданына
қарайтын
Гүлтөбе
Маманай
деген жердегі ата қонысына келеді. Көп ұзамай өзі
қалаган
Ырысбике
деген қызға үйленіп, балалы-шағалы болған.
Серілік, салдық туын
тігетіні де осы кез. Бозбала шағында
Біржан сал
,
Жаяу Муса
, Үкілі
Ыбырай
,
Нүржан
Наушабаев
,
Ыбырай Алтынсарин
тағы басқалар Сегіз серіден әр түрлі өнер үйреніп, бата
алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да — солар. Көп шәкіртінің бірі
Жаманқүл
Дәндібайүлы
; "'Елу бес өнін Сегіздің өзім елге тараттым", "Қырық бес күйін Сегіздің
тартып бердім әр жерде", "Тарап кетті халыққа жүзден астам..." — деп жырлаған. Соған
Караганда Сегіздің біз білмейтін әндері көп, талайы бүрынғыша "халық әні" делініп
немесе басқа сал-серілердің қанжығасында кеткен тәрізді. Ал күйлерін зерттеген ешкім
жоқ. Оның "Ер Исатай", "Жорық", "Қашқын келбеті", "Өкініш", "Ақылсыз шаһзада",
"Ақбүлақ" атты жыр-толгаулары, дастандары Ғылым академиясының қолжазба қорында
жатыр. "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Қозы-Көрпеш — Баян сүлу",
"Қамбар батыр" сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нүсқаларын Жүсіпбек
Шайхысламүлы Арқа жақты аралап жүріп, хатқа түсірген де, Қазанда өз атынан
бастырған.
Сегіз-сері, Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов – атақты ақын, әнші-
композитор, ұлт-азаттық көтерілісінің батыры. Гүлтөбе-Маманай қонысында дүниеге
келген (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селосы). Сегіз
серінің он жасынан бастап әншілік, ақындығымен аты шыққан. Ескіше, орысша білім
алған. Қызылжар медресесінде оқыған.
Халық арасына оның «Үкілім», «Топқараған»,
«Көкем-ай», «Қарагөз» (1-ші түрі), «Ғайни-қыз», «Жылы ой», «Әйкен-ай», «Гауһартас»,
«Мақпал», «Бозшұбар», «Қалқаш», «Қарғаш», «Бесқарагер», «Назқоңыр», «Ақбұлақ»,
«Ақерке», «Ақбақай», т.б. әндері кең тарады.
Сонымен қатар Сегіз сері «Ғұмыр», «Әсем арман», «Туған жер», «Қыз келбеті», «Қыз
сипаты», «Қашқын келбеті», «Мұхит-Жамал», «Шолпан қыз», «Дүние-ай», «Не ғаріп»,
«Туысы жақсы қандай-ды», «Мұхит-Жамал», «Ғайнижамал», «Сайра да зарла қызыл тіл,»,
«Көрініс», т.б. өлең-жырлар шығарды.
«Ер Сәтбек», «Ер Жасыбай», , «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қозы-
Көрпеш-Баян сұлу», т.б. тарихи, лиро-эпостық жырларды айтумен қатар, Шығыс
тақырыбында ғашықтық сюжеттерді де өз бетінше жырлаған. Ә. Марғұлан өзінің «Ежелгі
жыр-аңыздар» атты еңбегінде (1985, 331б.) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының бір
нұсқасын Сегіз сері қағаз бетіне түсірген дейді.
Сегіз сері шығарды деген «Тұлпар», «Қос қыран», «Алмас қылыш», «Көк найза»,
«Семсер», «Болат қанжар», «Садақ», «Ақ түйе», «Бозжорға» деген күйлер халық жадында
сақталған. Біржан сал, Жаяу Мұса, Кемпірбай, Базар жырау Ӛтемісұлы сияты белгілі
айтыс ақындары Сегіз серіні ұстаз тұтқан.
Нұржан Наушабаев Сегіз серіге арнап «Ер сегіз» атты дастан жазған. Жаяу Мұса
Байжанұлы да оған «Ер Сегіз» толғауын арнаған, бірақ оның бізге үзінділері ғана жеткен.
Сегіз серінің бірқатар шығармалары ҚР Ұлттық Ғылыми Академиясының орталық
ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы.
Әдебиеттану ғылымы аясында Сегіз серінің шығармашылығы туралы айтыс-тартыстар
күні бүгінге дейін орын алып отыр.
Кемпірбай Бөгенбайұлы (
1834
-
1895
),
ақын
,
әнші
.
Арғын
тайпасы
Қаракесек
руы Таз
Наманай бөлімінен шыққан.
«Бөгембай – әкем аты, мен – Кемпірбай,
Өзге ақын мен сөйлесем, тұрар былай»,
– деп жырлаған қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар дүлдүл ақын, ХІХ ғасырда
ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтаңгері Кемпірбай Бөгенбайұлы 1834 жылы Қарқаралы
ауданына қарасты Арқалық тауларының баурайында дүние есігін ашыпты. Таяуда
ақынның туған жері Тәттімбет ауылдық округінің орталығы – Арқалық ауылында ақынға
арнап мемориалды тақта орнатылды.
Қу, Балқантау, Қарқаралы өңірінен талай жақсы мен жайсаң шыққаны тарих-шежіреден
белгілі. Олардан қалған саф алтындай маңызды мұралар ықылым заманнан бері уақыттың
дегеніне шыдас беріп, өміршеңдігін жоймай, нешеме ұрпаққа рухани азық боларлықтай
құндылығын жойған жоқ. Ел арасында «Нар Кемпірбай» атанып кеткен атақты дәулескер
ақын Кемпірбай Бөгембайұлының да сол саңлақтар ішінде алар орны ерекше. Әйгілі жыр
сүлейлері Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай ақындар айтысымен танымал Кемпірбайдың
есімі мен шығармашылығы кешегі кеңестік кезеңнің тұсында насихатталмай, есімі
елеусіздеу қалып қойған болатын. Қоғам ішіне жік салып, байды даттап, кедейді жақтаған
кеңестік идеологияның біржақты да тұрпайы саясатына ұлттық айтыстың қоржынына мол
олжа салған ақын мұрасының керек болмауы заңды да еді. Бірақ айтыс өнерінің жарқын ө-
кілі, ел ақынының мол мұрасы жылдар тасасында қалғанымен, халық жадынан біржола
өшкен жоқ. Заман өзгеріп, уақыттың беталысы ұлт пайдасына қарай ойысқаннан кейін,
өзгеше өріс тапқан жаңа өмірде Кемпірбай ақын елімен қайта қауышты.
Соның бір дәлелі – баспасөз бен зерттеу еңбектеріндегі ескіні жаңғыртып, қайта жан
бітірген құнды деректер десек, ендігі бір жарқын белгісі – өткен аптада ақын өзі дүниеге
келген іргелі өңір – Арқалық ауылында ақынға арнап ескерткіш тақта орнатылды.
Ауыл халқы мен алыс-жақыннан келген ағайынның басын қосқан шара ауылдық округтің
әкімі Ербол Жоламанның алғысөзімен ашылды. Ел өміріне соны серпіліс әкелген
шараның мән-маңызына тоқтала келіп осы іске мұрындық болып, мемориалды тақтаны
дайындап әкелген, осы ауылдың тумасы, астаналық, бір жылдары Егіндібұлақ, Қарқаралы
аудандарының әкімі болған ел азаматы, Қазыбек би мен Қарқаралы аудандарының
құрметті азаматы Мұрат Нұрақышевқа ауыл атынан алғысын білдірді.
Іле-шала тақтаның лентасы қиылып, ақынның шыныдай бейнесі жарқ етті. Масаттанып,
мәртебесі көтерілген жұртшылықтың көзіне мынадай маржан жолдар оттай басылды:
«Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,
Қараөткел таныс едім екі араға.
Семейде топырағым болар білем
Кемпірбай дұға қылсын бейшараға!»
