Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
19-20

Қысқаша мазмұны:
1. Жырау – ақпа-төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын 
ойлай білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға 
сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай білетін, 
болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы. Жырау ел тағдырын 
шешер ірі оқиғалар, аса мәнді, көкейкесті мәселелер турасында толғанған. Халық 
қайғырғанда демеп, қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі – жырауларды 
өзгелерге қарағанда аса қадір тұтқан. 
XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігі сарай маңында 
көрінеді. Мұндай сипатты Шығыс, Орта Азия елдерінің ақындары өмірінен де байқаймыз. 
XVII ғасырда патша сарайында ертекші, әңгімешілер ұстаған. Сөзі өтімді, халыққа беделді 
мұндай адамдарды ел билеушілер тірек етпеуі, өз маңында ұстамауы мүмкін емес еді. 
Жыраулар әлеуметтік мәні зор, ірі, келелі мәселелерді жырласа, ақындар өмірмен 
қоян-қолтық, бетпе-бет келіп сан қилы тақырыпта өлеңдер шығарды. Бұл сипаттар 
Тәтіқара, Көтеш, Шал шығармаларынан, XIX ғасырдағы ақындар мұрасынан айқын 
аңғарылады. 
Халқымыздың поэзиялық мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер – 
жыраулар мен ақындар. Ол мұралар ішінде жыраулар мен ақындардың төл шығармалары 
да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған эпостық туындылар да болуы 
мүмкін. Жыраулар мен ақындар жырларды тудыра отырып, өзі де қадір тұтқан поэзиялық 
мұраларды жырлап, таратып отырған. Бұл дәстүр қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, 
түрікмен, ноғай т.б. халықтарда күні бүгінге дейін сақталып, дами түсті. 
XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар елдік, ерлік, өмір, дін, заман хақында 
толғанған. Олар шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен 
инабатты дәріптеген. Заманының ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін 
сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық-дидактикалық түйін-тұжырымдар 
жасап, жер-суды, атамекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселелерін жырлаған. 
Ақын, жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарих іздері 
сайрап жатыр. Әр дәуірдің ірі, іргелі оқиғалары, көрнекті адамдары тарихи тұрғыда нақты, 
дәлдікпен көріне қоймаса да, жыраулар мен ақындардың өз басы жағдайлары, жыр 
жолдарында кездесетін адамдармен қарым-қатынасы, олардың сыртқы һәм ішкі 
бейнесінің кейбір көріністері, сол замандағы бірқатар оқиғалар хақындағы деректер анық 
байқалады. Мысалы, Асан қайғы жырламаса Жәнібек хан, Шалкиіз жырламаса Темір, 
Әзике, Мансұр билер, Махамбет жырламаса Жәңгір хан поэзия жолдарында қалмас еді. 
Мысалы, Тәтіқараның «Кеше тоқыраулы судың бойынан», Бұқардың «Ал, тілімді 
алмасаң» толғауларынан Абылай өмірінің кейбір деректерін, Үмбетейдің «Бөгенбай 
өлімін Абылай ханға естіртуінен» қалмақ пен қазақ арасындағы шайқас көріністерін тани 
аламыз. 
Ақын, жыраулар хан қасында болып, оның мәртебесі мен мерейін асыруға қаншама 
қызмет еткенмен, өмір шындығын жырлаудан ауытқи алмаған, реті келгенде хан мен 
бектің ұнамсыз қылық, ыңғайсыз істерін де ашық айтып, батыл әшкерелеп отырған. 
Замана шындығын, дәуір сырын бейнелеген жолдар ақын, жыраулар мұрасында аз емес. 
Мұндай реалистік элементтер «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам 
білмейсің» сияқты Асан толғауларында, «Би Темірге айтқаны», Ақтамберді, Бұқар, 
Шалкиіз т.б. ақын, жыраулар мұраларында да мол. 


2. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы 
— 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары 
негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» 
деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы 
найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел 
ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 
жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа 
ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған 
ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі 
хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ 
КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр 
жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында 
басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 
5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген 
Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы 
жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы 
жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің 
сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке 
кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ 
жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр 
жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., 
Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, 
кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. 
Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы 
кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы 
дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 
— 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық 
Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. 
Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес 
сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген 
өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп 
ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ 
жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, 
сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. 
Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі 
ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан 
әрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында ертеректе туған батырлық және лиро-эпос 
жырлары сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, қазақ 
топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма 
жазу дәстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа 
жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын 
жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің 
батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда”, — деп 
басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа “Шаштараз”, 
“Тымсал өлең” атты ірі шығармалары бар. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, 
“Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі 
қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген 
теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған 
ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте 
оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” 
романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе 
де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып 


келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 
1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі 
ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының 
жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне 
байланысты тұрақтана бастады. 
3. Шығармашылығы: Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, 
Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі 
озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан 
айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған 
ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 
жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының 
барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық 
дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді. «Сауыр жерден айрылып, 
Қазақ елі жұқарды. Сауыр емес, шап болды... Заманға сай адамы - Қу заманға сұм басшы 
Сорымызға тап болды...» - десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150 жыл 
кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп 
отырғандай. Дулат ақын айтқандай: «Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты... 
Майырдың алса бұйрығын. Борбайға қысып құйрығын Ел пысығы жортады-ай» - сияқты 
шындық жергілікті басшыларға бұдан бір, бір жарым ғасыр бұрын ғана емес, «одақтасып» 
тұрған кезіміздегі біздің де ұлықтарымызға тән еді. Дулат ақынның бұл жердегі 
байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе? Отаршылдық қамытын мықтап 
киген қазақ қоғамының ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәттерде 
бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты қорқытатын «ел 
пысығы», айталық, болыс «майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, 
алдына түсіп томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та: «Күштілерім сез айтса, Бас изеймін 
шыбындап... Әлсіздің сезін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап...» -деп өзі мойындайды. 
Абай да: «Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың Шенді 
шекпен жапқанға...» - деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін 
батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл жерде Абай образды 
Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де осылайша сөйлетіп қойған - өмір шындығы, 
олардың сол шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Абайдың қазақ халқының 
тағдырын толғаған кеп сөзі жүз жыл кейінгі біздің заманымызға арналғандай көрінсе, 
Дулаттың да: «Жеріңнің алды шұрайын, Дуан салып жайланып. Датыңды айтсаң майырға, 
Сібірге кеттің айдалып. Бейнең қандай болды екен, Қарасаңшы бір мезгіл Қолдарына айна 
алып...» - дегені де бейне бізге айтып тұрғандай. Ар жағын былай қойғанда, соңғы 70-80 
жыл бойы Дулат айтқандай: «Болашақты болжамай, Жол сауданы олжалай. Ақбекендей 
алданып, Жылқыдай делбе сандалып...» - империялық торға, коммунистік әміршілдік 
құрығына түскен жоқпыз ба? Жалғыз ел билеу, заң-сот істеріне қатысты ғана емес, езге 
сәттерде де екі алыптың үндес, идеялас тұрғанын кереміз. Мысалы, ақынға, ақындыққа 
екеуі де қатаң талап қояды. Дулат: «Жыршының аты жыршы ма, Әркімнен елең жаттаса. 
Сез - жібек жіп, жыр - кесте, Айшығы айқын көрінбес, Өрнексіз қылып баттаса...» десе, 
Абай: «Өлең - сездің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, 
жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...» деген талап қояды. Бірақ «тілге 
жеңіл, жүрекке жылы тиген» сөз патшасын қалың жұртшылық түгел қабылдап жатыр ма? 
Абайдың: «Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сез танымас бір парасы...» - 
деп зар илегені және белгілі. «Кім жалғыз бұл жалғанда, есті жалғыз, Мұңдасар болмаған 
соң бір сыңары. Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па? Қазақтың табылды ма соның 
пары? Өлеңімен жұбатты өзін-өзі, Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары. Сөзін ұғып, ақылын 
алмаған соң, Патша қойса не керек қазақ шары?!» -деп Шәкәрім айтқандай, ұлы Абай 
«сөзімді айналама жеткізе алмадым, ұғып тыңдар адам аз» деп күңіренсе, осы ойды 
Дулаттан да көреміз. Ол бірде: «Бәрі тегін жер тезек Қайсысын таңдап алайын, Асыл 
сөзден бұл кетті...» - дей келіп, сол асыл сөзді айтатын да, тыңдайтын да кісі жоқ, ылғи 