Бұл шумақта ақынның мәшһүрлігі, төрге барғызбай, көрге оздырған тағдырының соңғы
сағаты, соған орай жан күйзелісі айтылған. Бұдан әріде: «Арқалық тауларының
баурайында туып-өскен даңқты жерлесіміз, қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар
дүлдүл ақын, ХІХ ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтаңгері Кемпірбай Бөгембай-
ұлына! (1834-1895). Мемориалдық тақта – ұрпақтарынан» деген жазу бар. «Өлгенім
жанып, өшкенім жанды» дегізетін ұрпақ парызы орындалуының «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы мен ата жолын дәріптеуге негізделген ізгі ниетпен сәйкес өрілуін
жұртшылық жақсы ырымға балады.
2. Осынау құрметті де қадірлі атамыз Кемпірбай ақынның артында қалған азды-көпті
мұраларын іздестіріп жинастырып жүрген ешкім жоқ десек, артық айтқандық емес. Тіпті
оның руының өзін әр саққа жүгіртіп, біреулер Қазымбет десе, екіншілері Орманшы,
Сүйіндік деген сияқты пікір білдірушілер баршылық. Ал шындығына келгенде Кемпірбай
ақын Қаракемпірдің ішіндегі Ағымнан тарайды. Оған мына төмендегі жарияланып
отырған мәліметтерге қарап нақты көз жеткізуге болады. Кемпірбай өте ірі ақын болған
адам. Ал, оның әңгімешіл, әзілқой, керек жерінде суырып салмалық өнері де бар інісі
Текебай туралы көпшіліктің біле бермеуі мүмкін. Біз осы жерде Кемпірбай атамыздың
інісі Текебай туралы бұрын ешқайда жарияланбаған мына бір деректерді ұсынбақпыз. Бұл
деректерді өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында көкірегі ояу, кезінде арабша хат
таныған, шежіреші әкем Смағұл Әбділдәұлынан жазып алған едім. Кемпірбай атамыз
туралы тоқталатын болсақ:
«Бөгенбай – әкем аты, мен – Кемпірбай,
Өзге ақын мен сөйлесем, тұрар былай.
Талабым тәңір берген таудай үлкен,
Алмаса өз бақытын қайтып Құдай.
Едірей, Арқалықпен малыма жай,
Арда емген құлынынан жабағы, тай,
Ағайын, қайыр берсең өзіме бер,
Кенже ұлы кедейліктің мен Кемпірбай»
деп жырлаған ақынның ата-тегін шежірешілер былай таратады. Қаракесек (Болатқожа)-
Ақша-Бошан-ТазБұлбұл, Бұлбұлдың бәйбішесі Қаракемпірден (шын аты Рабиға болса
керек) Қожамжар Атымтай, Ағым, Қосай, Қойбақ, Татымбай тарайды. Соның ішінде
Татымбайдан біздің әкелеріміз тарайды. Ал соның Ағымынан Қияқ, одан Қызық, одан
Сұңқарбай, Бұқарбай, Қалабай, Жиенбай, Бөгенбай тараса, кейінгісінен Кемпірбай,
Текебай, Кемпірбайдан Серкебай туады. «Тоқсан ақынға торай бермейтін» Нар Кемпірбай
1895 жылы, пайғамбар жасына жаңа жеткен шағында ауыр науқастан Семей қаласында
дүниеден қайтқан. Соңында Серкебай атты бір ұлы қалған екен, ұрпақтары бар болса, сол
Семей өңірінде ғұмыр кешіп жатса керек. Нар Кемпірбай атамыздың Семейде жерленгені
туралы еліміздің Халық әртісі, профессор Маман Байсеркенов былай деген екен:
«Сексенінші жылдардың аяқ шені болуы керек, Алматыдағы «Отырар» мейманханасының
тұсынан өтіп бара жатыр едім, ерекше бір парасатты қарияны көзім шалды. Жүзі сондай
таныс. Жақындай бергенде есіме түсті, әйгілі абайтанушы ғалым, жазушы һәм драматург,
профессор Қайым Мұхамедханов ақсақал. Сәлем беріп, хал-жағдайын сұрадым. Қолымды
жібермей, жанынан орын берді. Сол маңайдағы «Көк базарға» кіріп кеткен бәйбішесін
күтіп отыр екен. Сәлден кейін кеңірек отырып әңгімелесу үшін сол базардың ішіндегі
шайханаға шақырды. Бардық. Аздап жеңіл шарап ішетін көрінеді. Әңгімеден әңгіме
туындап, сөз арнасы Мұхаңның (М.Әуезов) мінезіне, ұлт үшін атқарған қызметіне ауысты.
«Семейдегі Абай мұражайының директоры болып тұрған кезім еді. (Бұл 1947-1951
жылдар),- деп бастады әңгімесін Қайым ақсақал. – Көктем уақыты болатын. Бір күні
таңғы алакөбеден Мұхаң телефон шалды. «Аэропортта тұрмын. Қазір келем жұмысыңа,
кетіп қалма», деп жеделдете сөйледі. Көп ұзамай таксимен жетіп келді. Жүрісі алқын-
жұлқын. Шайға да қарамай, мен машинаға мінісімен жүріп кеттік. Жүргізушіге ескертіп
қойған болуы керек, ет комбинатының жанына тоқтадық. Мұхаң бөлек-салағы мол алып
ғимараттың біресе ол жағына, біресе бұл жағына шығады. Үлкен адамның мұндай мінезін
көрмеген басым, аң-таңмын. Бір кезде комбинаттың ту сыртына шығып, малдас құрып
отыра қалды да қоңыр даусымен күңіренте аят оқи жөнелді. Батасын қайырып, бет сипап
болғаннан кейін күтіп тұрған таксиге отырып, обкомға тарттық. Сталиндік сыйлықты
иеленіп, абыройы аспандап тұрған Мұқаңды бірінші хатшы кезексіз қабылдады. Кіре
берісінде ет асым уақыт күттім. Мұқаң шықты. Түгі бетіне шығып, түтіккен жүзінен
мақсатты жұмысы бітпегенін, облыс басшысымен келісе алмағанын аңдадым. Үйге
келсек, қуырдақ дайын тұр екен. Дастарханға отыра бергенде, пұшайман болған түрін
жасыра алмай: «Заһарың бар ма еді? Құйшы!» деді. Буфеттен сыпайы сауыттар шығарып,
сыздықтата бастап едім, саусағымен үлкендеу ыдысты көрсетті. Екі стакан коньякты
жөпелдемете тартып жіберді де, қуырдақтан бірер қасық асап, кесек мұрнының үстін сауа
сипапсипап жіберді. Әңгіме айтардағы әдеті. «Менің бүгінгі әрекетімді түсіне алмай,
мына кісіні жын қағып кетті ме деп ойлаған шығарсың. Ештеңе де қаққан жоқ, бұл – жан
күйзелісі. Жаңағы ет комбинатының астында қазақ сөз өнерінің сүлейі Кемпірбай жатыр.
Алладан үміті жоқ аруақ атқырлар басқа жер таппағандай, доңыз сойып, нәжісін төгетін
мекемені мұсылман бейітінің үстіне салыпты» деп, аса бір қиналыспен бастады сөзін.
Одан соң Құспек, Алшынбай, Құнанбай заманындағы Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай
ақындар, олардың тапқыр сөз, ұтқыр уәждері жайлы тартымды да тәтті әңгіме өрбіді, деді
сұхбаттасым шайханадағы әңгіме үстінде. Кемпірбайдың есіміне бұрыннанақ құлағым
қанық еді, әйткенмен, оны Мұхаңның осыншама зор бағалағанын, бесаспап өнерпаз,
айтыстың ақтаңкерінің мүрдесі зұлым саясатқа қор болғанын сол Қайым ақсақалдан
естідім». Ал, жоғарыда айтқан әкемнің әңгімесі былай жалғасып еді. Менің жас кезімде
ауылда Каракемпірдің ішінде Қойбақ атты атадан тарайтын Құлеке деген сөз білетін, жөн
білетін әңгімешіл адам болды. Сол кісінің талай қызықты әңгімелерін өз құлағыммен естіп
өстім. Өйткені, ол кісі Арқалық өңірінде ірі байлардың бірі болған менің Шалқар деген
ағамның нағашысы еді. Осы Шалқар ағамыздың мол дастарханында талай рет дәмдес
болғанда естіген көптеген құнды әңгімелер есімде қалып қойыпты. Сол елге сыйлы
әңгімешіл Құлекең ақсақал атақты 1932 жылдың ашаршылығының алдында өз ажалынан
көз жұмды. Ол кісінің қораларының орны Арқалық тауының ішінде. Ол жерде Құлекең
бұлағы деген бұлақта бар. Сол кісінің айтуынша Кемпірбай ақын осы Арқалық тауының
ішінде дүниеге келген екен. Тағы да басқа үлкендерден естігенімде Кемпірбай Айыркезең
тауының баурайында дүниеге келген деген әңгімелер де айтылады. Бұл да шындыққа
жанасады. Өйткені, ақынның «Ар жағы Айыркезең үлкен Борлы, Бабамның аруағы маған
қонды» деп жырлауының өзі тегін емес. Өйткені, Айыркезең, Арқалық – осы аймақтағы
шоқтығы биік еңселі таулар. Қай таудың баурайында дүниеге келсе де, бөліп-жаратыны
жоқ. Ақын өлеңдерінде осы таулардың екеуінің де аттары аталып, жырға қосылуы тегін
емес. Енді сөз реті келіп тұрғанда жоғарыдағы Құлеке ақсақалдан естіген Кемпірбай
ақынның көп ешкім біле қоймайтын әңгімешіл әзілқой тапқыр да елгезек інісі Текебай
туралы кеңінен тоқтала кеткенім жөн болар, — деп әкеміз әңгімесін одан әрі сабақтап еді.
«Бөгембайдың үлкені Кемпірбай болса кішісінің аты Текебай. Кейбір жөнін білмейтіндер
олардың руы Қазымбет деп жүр. Олай емес. Олар Қазымбетке жиен. Өйткені олар,
Қаздауысты Қазыбек бидің жиендері ғой.
Ертеректе руы Қазымбет Жолшора деген қазы болған екен. Яғни, Жолшорамыз Кемпірбай
мен Текебайға нағашы. Сол Жолшораның туысқандары ауылда әлі де бар. Мысалы, сол
Жолшора қазының жақыны Әбәйділда деген менің бөлем болған еді. Қазір дүниеден өтті.
Соның үлкен баласы Рахман Қарағанды қаласында үлкен дәрігер.
Кемпірбай мен Текебайдың әкелері ертерек қайтыс болып, жетім қалады. Текебай
жезделерінің қасына барып, сол Жолшораның қозысын бағады екен. Жазғытұрым қой
қоздап болғаннан кейін таудан көшерде Жолшора бай бір жерден келе жатса, Айыркезең
тауының бір саласынан түтін шығып жатқанын байқайды. Бұл немене түтін деп келсе,
Текебай Жолшораның бір қозысын сойып тастап шелекке салып тастың арасына от жағып
пісіріп отыр дейді. Сол кезде Текебай 9-10-дағы бала болса керек. Оны көре салып
Жолшора Текебайға мынауың не деп ұрысса, асығын алайын деп едім депті,-дейді.
Жолшора үйіне келіп бәйбішесіне айтып, мына Текебай әлден бұлай істеп жатыр, жаздай
қозыдан қозы қалдырмас, жетім ғой деп аяп көшіріп алып едім, көшіріп жіберейін бар
шақырып кел, деп бір жігітті жібереді. Әйтпесе, ертең жайлауға көшкенде жұртқа тастап
кетуіміз керек дейді.
Сол кезде Жолшораны қазы дейді екен. Қазы деп өте беделді адамдарды айтатынын
білеміз. Жіберген жігіт Текебайға келіп «сені Қазы шақырып жатыр» дейді. «Мені неге
шақырады»,-дейді Текебай. Сонда хабаршы жігіт айтқан екен. «Сені көшірем», деп жатыр.
«Жас күнінен қозы сойып жатыр бара-бара түгімді қалдырмас деп айтты»,-дейді. Сонда
Текебай «ол кісінің қозысын сойып тастадым, алдына қалай барам? Текебайдың жұртына
Жолшора қапты дегенше, оның жұртында мен-ақ қалайын, өзі көшсін» депті. Текебай сөй
деп жатыр деп хабаршы жігіт Жолшораға айта келеді. Сонда Жолшора «ойпырымай мына
ит сөз тауып жеңіп кетті-ау, бәрін сойып жесе де жүре берсін, тиіспеңдер» деген екен. Бір
ауыз сөзге тоқтаған мұның өзі әулиелік қой. Ондай мәрттік қазір шыға қоюы қиындау.
Осы жерде айтайын дегенім сол қазы Жолшораға Кемпірбай мен Текебай жиен болмаса
оған келіп қиын кезде паналар ма еді. Сондықтан, олардың Қазымбетке жиен екеніне
осының өзі дәлел.
Парасатты қасиеттерінің арқасында елге сыйлы ел ағасы ақын атанып, ел аралап жүргенде
бір күні Жарылғаптың бір ауқатты байының үйіне ат басын тірепті. Ол кезде қонақ келсе
қой сою, бата жасату үйреншікті дәстүр ғой. Оның үстіне атақты Текебай ақын келіп
отырғанда бір қойды алып ұру айдай алмай отырған байға сөз болып па? Үй иесі төр
алдында жантайып жатып жалшысына қой алып келіп бата жасат демей ме? Жалшы
байғұс бай айтқасын жан қала ма, бір семіз қойды табалдырықтан сүйрей кіреді. Бірақ, ол
асығып жүргенде құйрығы құрттағанда кеспек байлаған қойды сүйреп келгенін байқамаса
керек. Сол құрттағанда байлаған кеспектің бір ұшының қылтиып көрініп тұрғанын байқап
қалған Текебай соятын қойға бата жасай отырып, шіріген байды бір ауыз өлеңмен
шалқасынан түсірген екен:
«Бұл өзі құнан қой ма, дөнен қой ма,
Мойнында мылтығы бар, мерген қой ма?!
Жаман жыл болғанда жан сақтайды,
Тіл алсаң осы қойды тіпті сойма!» деген екен.
Мұны естіген бай жалшысын ұрып, Текебайдан кешірім сұрап, желіде байлаулы тұрған
семіз құлынын әкеп сойғызған екен. Осы бір ауыз өлеңнің өзінен-ақ Кемпірбай ақынның
інісі Текебайдың да өнерден, өлеңнен құралақан емес, табанда суырып өлең шығаратын
ақын екенін байқауға болады. Ол суырылып ақындармен айтыспаса да, ел арасында
қалған өлеңдері көп деп естуші едім. Жас кезімде соның бәрін естігеніммен, қазір көбі
есте қалған жоқ. Ал, Кемпірбайдың Шөжемен айтысы және Әсет ақынның ауырып
жатқанда іздеп келіп өлеңмен қоштасуларын тегіс жатқа білемін. Сол Кемпірбаймен
Текебайдың артында қалған мұраларын жинастырып жарыққа шығару, бастыру кейінгі
жастардың міндеті,- деп әкем әңгімесін аяқтап еді.
Ал, енді Кемпірбай атамыздың тарих бетіне алтын әріптермен жазылып қалған белгілі
айтыстары туралы кеңінен тоқталмақпыз. Атақты ақынның әйгілі жыр жампоздары Шөже,
Тезекбай, Әсет, Жәмшібай ақындармен айтыстары халық арасына кең тараған.
Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналады. Ал Кемпірбайдың
Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді. Әсет ақынның Кемпірбай
ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы
көркемдік жағынан қазақ фольклорының тамаша үлгілерінің бірі. Тарихи мәліметке
қарағанда Әсет 1895 жылы 28 жасында Кемпірбайдың ауылына келеді. Бұл кезде ақынның
жасы алпыс бірде екен. Әсет пен Кемпірбайдың кездесуі жайлы Мәдинқызы Сақыптың
дерегінде былай делінген: «Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет көңілін сұрай келсе,
ол теріс қарап ыңқылдап жатыр екен. Терлеп, мазасы кетіп, әлсін-әлсін жөтеліп,
дегбірсіздене беріпті. Мұны көрген Әсет көзіне жас алып, іштей тебірене толқыпты,
сырқатты қатты аяп кетіпті. Қасына жақын келіп, қолынан ұстап, «Қалайсың, сырқатың
қалай?» депті. Кемпірбай естіді ме, естімеді ме үн-түнсіз жата беріпті. Сонда Әсет не
істерін білмей бақұлдаса алмай қалатын болдым-ау» деп қапаланады. Аурудың қолын
ұстап, ештеңе демей отыра береді. Біраздан кейін «Мен өлеңмен толғамаған соң үндемей
жатқан шығар, ақынның көңілін жырмен сұрайын» деп ыңғайланып, оның бас жағында
сүйеулі тұрған үкілі домбыраны қолына алып, ащы айғайға басады. Сонда Кемпірбай
«Әттең, дүние-ай, Әсет келіп қалған екен ғой. Менің бүйтіп өкпелеген баладай, теріс
қарап жатқаным жарамас» деп домбырасын өзі алып, жауап қайтарыпты.
Әсет:
Ассалаумағалейкүм, Нар Кемпірбай,
Дертіңе шипа берсін патша құдай.
Дауысымды танимысың, атым Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңілің сұрай.
Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң
Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.
Аспанға айнала ұшқан ақ сұңқар ең,
Кез келіп жайған торға бопсың мұндай.
Сонда Кемпірбай төмендегі жауапты айтыпты:
Көңілді Әсет келді көтергелі,
Барады өкпем қысып жөтелгелі.
Өлсем де көк кептерге бір соғайын,
Домбырам екі шекті ап кел бері.
Ат шапса, боз озбай ма буырылдан,
Мен шапсам жер танабы қуырылған.
Басымды шапқан сайын шайқап тастап,
Ағады қанды көбік шығырымнан.
Уа, жұртым! Осынау дерттен өлсем керек,
Науқасым төмендепті бұрынғыдан.
Тегінде, тыңдаған жанның ішкі сезімін қатты сілкінтіп,
көзіне жас, көкірегіне өксік ұялатып:
Әсетжан, осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көкала үйрек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем,-
деп терең тебіренетін Кемпірбай арманының асқар шыңы кәрі жолдасы өлеңмен қоштасуы
ғой.
Сондықтан да ол: «Қамығып, «қош» деп жылап ұшып кетті,
Осы өлең Серкебайға қонбас білем»
деп көкірегі қарс айрылып, аһ ұрады. Өйткені, өзінен кейін ат жалын тартып мінер
ұрпағының қалмасына ақынның көзі жеткендей, соны жаны сезінгендей күйзеледі. Бұл
туралы заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов былай дейді: «Кемпірбайдың
өлерде айтқан сөзі сондайлық көңілде тығылып жүрген сырды ашады. Ол сыр – ақынның
сыры. Сондықтан, өзіндей ақын Әсетке ғана айта алады. Кемпірбайдың сыры оны бес
жасынан Дәуіт иектеген екен. Сол күнде кеудесіне көкала үйрек болып, кәрі жолдасы өлең
қонған екен. Бұл өлең барлық ақынға ақындық өнері шеттен келіп даритын қасиет деп
түсінгенді білдіреді»
Дәріс №7. Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди, Иманжүсіп, Сара Тастамбекқызы шығармашылығы
1.
Үкiлi Ыбырай Сандыбайұлы – Көкше өңiрiнiң iргесiн Орынбай ақын мен Біржан сал
қалаған өнер-эстетика мектебiнiң белдi өкiлi. «Ел аузындағы аңызда, жасы егде тартқан
Біржан, жас Ыбырай қасына еріп, әндерінен үлгі алғаннан кейін, – «Ендігі Біржандарың –
Ыбырай, соны тыңдаңдар!» – деп, Ыбырай бар жерде өзі ән айтуды қойған деседі», – деп
жазады академик жазушы, Ыбырай шығармашылығының бірден-бір жанашыры
С.Мұқанов [1,21б].
2.
«Ыбырай – шын мәніндегі ұлы өнерпаз. Ақындығымен халықты тылсым буғандай
бағындырып алу әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Ыбырай ақындығы терең
тамырлы да күшті. Ол – Көкшетаудың атақты Орынбай, Арыстан, Шөже, Біржан сал,
Ақан сері, Балуан Шолақ, Нүркей, Тезекбай сияқты атақты әншілерінің өнер дәстүрін
игеріп, дамытып, сақтап, біздің революциялық заманға жеткізуші өнерпаз», – деп жазады
Е.Ысмайлов [2,121б]. Сонымен қатар, Ыбырай Бiржанды өзiне тiкелей ұстаз тұтса, Ақан
серiнiң көзiн көрiп, өнерiнен, адами қасиеттерiнен үлгi алған. Ақан шығармашылығы мен
өнерiн өзiнiң шығармашылық қадамына ұштастырған ақын.
Ыбырай Біржан салдың тікелей ұстазы екенін өзінің поэзиялық туындысында тамаша
айтып кеткен атақты «Шалқымасында»:
Өлеңмен екі өкпемді қалқытайын Қорғасындай денеңді балқытайын. Біржаннан алып
қалған әнім еді,
Азыр-ақ шалқымамды шалқытайын.
Салайын «Шалқымамады» ырғақтатып,
Үкілі домбырамды бұлғақтатып,
Шығарған әнім еді Көкшетауда,
Оңаша Торшолақпен келе жатып.
Өлеңмен болдым таныс ой мен қырға,
Құлақ салып, халайық, әнімді тыңда.
Біреуге айдай алмас малды беріп,
Мол қылған ән-өлеңмен мені жырға.
Өлеңмен талай жерді тегістедім,
Қадір білмес адаммен келіспедім.
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ,
Сен алма, мен бір тауық, жеміс тердім [3,55-б.].
Демек, Ыбырай – сонау ықылым заманда iрге тасы қаланған әншiлiк – жыршылық
мектептiң тас түлек шәкiртi, дәстүр жалғастырушысы ретiнде iрiктелiп алынған бай мұра.
Ыбырай шығармашылығы сол кездегi аумалы-төкпелi заман ағымымен аққан әлеуметтiк
жағдайларға төтеп берiп, қазақ өнерi, соның iшiнде музыка мәдениетi мен әдебиеті
өнерінде өзiндiк орны бар көшелі тарих.
«Төңкерістен бұрынғы қазақ өнерпаздарының бойындағы әмбебаптық сипат – ғасырлар
бойы іріктеліп, сұрыпталып, шыңдалған дәстүрлердің жақсы көрінісі. Әркім әр нәрсені
малданып, мүше-мүше етіп бөлшектемеген заманда ән де, күй де, әншілік те, күйшілік те,
серілік те, батырлық та – бір адамның басынан табылған. Өзара қабыса бермейтін дара
ерекшелікті өнер түрлері – ақындық пен композиторлық сахара жағдайында туысып,
табысып, егіз боп кеткен. Қазақтың сері, сал дегені – композитор, ақын, әнші, күйші,
палуан, құсбегі. Қатыгез, өгей сұм өмірдің тепкісін көрген қайран ерлердің баршасының
тағдыры ұқсас: елжұртынан безініп шығып, тау-тасты мекен еткен Ақан анау; қолын
арқан бұғау кесіп Біржан жатыр. Еңіреп, абақтыда көңілін құмалақпен жұбатып Мәди
отыр, Тобыл түрмесінде торыққан Жаяу Мұса.
Қазақтың сал-серілері туралы жазу ең алдымен азаттық күрескерлері туралы жазу деген
сөз, қазақтың әні-күйі, рухани дүниесі, музыкасы, поэзиясы туралы жазу деген сөз», –
дейді Р.Нұрғали [4,430-431-б.].