«қылжың, қылжақ туысқан, қырт пен мылжың ағайын» десе, тағы бірде: «Ел құлағы 
саңырау, Кімге айтамын сөзімді... Бәрін айт та, бірін айт, Ұғынар мұны ел кайда?..» - деп, 
заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан жақсыларды сынап, 
«қармайтұғын талы қалмай, тереңге сүңгіген елі» туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен 
төккен арманын» айтады. Бұл - Дулат пен Абайдың ортақ зары, заманы, ортасы тудырған 
шындық үні. Дулат - Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға бір табан 
жақын келген, Еуропа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең 
сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін 
ауызша жаралып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше түсетін, 
авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба поэзияны бастаушы - ұлы Абай 
десек, Абайдың тақыр жерден өнер таппағанын және білуіміз керек. Қазақтың жазба 
поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай 
болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен 
Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін «кезбен көрсетіп, қолмен 
ұстататын» мысалдармен дәлелделік. Дулат өлеңдерінің ерекшілігі Дулат - жыраулық 
мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың 
төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ 
поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, 
адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан 
нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну 
сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен 
және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау 
емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері 
бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды 
езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба 
поэзияның өлең әдісі ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол 
өзгешеліктің бірі - шығарманың белгілі мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым 
тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны 
(тақырыпты) білдіруі шарт, сонымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын құрылымдық 
белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сандары біркелкі болмайды және әр 
шоғырдың соңғы жолындағы ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен 
бірдей түсіп, сол елеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек. Демек, өлеңдегі шумақ 
пен шоғырды шатастыруға болмайды: шумақ - қазақ поэзиясы құрылымында бұрыннан 
бар тәсіл, оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп құрастыру 
тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларыңда жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең 
құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан басталады. Ақынның «Тегімді 
менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады. 1- шоғыр: «Тегімді менің 
сұрасаң, Қалың найман нуынан. Жырымды менің сұрасаң, Сары алтынның буынан. 
Сырымды менің сұрасаң, Тұманың тұнық суынан. Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық 
жырмен жуынам. Сорғалаған нөсердей Жырын тыңда Дулаттың...» Мұндағы тақырып - 
ақынды таныстыру, алдыңғы 8 тармақ екі-екіден бөлініп, өзара ұйқасқан (нуынан, буынан, 
суынан), ең соңғы 10 тармақ жоғарғы ұйқастан тыс Дулаттың деген сөзбен аяқталады. 
Келесі 6 жол бір шоғыр, мұндағы тақырып - жырын тыңдауға шақырған ақынның қандай 
екендігін таныстыру, бұл шоғырдың өз ішінде «ағызып, тамызып, тойында, ойында» деген 
ұйқастары бар, ең соңғы жолы «Дулаттың» деген сөзбен аяқталады да, алдыңғы 
шоғырдың соңғы тармағымен ұйқасады. Алты жолдық 3-шоғыр да ақындық қуатты 
танытуға арналған. 4-шоғыр осы ақындық қуатты неге, кімге жұмсайтынын білдіреді, 
соңғы тармағы «улаттым» деген сөзді ұйқасқа шығарады. 5, 6-шоғырлар да осылайша 
әрқайсысы бір-бір шағын идеяны сез етіп, ең соңғы тармақтары арқылы өзара ұйқасады. 
Сөйтіп, алты шоғыр бір ұйқасқа құрылып, елең тұтастығын құрайды. Бұл - нағыз жазба 
поэзия үдесінен шыққан композиция. Дулаттың едәуір шығармасы осындай құрылыммен 


ұсынылған. Бұл тәсілдің алғашқы көрінісі Дулаттан басталса, оны жүйеге айналдырып, әрі 
қарай бекіткен Абай екенін білеміз. 
Жоғары дамыған поэзияның басты белгілерінің бірі - поэтикалық образдар жүйесінің әр 
сипатты, алуан түрлі болып келетіндігі. Поэтик., образдар жасаудың тілдік механизмі, 
яғни образдың тіл арқылы берілуі де Дулатта дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. 
Мысалы, мағыналары жағынан бір-бірімен тіркеспейтін сөздер болады. Айталық, дерексіз 
(абстракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға 
тән сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы керек. Ал көркем әдебиетте, 
оның ішінде поэзия тілінде образ жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар сездерді 
тіркестіру - ұтымды көркемдеуші амалдардың бірі болып саналады. Мысалы, Абай 
«жүрегім менің қырық жамау қиянатшыл дүниеден» дегенінде ауылдары алшақ сөздерден 
«қырық жамау жүрек», «қиянатшыл дүние» деген соны тіркестер жасаған. Бұл тіркестерді 
құрап тұрған сөздер тіркесімдік қасиеттері бір-біріне жуыспайтын элементтер: қырық 
жамау не киім, не төсек-орын болса керек, ал бүл жердегі жүрек сөзі «көңіл, сана-сезім» 
мағынасында түр, демек, дерексіз ұғым атауы. Соған қарамастан бұлар тіркесіп, «кеп қапа 
шеккен, зар илеген көңілім, ішкі дүнием» дегеннің соны образын жасауға жұмсалған. 
«Қиянатшыл дүние» де осы іспеттес. Қиянатшыл адам болса керек еді, бірақ, Абайдың 
дүниесі қиянатшыл сипатқа ие болып түр. Міне, осы тәсілді кепке дейін Абайға орыс 
әдеби тілінің әсерінен пайда болған тың амал деп келдік, өйткені бүл 19 ғасырдағы орыс 
поэзиясында кеңінен өріс алған ұтымды тәсілдердің бірі болғаны аян. А. С. Пушкин, М. 
Ю. Лермонтовтарды оқып, игеріп, оларды аударуға барған Абайдың назарына, әрине, 
орыс тілінің көркемдеу амалдары ілігуі мүмкін. Бірақ дәл осы тұста Абайға орыс көркем 
сөзі емес, қазақтың төл поэзиясының тілі үлгі болған. Ілгерірек уақыттардағы ақын-
жыраулар тілінде бүл амал ара-тұра кездесетін болса, 19 ғасыр ақындарында едеуір 
жандана бастайды. Әсіресе Дулат өлеңдерінен әділетке шелдеу, жырмен жуыну («Кеудеме 
қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам»), арманды төгу («Күндіз күлкі бермеген. 
Түнде ұйқы бермеген. Көзінен төкті арманды»), «жетімдіктің белі», «көңілдің құтысы» 
сияқты тіркестердің сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрессиясын (әсерін) 
күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образдар жасап түр. Мысалы, «Әкеңнің айтқан аз сөзін 
«Құтысына көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп қүй» деген жолдарында ақын «көңілдің құтысы, 
ақылды құтыға құю» деген тіркестерді «қиыннан қиыстырады», өйткені бұлардағы сөздер 
«түтіні бөлек» дүниелер: құты - нақты зат, сауыт, ал көңіл қолмен ұстап, көзбен керіп, 
құтыға салуға болатын нақты зат емес, соңдай-ақ оны суша, сүт ше құюға да болмайды. 
Бірақ поэтика, яғни өлең тілі бұлайша «норма бұзуға» бара алады. Көркемдеу тәсілдерін 
іздеу, оларды құбылтып отыру - асқан зор талант иесінің, қас шебердің, үлкен ақынның 
арқалайтын жүктерінің бірі. Жалпы өлең сөздің, оның ішіңде жазба поэзияның да 
көркемдік сипатын танытатын тәсілдердің және біреуі - белгілі бір затты, құбылысты, іс-
әрекетті бейнелей суреттеп, өзгеше атау болса (оны ғылымда перифраздар деп атайды), 
мұнда да ақынның тапқырлық, әр нәрсенің қыр-сырын танушылық қабілеті күшті 
болмаққа керек. Бұл орайда да Дулат ақынның сөз құдіретін танушылық қасиетіне 
тәнтіміз. Мысалы, өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ қауымының мәдени-әлеум. күй-
жағдайын бейнелейді: «Толқынды теңіз заманнан, Сенімді кеме болмаса, Жел қайықпен 
өтер ме?» - деп, қалтылдаған қайыққа теңейді. Теңеу, салыстыру дегендер де - қазақ 
поэзиясы үшін кәнігі, кене көркемдеу амалдары. Дулат пен Абай сияқты ақындардағы 
қазақ құлағы үшін тосын теңеулер мен метафоралар да ақындық таланттың күшін 
танытады. Мысалы, Дулаттың: «Күнәм жойқын, тәубем аз, Тіршіліктен не таптым! Дүние 
- жемтік, мен - төбет, Соны бақпай, не бақтым? Ырылдасып, әркіммен Не қапқыздым, не 
қаптым...» - деген өлең жолдарындағы теңеулер мүлде тың. Бұрын жалған дүние, 
алдамшы дүние, қайран дүние деп сипаттап келгенмен, дүниені жемтікке балау - қазақтың 
наным-сеніміне жат түсінік, ал ақынды сол жемтікті аңдыған төбетке теңеу тіпті 
шендестіруді «бастан асырып жіберу» болып көрінеді. Ойшыл ақын, парасат иесі - төбет 
бірде өзгелерге өзін қапқызады, бірде өзгелерді өзі қабады. Бұл - өмір шындығы, бірақ сол 