Ыбырай Сандыбайұлы туралы тақырып үлкен және тарихи тақырып. Әншi-ақынның
шығармашылығын кiмдер зерттедi, қалай зерттедi, олар ақынның тұтас өмiрi мен
шығармашылығына қандай баға бердi? – деген сұрақтарға тоқталуымыз қажет.
Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылығын алғаш зерттеп, ақынды көзiмен көрiп
тiлдескен адамдар олар: ақын-қайраткер С.Сейфуллин [5], академик-жазушы С.Мұқанов
[1], әдебиет зерттеушiсi Е.Ысмайлов [2], музыка зерттеушiсi А.Жұбановтар [6], драматург
Ш.Хұсайынов[7]. Бұл зиялы қауым Ыбырай шығармашылығына толыққанды пікірін
білдірген және заман зобалаңына қарамастан әділ ойларын ортаға салған жандар.
Ш.Хұсайынов Бiржан, Ақан, Ыбырай өмiрiне қатысты деректердi Е.Ысмайловқа және
А.Жұбановқа өзi берген шығар деген сұрақтар тууы әбден мүмкін. Өйткені, кезiнде
Ш.Хұсайынов А.Жұбановпен бiрге халық музыкасын жинау экспедициясына қатысты
деген деректер бар.
Осыған орай, ақын досы, әрі Ш.Хұсайынов лабораториясының даму процестерінің тірі
куәсі, шығармашылғының жан ашырларының бірі Ә.Тәжiбаевтің автор туралы жазған
естелiгiндегі мына пікір: “Арқаның әншiлерi туралы тек Шахаңнан сұрау керек. Ол ән
бiлгiрлiгiнiң үстiне, музыка тарихшысы сияқты, – деп А.Жұбановтың айтқаны есiмде»
[7,5б]. Ал, Есмағамбет Ысмайлов Ыбырай жайлы ғылыми еңбегiнiң алғашқы жолдарында
дерек берушiлер тiзiмiне Ш.Хұсайыновты да кiргiзген болатын.
Бiз, ең алдымен академик-жазушы С.Мұқановтың еңбектерiне үңiлер болсақ:
“Сандыбайдың Ыбырайы “лақап” аты “Үкiлi Ыбырай” шоқша қара сақалы мен суағарын
басып жүретiн қалың мұртына аққтаң түсе бастаған ол, денесінің зорына қарамай
жеңілтек, ойнақы мінезді екен. Өлеңді ол сол аяғын астына баса, тізерлеген оң аяғына
домбырасын қоя, денесін қойқаңдата, дауысын елірте айтады екен. Ал дауыс күші
масқара, ірі айғайға басқанда, қасында отырған кісінің құлағы тұнып қалады. Өзi бiр
жоғары, бiр төмен өрлейтiн деңгейде биiкке шырқап шығаруы да, сорғалап төмен
құлдырауы да келiсiмдi, ырғақты, сәндi,”– деп, көзiмен көргенiн қаз-қалпында жазады
және Ыбырай шығармашылығына деген жанашырлығын біз енді мына бір жолдарынан
танимыз: “Елде оның кейінгі өлеңдерi мен Ыбырайдың революцияға дейiнгi өлеңдерiн,
айтыстарын, әндерiн бiлетiн кiсiлер көп. Ендiгi мiндет, соларды және Ыбырайдың басқа да
әндерiн жинап баспадан шығару»[1,25-б.].
«Қазақ ауыз әдебиетiнде және музыкасында Ыбырайдың орыны үлкен. Ақындығымен
қатар, Ыбырай iрi компазитор адамның бiрi болған” – [2,159-б.] деп көрсетеді эссесінде
әдебиет тарихын зерттеуші, белгілі ғалым Е.Ысмайлов. Ал, С.Сейфуллин «Көкшетау»
атты поэмасында ақынның сыршылдық құдіретіне және көкшелік поэзия ардагерлерінің
рухына тағзым ете отырып, жыр жолдарын арнағаны баршамызға аян. Осы ойымызға орай
поэмадан үзінді келтірсек:
Әншi бар Көкшетауда талай iрi, Ыбырай – топ жарғанның о да бiрi.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып, Жайылған талай әсем ән мен жыры. Өзi ақын, ән
шығарғыш, домбырашы, Сауықтың жан думаны, болған пiрi. Ақырып, арыстандай ән
салады, Ыбырай – жүйрiк, тарлан әлi тiрi. Кең алқым, кең көмейлi, дауысы керней,
Ақырмай ән салмайды, көкiрек кермей.
Астына алты қырдың естiледi,
Шырқаса екiленiп құлаш сермей,
Ән салса, алқымы iсiп құйқылжиды.
Бәйге атша алып қашқан, ырық бермей.
Айнала айдын көлге естiледi,
Жаңғырып керней даусы аспанға өрлей.
Қапсағай, қыр мұрынды, арыстандай
Әуенi қалтыратқан, күркiр дауыс.
Тiресiп дауылменен қарысқандай.
Әнi бар “Гәкку” деген аңқылдаған,
Аққудай айдын көлде қаңқылдаған.
Туса егер, өнерлi елде бақтарына,
Бiлiм ап жүрсе бәрi баптарында.
Бiржан сал, Ақан серi, Ыбырайлар,
Туған-ды Шаляпиндей жұрт бағына – деп, [5,102-б.]
ақын Сәкен Ыбырайдың әншiлiк, ақындық, домбырашылық өнерiне тәнтi болып, өз
жырына қосып, ақынның сырт пішінін, портретін поэзия тілімен тамаша жасаған.
Көкшенің көркем табиғатының аясында ақын Сәкен Үкілі Ыбыраймен кездескен.
Кездесудің шын мәнінде болғандығына алдымен Ыбырай ақынның өз туындысы куә,
ақынның ол өлеңі «Көкшетауда кездесу» деп аталады.
Отырмын Сәкенмен қия таста,
Ыбырай өнеріңді енді баста.
Шырқайын сұлу әнді осы жерде,
Естісін ну қарағай, бұлбұл құс та.
Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жан-жақтан тағлым алар қанат жайып.
Көкшетау өзі сұлу, жері шүйгін,
Жаз болса, семіруге малы лайық.
Оралған Көкшетаудың шөбі балғын,
Балауса балбыраған нағыз шалғын.
Жаз болса Көкшетаудан табылады,
Маржан тас, күміс пенен ылғи алтын. [3,135-б.].
Ал осы кездесу жайлы С.Мұқанов: «1927 жылы, жаздыкүні Сәкен Сейфуллин
Қызылордадан Көкшетау еліне, жер бөлу науқанын өткізуге барды. Бурабай тауын айнала
отырған елде бұл науқанды жүргізіп жатқан Сәкенді 71 жасқа шыққан Ыбырай іздеп
келді. Мен Сәкеннің қасында жүр едім. Ыбырай мен Сәкен бұған дейін жүзі таныс емес
екен. Ыбырайдың ірі ақын, ірі әнші екенін бұрын естіген Сәкен: «Оқжетпестің түбінде
отырып тыңдау керек», – деді. Сонда, Көкшенің жотасын қоршаған Оқжетпес қасында,
Ыбырай «Көкшетаудың биігі-ай» деп бастайтын «Қаракөз» әніне шырқап жібергенде,
жантайып жатқан Сәкен орнынан атып тұрып, Ыбырайдың алдына шөге түсіп қатты да
қалды. Аса ырғақты және аса биік және көркем дауыс болады екен!», –деп Ыбырайды
құшақтап сүйді», – деп жазады өзінің «Өсу жолдарымыз» [1,26б] атты шығармасында.
Сәкеннің қазақ ақын, әншілеріне поэма арнағанын, поэзия тілімен Ыбырай, Ақан сері,
Балуан Шолақ, Қажымұқан, Біржан сал шығармашылықтарын шабыттана жырлағанын
жоғарыда айтқанбыз. Осы кездесудің нәтижесі Сәкен шығармашылығында жаңа поэма
«Көкшетау» дастанын туғызса, ал ақын Ыбырай шығармашылығында «Көкшетауда
кездесу» деген өлең туған.