шындықты суреттеу сипаты соны. Ол ең алдымен өзіне дейін сан ғасыр бойы қазақ 
қауымының көркемдік-эстетик. қажетін өтеп келген ақын-жыраулар поэзиясының, бай 
ауыз әдебиетінің барша байлығын шебер, еркін пайдаланған ақын. Мысалы, оның 
өлеңдеріндегі «тұғырдан түсу», «олжаны ортаға салу», «жағасы сөгілу» сияқты етістікті 
тіркестер де, «айбарлы ақ орда», «шаншулы найза», «алтын қарғылы арлан», «кең қоныс», 
«еркін өріс» сияқты эпитетті тіркестер де кәнігі, баршаға ортақ дүниелер. Ақын құдіреті - 
осыларды орнымен, шебер жарата білгендігінде. Дулат - Абайдың алдында өткен қазақ сез 
зергерлерінің ішіңдегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап келген ақын-жыраулар тілі мен 
Абай бастаған жазба әдеби тілді жалғастырған көпір деп тану қажет. 
3. Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 
1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы 
деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда 
қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас 
кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны 
қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады. 
1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы 
Қарауылқожаның ауылын шауып алады. 
1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс 
әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері 
туады. Орынбор түрмесіне қамалады. 
1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет 
ауданы, Қараой деген жерде. 
2.Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел 
қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді. Азаматтың міндетін көрсетеді. Осыған 
ұқсас «Беркініп садақ асынбай ...» деп басталатын өлеңі де бар. Алғашқыда ерлер ісі 
жорық пен оның қиындығына шыдау туралы болса, соңғыда жауын жеңу, ерлікпен қасқая 
соғысу ерлер ісі деп толғайды. 
3.Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, 
жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ 
сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік 
пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы 
Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ 
ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. Егер жыраулар поэзиясы XV 
─ XVIII ғасырлар шежіресі, сол заман батырларының ерлік дастаны десек, Махамбеттің 
Исатай туралы өлеңдері ─ сол жыраулар дәстүрінің жалғасы. Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар 
жыраулар Абылай, Бөгенбай, Қабанбай бейнелерін сомдаса, Махамбет Исатайдай ердің 
биік тұлғасын үлгі етті. 
Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан ырлары 
─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, 
батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді. 
5. Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға 
тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде 
ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи 
шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол 
жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді. 


Лирикалық сезінуге бөлене отырып оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән 
нәрсе екендігі кімге де болса мәлім. 
Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің "Соғыс", "Мінкен ер", "Баймағамбет 
сұлтанға айтқаны", "Исатай сөзі" деген өлеңдерінде айқын сезіледі. 
"Соғыс" деген өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдерін тарихи 
оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау, суреттеулері тарихи 
фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес 
біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ 
бұл өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір 
түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі 
зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи 
өлеңдерімен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ - әуелі ауыз 
әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек 
етеді. Сондықтан, оны басы ашық қалдырамыз. 
Ал біздің бұл жерде айтпағымыз, ақынның тарихи уақиғаларды тамаша 
шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда оның өлеңдерінің тарихи 
шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі 
аңғарылады. 
Қырғыз халқының (сонымен қатар қазақтың да) ертегілері мен аңыз, өлеңдерінің 
тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: "Егер жұрттың айтуымен 
Гередот жинаған Гомердің көркем ертегілері мен аңыздарының аз да болса, тарихи мәні 
бар десек, егер де өзгеріліп,, мысал тәрізді болып кеткен аңыздардың негізінде оқиға 
шындыққа жататын болса, қырғыздың аталарының өмір тұрмысын, әдет - ғұрпын әр 
жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі 
болған аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез-құлықтарымен және олар жөніндегі 
тарихи сілтеулермен салыстырсақ, ол аңыздардың тарихи мәні болуы мүмкіндігіне 
күдіктенбеуіміз керек". Шоқан Уәлихановтың эпостық ертегі-аңыздардың тарихи мәні бар 
деген бұл пікірін негізді десек, тарихи мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи 
уақиғалардың нақтылы сәулесі болған Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи 
документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз. 
Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады дедік. 
Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық 
деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек - мақсаттарын 
өздерінің хан - сұлтандарға қарым - қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей 
жерлерінде, не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен 
айтылған лирикалық шумақтарда аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің 
бірқатар өлеңдернде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас келеді: 
Кешегі Исатайдың барында, 
Алақандай Нарынды 
Басушы едік құлаштай! 
Жәбір беріп, жапа етсең, 
Былғанған басым ласқа-ай! 
Мен бір шарға ұстаған 
қара балта едім, 
Шабуын таппай кетілдім. 


Қайраса, тағы жетілдім… 
Көрмес, келмес деп едім,
Өз еркіммен бетіңді-ай!. 
Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі 
көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне 
шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, 
өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне 
отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты 
туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі 
мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси 
үгіттік лирика деп атауға тура келеді.
Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси-
таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия, көркем лирикаларға өзінен 
бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де 
байқау қиын емес. Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап 
күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың 
бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттің саяси лирикалары 
ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси лириканың 
өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың, не таптың 
алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, 
үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады. 
Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының шаруашылық 
жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты 
шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды 
үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. 
Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. 
Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. 
Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, 
Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері 
тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік 
сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін 
ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі 
жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы 
мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет 
поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: "Ереулі атқа ер салмай", "Мұңайма", "Айныман" 
деген өлеңдері , мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, 
дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, 
құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып келеді де, сөйлемдері 
қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау, немесе 
риторикалық сұрау болып отырады. Мысал үшін "Мұңайма" деген өлеңін алайық: 
Ханның ісі қатайды, 
Азамат ерден мал тайды. 
Қанды көбік киініп, 
Бір аллаға сыйынып, 


Ұрандап жауға тигенде, 
Кім жеңері талай - ды, 
Жолдастарым,мұңайма!…- 
дейді ақын. 
Мұндағы "азамат, жолдастарым" деп, достарына қайрыла сөйлеу, сөйлемін 
риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне 
сай. 
Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа да 
түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері үлгісінде құрылады. 
Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан 
алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің 
кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. 
("Тарланым", "Тайманның ұлы Исатай"). Исатайдың өліміне арналған "Тарланым" деген 
өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет 
мінездерін санап көрсетеді. Бірақ, мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері 
бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-
таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін 
қорғап феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған 
жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды. 
Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның басқа өлеңдеріне 
қарағанда фольклормен тығызырақ байланыста деуге болады. Өйткені эпитет, метафора 
теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтикалық тілдер. 
Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері философиялық бағытқа негізделген өлеңдер 
болып келеді. 
Қоғалы көлдер, құм сулар, 
Кімдерге қоныс болмаған? 
Саздауға біткен құба тал, 
Кімдерге сайғақ болмаған? 
Басына жібек байлаған, 
Арулар кімнен қалмаған? 
Таңдап мінген тұлпарлар, 
Иесін қайда жауға салмаған? 
Құландар ішпес бұршақ қақ, 
Кімдерге шербет болмаған? 
Садағына сары шіркей ұялап, 
Жау іздеген ерлердің, 
Қайда басы қалмаған? 
Ішелік те желік, 
Мінелік те түселік, 