Көкше өңiрiнiң ғалым-азаматы Е.Ысмайлов Ыбырай Сандыбайұлын көзiмен көрген және
ән орындау мақамы, дауыс күші жайлы былай дейдi: «Қолында үкiлi домбыра. Жиналған
мың сан халық намазға ұйып қалғандай тым-тырыс, Ыбырайдың ауызына телмiре қарап
қалыпты. Ашық аспанның астында, дүниенi жаңғырта шыққан әншiнiң құдiреттi даусы
бiрде шырқап, биiктеп, қалықтап кетiп жатса, бiрде арыстанның ақырғанындай гүрiлдеп
тегеуірiндi күшi Көкшенiң қия жартасына соғылып жатқандай. Дауыстың әдемiлiгiнен
гөрi, сол бiр кең ән сарайынан шалқып шыққан зор да пәрмендi дауыс өзiнiң кәнiгi емес,
ерке арнасына қарай құйылып жарастық тапқандай» [2,120-
б.]. Ғалым Ыбырайдың әншiлiк құдiретiне бас ие және көзiмен көргенiнiң тiрi құбылысын
көзге елестете, ойын әрі қарай сабақтайды: «Бұл менiң он бес жасымда Ыбырайды тұңғыш
көруiм. Бұдан кейiн Көкшетаудағы Биттейұлы Бекжанның үйiнде Жұмағалиға ерiп барып
бiрер қабат әңгiмесiн тыңдағанмын. Қызылжарда педтехникумға келiп өлең айтып,
И.В.Коцыхке әнiн жаздырып жүргенде тағы бiр көргенiм бар. Бәрiнен де Ыбырайдың
дарқан ақындық, әншiлiк өнерi, алғыр шешендiгi есiмнен кетпейдi», – деуi Ыбырай
шығармашылығы болашақ ғалым ойынан берiк орын алғандығының кепілі сияқты. Тағы
бiр ескерер жай, осы кезде Ш.Хұсайынов И.В.Коцых басқарған педтехникумның хорында
солист болғандығы. Белгiлi ақын Ә.Тәжiбаев осы кездi былай суреттейді: “Мен Бiржан,
Ақан, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақ әндерiн, олардың өздерi туралы қызықты әңгiмелердi
де бiрiншi рет Ш.Хұсайыновтан естiдiм. Кейiнiрек бiлдiм. Шахмет осы қаладағы мықты
әншiлердiң бiрi екен. Ол техникумның атақты Коцых басқарған хорымен Москваға
барыпты: Сондағы хор бастайтын солист осы Шахмет болыпты”, – деуiнде үлкен ой
жатқан тәрiздi [6,6-б.]. Осы фактi жайлы Е.Ысмайлов та Ш.Хұсайыновқа арнап жазған
мақаласында былай деген еді: “Өзi өскен ауылда Ақан серi, Балуан Шолақ, Орынбай,
Шоқан және басқа ардагер ұлдардың өмiрi мен шығармашылығына байланысты көп
жайларды жастайынан қызыға тыңдаған Шахмет техникумда оқыған жылдары көркем
өнерге икемдiлігiн бiрден танытты. Ә.Тәжібаевтің пікірін қуаттай түседі және
драматургтің қаршадайынан өнерпаздардың шығармашылығымен етене таныс екенінен
хабар береді [9].
Сонымен қатар, бізде Ш.Хұсайынов ақынның әндерін зерделеп, нотаға түсіру немесе
қағазға түсіру ниетінде Ыбырайды Коцыхпен өзі жолықтырған шығар деген ой да жоқ
емес.
И.В.Коцых (11.06.1891 – Варшава 22.06.1946 ж.) Совет хормейстрі, композитор. Діни
семинария және консерваторияда оқыды. 1923 жылдан (Петропавлскі) Қызылжарда
педагогика техникумының жанынан тұңғыш төрт дауысты хор ұйымдастырған. 1928
жылы осы студенттер хоры Москвада өткен ВЦИК сессиясына арналған концертке
қатысты [10,640б.].
Осыдан шығаратын қорытынды кезінде әнші-солист Ш.Хұсайынов Мәскеуде мүмкін
Ыбырай әндерін кең жұртшылыққа алғаш орындаушылардың бірі болды ма? Бұл тек
сұрау ғана, ол келешек музыка тарихын зерттеушілерінің еншісіндегі ісі.
Шахмет Хұсайыновтың шығармашылық жолы Үкілі Ыбырай өнерімен тағы мына тұста
астасады. Академик-жазушы С.Мұқанов: «Қазақтың ауыз әдебиетi өкiлдерiнен Қазан
төңкерісін, совет өкiметiн ең алғаш жырлаған ақындардың бiреуi – Ыбырай. Оның бiр
куәсi – Қызылжарда шыққан «Бостандық туы» газетiнiң 1925 жылы, майда басылған 26
санындағы бiр топ жарияланған өлеңiнiң жолдары» [1,24-б.].
Алдыңғы жолдарда айтылғандай, кезiнде осы газетте 1928-1930 жылдар аралығында
Ш.Хұсайынов та еңбек еткен. Осы бір фактілер мен деректер тізбегіне қарап,
Ш.Хұсайынов қаншама ақпаратық топтаманың бел ортасында жүріп, пьеса жазу үстіндегі
дайындығы ретінде ақын Ыбырай жайлы естелiк әңгіме немесе әдеби эссе жазбауына
қайран қаламыз десекте Ш.Хұсайынов ақын туралы кесек туынды пьеса жазып қалдырған.
Ол пьесасы 19.. жылы «Үкілі Ыбрай» деген атпен жарық көрді. Е.Ысмайловтың мынандай
сөзiн келтiруге де болады: «Бiз осы еңбегiмiздi жазу үстiнде Сәбиттiң Ыбырай туралы
бұрын-соңды жазған ауызекi естелiк әңгiмелiрiн де, М.Тырбиев, М.Ержанов, И.Әлiбаев
т.б. ақын-жазушылардың және Ш.Хұсайынов … деректерiн де еске алып пайдаландық»
[2,122-б.].
Әншi Молдахмет Ержанов: «Ыбырайдың жүрген жерi думан едi, әнi де, әңгiмесi де
таусылмайтын. Бiз қоршап алып, еркiне қоймай сөйлетiп, тыңдаудан жалықпайтын едiк.
«Өнеге алған ақындарың бар ма?» – деп жастар болып сұрағанымызда, Ыбырай таңданған
пiшiнмен бетiмiзге қарап алды да: “Үлгiсiз тон пiшiле ме екен? Нүркей ақынды түсiмде де,
өңiмде де көрiп, батасын алдым. Жиырмаға келгенiмде Орекеңдi, Бiржанды көрiп,
өлеңiмдi сынға салдым. Қалың жиын iшiнде Жанқожа отырып: «мынау – Әбiленiң iнiсi
жолымызды қуып жүр екен, Ореке», – дедi. Орекең: “Қане тыңдайық, дегенде, шекемнен
ағыл-тегiл тер саулап қоя бердi. Шу дегенде жаттаған қиссаларды жырладым, оны ықылас
қойып тыңдап отырды да: «Өз айтатының бар ма?» –дедi. Мен сол жерде: «Қалқам
шырақты» шырқап салдым. Орекең ықыласпен риза болып батасын бердi: «Ауылда, үйде
жүрiп өнер таппайсың, шырағым, алысқа көз жiбер! Ел кез, сонда жақсыларды, әншiлердi
көп тыңдап, көп көресiң, мен алыс елдi көп аралағанымнан опық жегенiм жоқ», – дедi.
Орекең – тақуалығы бар, жүрiс-тұрысы бөлек, көп жасаған қария адам, оның қасына ерiп,
жақын араласып жүре алмадым. Ал Бiржан, Ақан, Балуан Шолақ өзiмiзбен құрбы-құрдас
сияқты едi. Өлеңмен әндi күйттеп, жастықтың әуенiмен жүрген шағымда, Бiржан сал
бiздiң Қарауылды аралады. Бiр топ, сал серiлер қасына ерiп, жүрген-тұрған жерлерiмiздi
шулатып жiбердiк”– деп Ыбырай ақын жайлы әншi, шәкiртi М.Ержанов еске алады.
Осы естелiк әңгімелердің бәрiн қарастыра отырып бiз мынандай тұжырымға келемiз:
Ыбырай – кезiнде жыр сүлейлерiнiң көзiн көрiп, ақылын тыңдап, олармен өнер бәйгесiне
түскен, әнi, өнерi қалың қазақ жұртына мәлiм ақын. Ыбырай Сандыбайұлының
шығармашылығына байланысты ойымызды Е.Ысмайлов ойымен тұжырымдар болсақ:
«Сөз жоқ, Ыбырай өз заманының жүйрiк ақыны, асқан өнерпазы…», «Ыбырай-шын
мәнiндегi ұлы өнерпаз. Ақындығымен халықты тылсым буғандай бағындырып алу
әркiмнiң қолынан келе бермейтiн өнер» [6,125-б.].
Сондай-ақ, Үкiлi Ыбырайдың «Қалдырған», «Дүние», «Қарақат көз», «Гәкку»,
«Желдiрме», «Шалқыма» аталатын әндерiнiң кейбiр түрлерiн тұңғыш рет А.Затаеевичтiң
«Қазақ халқының 1000 әнi» (1925), «Қазақтың 500 ән – күйi» (1931), сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының орталық кiтапханасының қорында
қолжазба қорынан орын алған. Ыбырай жайлы жазылған музыка зерттеушiлерiнің
тұжырымы мына тәрiздi, алғашқысы:
А.Затаеевичтің «1000 ән» жинағының 34 ескертпесiнде былай дейдi: «Ыбырай Ақмола
губерниясы Көкшетау уезiнiң профессианал әншiсi, Абдрахман Бекiшевтiң айтуынша,
жасы алпыс бестерге келген, қуақы, қалжыңқой шал көрiндi. А.Н. Бөкейхановтың
растауынша жас кезiнде ерекше күштi тамаша тенор дауысы болыпты, сондықтан да оның
өнерiне бас иiп құрметтеушiлердiң iшiнде ауқаттылары Ыбырайды музыкадан бiлiм беру
үшiн Петербургке де алып барыпты, бiрақ ол мұндай ниеттi жүзеге асыра алмапты»
[11,472-б.].
Сондай-ақ, 1959 жылы «Мектеп» баспасынан «Ыбырайдың әндері» деген жинақ жарық
көрді. Әндерді нотаға түсіріп, құрастырған, алғы сөзін жазған Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы Б.
Ерзакович. Бұл кісі – қазақтың халық музыкасын жинап, зерттеуге көп күш жұмсаған
белгілі ғалым. Оның мұрағатында мыңдаған ән-күйлердің үлгілері бар. Ыбырай туралы
жинақ – сол бай қазынаның бір бөлігі ғана. Осы жинақ арқылы біз атақты әншінің өмірі
мен музыкалық шығармашылығы туралы көптеген деректермен, тыңдаушысын
тамсандырған әдемі әндер мәтінімен танысамыз [12].
Ыбырай өлеңдеріне арналған тағы бір жинақ «Гәкку» деген атпен «Өнер» баспасынан
1995 жылы басылып шықты. Жинақты құрастырған және әндерінің музыкалық
редакциясын жүргізген – өнертанушылар Қ.Жүзбасов пен З.Қоспақов. Бұл жинаққа
Ыбырайдың белгілі әндері мен ол туралы әр жылдары жазылған естелік әңгімелер
кіргізілген [13].
Ал заман, ғасыр жаңарған сайын Ыбырай мұрасы қазақ халқына рухани азық ретінде
керектігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы ойымызға орай, қазақтың ақиық ақындарының бірі
– Кәкімбек Салықов ағамыз да Үкілі бабасының шығармашылығын қолына алып,
өлеңдерін ұқыптылықпен жинап, бұрын жарық көрмеген туындыларын жиып-теріп, жаңа
редакциясын жасап, 2005 жылы «Фолиант» баспасынан «Гәкку» жинағын бастырып
шығарды. [14]
Кезіндегі Ыбырай мұрасы драматург ағамыздың жанын қалай тебірентсе, қазіргі уақытта
Ыбырай және оның дәстүрін жалғастыруышылары; көкшелік ақын-жазушылармен қатар
өнер сүйер қауымның, журналистердің де қиялын әлі күнге дейін тербеуде.
Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының ауыр зобалаңы ел серісі Ыбырайды да
қырындап өтпей, ту сыртынан дүрелей соғып, лай тасқынына ілестіре кеткен. Жетпістен
асқан ақынды «халық жауы» деп танып, 1931 жылы қамауға алып, ату жазасына
бұйырған, кейінен бұл ауыр жаза қайта қаралып, он жылға бас бостандығынан айырып, ит
жеккенге айдатқан. Осылай Ыбырай ақынның өмірінің соңы немен біткені, бейітінің
қайда екені әлі күнге дейін беймәлім. Ыбырай ақынның шығармашылығы талан-таражға
салынып, тіпті ел ішінде кең тараған «Гәкку» әні де біреудің қанжығасына байланған оңай
олжадай болып кете жаздаған. Бұл болған істі келтіруімнің өзіндік себебі бар.
1960 жылы Есім Байболовтың «Әйгілі «Гәккудің» авторы кім?» – деп, «Қазақ әдебиеті»
газетіне жазуы немесе кейіннен Амантай Сатаевтың «Парасат» журналының 1997 жылы
шыққан №7 номерінде « «Гәкку» бар, Ыбырай қайда?» атты мақаласында: «Көкше
көлінде аққу иесіз қалды. Қазақ көгінде шырқалған «Гәкку» иесіз қалды. Біреулер
иемденбек те болды. Шын иесінің есімі аталмай мұңды дауыс «Гәккуді» үлкен
сахналардан шырқады. Отыз жылдан кейін ән нағыз иесін әрең тапты. Үкілі Ыбырайдың
есімі ақталды, өнері туған халқына оралды. Есімі оралғанына шүкіршілік дейміз. Қарт
ақынды арулап көмген жанды ұшырастырмадық. Қиыр Шығыстың қай сайы, қай ну
орманында, қазылған қай орда қалғанын бізге ешкім айтпады. Әлі күнге дейін белгісіз»,-
деп[15] жазған еді.
Амантай Сатаев тәрізді көкшелік қаламгерлердің қазіргі таңдағы ақсақалы Естай
Мырзахметовте Ыбырайдың кейінгі тағдырын, мехнат жылдарына ой-толғамын жергілікті
«Оқжетпес» газеті арқылы көпшілікке білдіріп еді. Енді сол материалдарға үңілейік:
«…Тағдыры осыған ұқсас тағы бір өлеңнің туу тарихы былай баяндалады… Үш шал,
ішінде Ыбырай да бар, жауапқа тартылады. Тергеуші прокурор Ыбекең жайын әлбетте
біледі, «өздеріңнің жағдайларыңды бір ауыз өлеңге сиғызып табан аузында айта қой.
Босатып жіберемін. Өйтпейді екенсіңдер «сотталасыңдар», дейді. Ыбекең бөгелсін бе:
Прокурор деген сотымыз,
Жүріп тұр ғой қотыңыз.
Осы үш шалды айдатсаң,
Қисайды біздің к….міз – деп салады. Прокурор риза болады. Сөзіне берік жігіт екен,
сертін жұтпай үш шалды босатып жібереді-мыс. Ал енді осы «аңызды» ой елегінен өткізіп
байқайық. Ең әуелі, шал ғой, үшеу емес бесеу. Солай ма? Мұны бір деп қояйық. Одан соң,
Ыбекеңдерді тергеген прокурор екеу емес, біреу ғана. Ол-Чатыбеков. Ал Чатыбеков
шалдардың біреуін де босатпаған, қайта ауыр қылмыскерге балап, жауапқа тартуға
келісімін қара қарындашпен өз қолынан мықтап жазып бергенін, ілкім әзірде өз көзімізбен
көріп, оқыған едік. Осының бәрін саралай келіп, ой түйсек, аталмыш өлеңнің де Үкілі
Ыбырайға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынына көзіміз жетіп, көңіліміз сене ме, жоқ па?