Ойналық та күлелік, 
Абайласаң, жігіттер, 
Мынау жалған сұм дүние, 
Кімдерден кейін қалмаған?- 
деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. 
"Толғау" деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін 
баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын 
ақыл кеңесіне аударады да, онан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың 
серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта, хан-төренің тағдыры 
халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында деп, 
халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше 
қорытынды жасайды: 
Батыр болмақ ойдан-ды: 
Айқайласып жауға ти, 
Тәңірім білер, жігіттер, 
Ажалымыз қайдан-ды? 
Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен 
қорытқаным мына өлеңінен де көруге болады: 
Бұл дүниенің жүзінде, 
Айдан көркем нәрсе жоқ. 
Түнде бар да, күндіз жоқ. 
Күннен көркем нәрсе жоқ, 
Күндіз бар да, түнде жоқ. 
Мұсылманшылық кімде жоқ, 
Тілде бар да, дінде жоқ. 
Көшпелі дәулет кімде жоқ, 
Бірде бар да, бірде жоқ. 
Азамат ерлер кімде жоқ, 
Еріккен күні қолда жоқ. 
Заманым менің тар болды, 
Тура әділдік биде жоқ, 
Бәрін айт та, бірін айт. 
Қаумалаған қарындас. 


Қазақта бар да, менде жоқ. 
Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына 
философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға 
әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке шомады. 
Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі 
шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай айрылдым", "Нарын " және 
басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, 
ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, 
мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты. 
Мен тауда ойнаған қарт марал, 
Табаным тасқа тиер деп, 
Сақсынып шыққан қиядан, 
Қайыңның басын жел соқса, 
Қаршыға қуыс қайғырар: 
Балапаным суға кетер деп, 
Мамығын төккен ұядан, 
О дағы біздей болған сорлы екен, - 
дейді ол. 
Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар ақынның тек 
жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы 
болды. 
Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының 
әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін 
суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған 
аңшылық, өз елінің өмірінде орыны бар жан-жануар, аң, құстардың образын көрсетуге 
көбірек көңіл аударады. Бірақ, бұл ел, табиғат байлығын, жан-жануарлардың әлемін 
суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана 
суреттелмейді. Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты, өз басынан кешірген қиын-
қыстау кезеңдердегі ой сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп ашығырақ көрсетуге 
құрал есебінде қолданады. Бұған мына төмендегі үзінді толық дәлел: 
Назары қайтқан күн болған 
Жібектен бауы көнеріп 
Ақ сұңқар ұшқан күн болған. 
Бағаналы боз орда 
Еңкейіңкі күн болған. 
Телегей-теңіз шалқыған 
Қоғалы көлдер суалып, 


Тізеге жетер-жетпес күн болған, 
Жапанға біткен бәйтерек, 
Жапырағынан айрылып. 
Қу түбір болған күн болған. 
Алқалаған жер болса, 
Азамат басы құралса, 
Мәшурат кеңес сұралса 
Мәшурат берер едік; 
Исатайдан айрылып 
Алқалай келген кеңесте 
Дем құрыған күн болған. 
Бұл тәрізді элегиялық өлеңдердегі көркем образдардың қайсысын алсақ та, 
ақынның айтайын деген негізгі идеясына бағыныңқы. Исатай өлгеннен кейін, күрес 
арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілгесін, хан, сұлтан, феодалдар 
халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауырмалықты күшейте түсті. Бұл жағдай 
ақынның поэзиясынан орын алмауы мүмкін емес еді. Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі 
қайғының элементі жоғарғы халмен байланысты болды десек, Махамбеттегі элегиялық 
өлеңдердің негізгі сол жағдайлар деуге болады. Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде, 
жауына деген өшпенділік бар, сөнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, өмірден 
түңілмеуге шақырып болашаққа сенушіліктер бар. Міне осылардың жиынтығы келіп, 
Махамбет өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді. 
Мазмұнына түрі сай түрін отты жырларды суырып салып шығаруда да ақынның 
шеберлігі тым жоғары, оның мәдени-тарихи тамыры тереңде екенінде дау жоқ. 
Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен.Ол 
жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете 
түсінген. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті 
өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Бөкей хандығына келіп Исатайға қосылады, ұзамай 
оның ең жақын достарының біріне айналады. 
Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың Шығыс 
бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетке еріп Хиуаға да барады, бірақ көтерілісті 
қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады. Баймағамбеттің ел кезген жендеттері 
Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. Ұсталатынына көзі жеткен ақын 
өзі ханға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Бірақ ол ешқашан өзінің 
Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп 
қызмет етеді. 
Шернияз он бес жасынан –ақ кішкене ділмар шері атанады. Ол адайдың атақты ақыны 
Абылмен кездеседі.Абылға еріп ел аралап, одан ақындық өнер үйреніп, Абылдың батасын 
алады. Кезінде Қашаған ақынмен де кездесіп, тіл қағыстырады. 
Менің атым Қашаған,Шынтуайтқа келгенде 
Денемді артық жасаған.Үш сиықты баса алам,- 
деген Қашағанға Шернияз: 


Қашаған болсаң қияға, Ұзын құйрық, жүйрік ат, 
Бар күшіңді аяма.Қашқанменен қоя ма?- 
деп бір ауыз сөзбен жауап айтқан екен. 
Шернияз айтыпты дейтін сөздер, терме, толғаулар көп, ел аузындағы сөздің бірі “Шернияз 
батасы” деп аталады. 
Қонса қоныс бермейді сай дегенің, 
Мінсе мініс бермейді тай дегенің. 
Үйіне қонақ қондырмас бай дегенің, 
Ішсе тамақ болмайды шай дегенің. 
Осы шайды шығарған қай дегенің, 
Тыңдап отыр сөзімді бай дегенім, 
Құрып қап па осы үйде май дегенің? 
Бата берем қолыңды жай дегенім, 
Бұндай бата бере алмас баз дегенің. 
Осы батам сендерге саз дегенім. 
Шерниязды аты үш жүзге мәлім.Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды.Көкшетауда 
Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз 
өлеңін жырлап келген-ді. 
Шернияз туралы деректер 20 жылдардан бері қарай жиналып, зерттеле бастады. 1925 
жылғы ақынның алғашқы жинағынан кейін Ташкент қаласында “Әдебиет терме” жинағы 
шықты. Бұл жинақты құрастырушы белгілі жазушы І.Жансүгіров еді.Ол жетісулық 
Омарбек ақынның айтуынан Шернияз өлеңдерінің біразын жазып алып, сол жинаққа 
енгізді. 
1938 жылы жазушылар С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин орта мектептер үшін жазған 
хрестоматияларына Шернияз өлеңдерін енгізді. Ал С. Мұқанов өзінің 1942 жылы жазған 
“Қазақтың ХVІII-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очеркінде” Шернияз 
творчествосына тұңғыш талдау жасады. Кейін профессор Қ. Жұмалиев Шерниязды орта 
мектепке жазған оқулықтары мен 1957 жылы шыққан мақалалар жинағының І томында 
сөз етті. 
Әдебиетші Б. Аманшин 1977 жылы Шернияздың жерленген жерін тауып, оның басына 
қойылған құлпытасында жазылған деректі жариялады. 
Қ. Жұмалиев Шернияздың бұрын басылмаған біраз өлеңдерін жариялады. 
Шернияз –заманы артқан міндетті атқару жолында құлшына қызмет еткенжалынды 
ақын.Ол өз басынан талай ауыртпалықты өткізіп, үстем тап өктемдігін, халық азабын 
көріп, шерлене өсті. Ханға қарсы қажырлы күрес үстінде шынығып, ақындық жолға 
шықты. Оның өлеңдерінен көтерілістен кейін қуғынға, бақытсыздыққа ұшыраған халық 
қайғысы мен хан жендеттерінен қашып-пысқан өз басының өкініші айқын көрінеді 
Хандардың көтерілістен кейін халық басына түсірген қайғылы кезеңін ақын “азған заман” 
деп бағалайды. Ол Исатайдай әділ адам билеген еркін өмірді аңсайды. Кейінгі қыспақты 
кезеңге сол күрес кезіндегі жарқын дәуірді қарсы қояды. 