Менің ойым айтады. Бұл өлеңнің астарында да қалың қыртысты үлкен мән жатыр. Сол
кездегі прокурордың жалпы заң қызметкерлерінің әділетсіздігіне, тіпті шал-шауқанға да
аяушылығы жоқ без бүйректігіне көкірегі қыжылға толы, бірақ та қолынан келер дәрмені
жоқ азаматтардың бірі шығарған өлең бұл. Ойға салып толғайықшы өзіміз: Қисайды
біздің к…іміз. Қалай-қалай сілтейді, ә?! Қаншалықты зілді ыза, удай ащы мысқылмазақ
сыйып тұр осынау жалғыз-ақ жолға! Пай-пай-пай! Қай сабаздың тілінен у запырандай
төгілді екен, білер ме еді?!» – деп жазған еді. [16].
Ыбырай жайлы жазылған жаңа драманың («Қош бол, қайран Гәккуім») авторы көкшелік
белгілі ақын-прозагер Т.Қажыбаевтың мына пікірін тілге тиек етсек: «Шұңғырша елі.
Жеке ауыл. Ащылы деген жерде жайлауда отырса керек. Ұлан асыр той. Бұл қыз ұзату
рәсімі. Ақан сері бастаған, Үкілі Ыбырай қостаған өнерлі қауым той ажарын арттырып
думандатуда. Аттанар қыз бен Ыбекеңнің көңілі жақын болса керек. Қыз аттанар тұста
Ыбырай елге бүгінде толық нұсқасы жетпеген атақты «Алтыбасар» әнін салған дейді.
«Алтыбасар» аталуының негізгі алты ауыз өлеңінде ғой. Ал қазіргі «Алтыбасарыңыз» екі-
үш ауыздан аспайды» [17] – деген пікірді алға тартады. Әннің шығу тарихы хақында
айтылған пікірлермен мазмұндас, бұл ойдың ерекшелігі әннің жаңа нұсқасы бар екенін
айтып тұр және ән атауы алғашқы пікірлерде жер атауымен байланыстырылса, бұл пікірде
өлеңнің шумақ саны немесе алты ауыздан тұратындығына назар аударылғандығымен
ерекшеленеді. Барлық алынған фактілерде ақынның әндері мен өлеңдерінің шығу тарихы
сөз болады және ақынға әнді тудыру оңай соқпағандығын көрсетеді,ақынның кезкелген
әні өзі мен елінің тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты.
Сондықтан да, олар Ыбырай мұрасын аса ұқыптылықпен жинап-теріп кезекті баспа
бетінен жарыққа шығарып отырғандықтарының куәсі – жергілікті үнжария мен
журналдарға шыққан ақынның жаңа әндері, ақын жайлы жаңа табылған естелік әңгімелері
мен ән тарихына байланысты хикаяттарын жинақтап бір мақаланың көлеміне сыйғызған
болдық дегенмен, артына мол мұра қалдырып кеткен шығармашылық адамының
жұмбағын ешкім әлі шешкен жоқ дегім келеді. Және бұл тұтас пікірлерді келтірген
себебіміз, жергілікті көкшелік екіншіүшінші толқын «әдебиет» дәнін қаузап жүрген
жұртшылық Үкілі Ыбрай шығармашылығын әлі де терең зерттеп, ұлт тарихында және
мәдениетінде болып жатқан жағашылдық кезеңінде тың пікрлер мен ойлар туарына шүбә
келтірмек емеспіз.
3.
Әсет Найманбаев 1867 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Мақанша ауданындағы
Бақты ауылында дүниеге келген. Әсеттің ән мен өлеңге әуестігі медреседе оқып жүргенде-
ақ байқалады. Жаттау, есту қабілеті аса жоғары болған ол ауылға келген әншінің әнін,
жыршының мақамын бір естігеннен қағып алатын болған. Әлімғазы деген болыс оның
әншілігін, ақындығын білген соң өзінің жанына тартады. Ол Әсетті ер жетіп, айналаға
әншілік даңқы щығып, әбден атақты өнерпаз болғанша көз жазбай қадағалайды. Қоянды
жәрмеңкесіне барып, Арқаның ән мектебінен сусындап, оның әсем әндерін Жетісу мен
Тарбағатай өңіріне жеткізуші, Біржанның, Ақанның, Құлтуманың әндерін шығыс аймаққа
таратушы болады. Әсеттің ақындық мұрасын, яғни поэзиялық шығармаларын үш топқа
бөліп қарауға болады. Олар: 1) өлеңдері 2) айтыстары 3) қисса-дастандары. Әсет
өлеңдерінің ішінде халыққа айрықша танымал бөлігі – оның ән-өлеңдері. Барша халық
оның басқа өлеңдерін, айтыстары мен қисса-дастандарын көп білмесе де, «Інжу-маржан»,
«Қысмет», «Мақпал», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Қоңыр қаз» тәрізді әндері жақсы
біледі. Ақынның ән-өлеңдерінің дені жастық шақ, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбына
арналған. Сазгер Ахмет Жұбанов «Әсет шығармашылығының шыңы» деп баға берген
«Інжу-маржан» әні – сөзі мен әуені шебер ұштасқан, өзіндік өрнегі, мәнерімен
ерекшеленетін қазақ әндерінің ғажап дүниесі.
Өлеңдегі ақынның өзі жайында мағлұмат беруі, өз ерекшелігі, өнердегі, өмірдегі жолы,
ата тегі жайлы баяндау ежелгі дәстүрдегі суырыпсалма ақындарға, сал-серілерге тән әдіс.
Бұл дәстүрді Әсет те жалғастырған. Әсеттің сөзден бал тамызар шешендігін,
суреткерлігін, маржан сөзді нөсерлете төгетін асқақ шабыты мен ақындық қуатын
танытатын өлеңдерінің бірі – «Арғынмын, атым Әсет арындаған» деп басталатын өлеңі.
Бұл өлеңде төкпе ақындарға тән шалқар шабыт та, сұлу үйлесімділік те орын тепкен.
Әсеттің айтыскерлігіне тоқталсақ, Әсет пен Ырысжанның айтысы – сипаты жағынан қыз
бен жігіт айтысы түріне де, жұмбақ айтыс түріне де жатқызуға болатын айтыс. Айтыстағы
қалыптасқан дәстүр бойынша, әр ақын өз руының атақты адамдарын, бай-мырзаларын,
жер, суын, елін айтып мақтанатын, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсеткісі
келетін. Әсет пен Ырысжанның айтысы бұндай көзбояушылыққа жол бермеді.
Ақынның мол мұраларының бірі – қисса-дастандар. Бұл салада әдеби қауымға оның
тұңғыш белгілі болған шығармасы - «Евгений Онегин». Абайдан кейін Евгений Онегинді
қазақ халқына жеткізу – Әсеттің әдебиет тарихынан үлкен орын алатын еңбегі, қазақ және
орыс әдебиетіне қосқан үлесі десек болады. Біраз дастандарын Шығыс әңгіме-
аңыздарының оқиғасынан алып жырлаған Әсет Найманбаев бірінші рет өз дастанының
оқиға желісін орыс өмірінен алып жырлаған. Сертке беріктік, уәдеге адалдық – Әсет
шығармаларында ең көп жырланған тақырып. Әсет дастандарында махаббат, байлық,
мансап, зұлымдық, адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы
да, шешілуі де қызықтырып отырады.
4.
Әсет шығармашылығының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны
ерекше. Оның әуен саздары да, өлеңі де өнерімізге қосылған зор үлес. Өлең сөздерінен
Әсеттің арманы, өнер жолындағы өмірі, өкініші мен қуанышы – бәрі, бүкіл жан дүниесі
сезіледі. Оның әдеби және музыкалық мол мұрасы халықтың рухани игілігіне айналған,
эстетикалық және тәрбиелік мәні зор ұлттық қазына.
5.
Достарыңызбен бөлісу: |