Ақын қандай ауыр жағдайға кезіксе де Исатайдан айнымайды. Оны хан алдында тұрып-ақ 
дәріптейді. Исатайды ол әрі батыр, әрі әділ қазы, әрі ел қамқоры, қайырымды, адал жан 
етіп көрсетеді. 
Баймағамбет сұлтанның алдына кіріптар болып барған кездің өзінде ақын Исатайсыз сөз 
айтпайды. Шернияз Исатай бейнесін үнемі Баймағамбетке қарама-қарсы қоя суреттейді. 
Шернияз – сыншыл, турашыл ақын. Ақын поэзиясындағы шындықтың айқын белгісі оның 
ханды және хан отбасын жамандап айтқан сөздерінен де көрінеді. 
Шернияз – Исатай бастаған қозғалысқа саналы түрде қатынасып, жыр шерткен бұқара 
ниетіндегі ақын. Бірақ ол Махамбеттей тапжылмас ер ақын дәрежесінде тұрып қалмай, 
кейбір ауытқуларға, жалтара сөйлеп, айлалы әдіс қолдануға душар болды. Сөйтсе де, ақын 
поэзиясы негізінен реалистік сарыннан аулақтамай, халық мұңымен ұштасып жатады. 
2. Шернияз жайлы мәліметтерді қарастырғанда, оның өмірінің бірінші кезеңі 
халық қамын ойлаған Исатай, Махамбеттердің қасында өтіп, халық тілегі, ел 
мүддесіне жұмсалып, халықтың ыстығына күйіп, суығына тоңумен өткендігін көрсек, 
екінші кезеңі халық тілегін өз мүддесі, мансап, дәреже үшін сатушы Баймағамбет 
сұлтанның сарайында өткендігін көреміз. Сол кез, сол жағдайды еске алсақ, неге олай 
болғандығының нақтылы себептерін айқындау қиын емес. 
Шерниязды паналатуда Баймағамбеттің өз есебі, өзінше мақсаты болды. Бақ аңсап, 
даңқ іздеген, Жәңгірмен өзінше іш бәсекесі зор тырашсынған Баймағамбет сұлтанға 
атышулы Шернияз шешенді өз қолында ұстау, оның лажсыздығын пайдаланып, өзінің 
сарай ақыны ету мақтан есепті болды. 
Өздерін мақтатып, жұрт алдында беделдерін көтеру үшін, ең шешен, талантты 
ақындарды сарай маңында ұстау жалпы хандардың ескі салты екені мәлім. Бұл дәстүрдің 
жалғасы аға сұлтан дәуірі ғана емес, тіпті кешегі Октябрь революциясына шейін келді 
деуге болады. Қазақтың үлкен феодал, болыс-билерінің қасында өзінің шашбауын 
көтеретін кейбір ақындары болатын. 
Сөйтіп, Шернияздың Баймағамбетті паналауы лажсыз жағдаймен байланысты 
болса, Баймағамбеттің оны аман сақтап қалуы өз мүдде, өз тілегіне бағыныңқы. 
Шернияз өз кезінде де, өзі өлгеннен кейін де халыққа аты көп жайылған, даңқты 
ақынның бірі. Оның сөздері халыққа ерте күннен мәлім. Қазақстанның қай түкпірі болсын 
Шерниязды жақсы біледі. Оның өлеңдерін сүйіп тыңдайды, сүйсініп оқиды. Бұған бір 
жинаушының мына бір сөзі толық дәлел. 
«Біздің жақта, - дейді жинаушы, - Шернияз сөздерін әңгімеге үйірлігі бар 
жігіттердің көбі-ақ біледі. Өлеңші ақындардың білмейтіні жоқ. Әсіресе: «Байеке, сіздің 
қызда жаман бар ма» деген өлеңі мақалға айналған. Ақын көрсе «Шерниязды айт» 
деп көпшілік қолқа қылады1. Жалғыз Жетісуда ғана емес, Қазақстанның қай облысы, қай 
ауданында болсын халықтың Шерниязды қолдайтыны рас. Халыққа 
көп тарағандығы жағынан Шернияз қазақтың қай ақынымен де таласа алады. 
Тіл-әдебиет институтында Шернияздың 1925 жылы Москвада басылған Алыш 
ақынның варианты, Омарбек, Мәшһүр-Жүсіп жинаған варианты (Мәшһүр-Жүсіп, ІІ том, 
8-бет) - үш түрлі вариант бар («Шернияз ақын» өлеңдері, «Шернияз», «Шернияздың 
Баймағамбетке айтқаны»). Бұлардың аттары әр басқа болғанмен, желісі бір. Өлеңдер 
Шернияздың Баймағамбетке келіп кездесуінен басталады да, өзінің кім екенін таныстыру, 
Баймағамбет бұйрығы бойынша, оның қызын, әйелін, өзін мақтау, Исатайды мақтау, 
Медебаймен (бір вариантында Марабай делінеді) айтысып жеңуімен аяқталады. 


Нұржігітұлының «Шернияз тарихы»1 және Жәмет жыраудың «Ақкете 
Шернияз өлеңі» атты қолжазбалары тағы бірнеше ұсақ өлең бар. Әсіресе құнды 
материал деп Нұржігітұлының қолжазбасын айтуға болады. Мұнда Шернияздың өмірімен 
байланысты оның әр жағдайда айтқан ұтымды қысқа-қысқа бір ауыз, екі ауыз өлеңдері 
мен бұрынғы баспа, жинақтарда болмаған «Шернияздың Қази би мен Әлен төреге айтқан 
сөзі», «Терме», «Өмір туралы айтқаны» дейтін бірнеше жаңа өлеңі бар. Бұл өлеңдері 
Шернияздың көзқарасын айқындау үшін бағалы материалдар деуге болады. 
«Ақкете Шернияз өлеңі» атты қолжазба Нұртуған ақынның айтуынан 
жатталынып, кейін Нұртуғанның жиені Жәмет жыраудан жазылған. Бұл да бұрын ешкімге 
мәлім емес шығарма. Өзі жай ғана өлең емес, оқиғаға құрылған қысқаша поэма деуге 
болады. Кіші жүз Сиықтың шежіресін айта келіп, Исатай мен Наушаның өз арасындағы 
қарым-қатынастары, Исатайдың ерлік өлімі, оның сүйегін Наушаның алып шыққаны 
баяндалады. Аяғы Шернияздың басқа белгілі өлеңдері тәрізді Баймағамбетпен 
Шернияздың кездесуі, Марабай ақынмен айтысы, оны жеңуімен тоқтайды. Көркемдігі 
жағынан бұл онша құнды өлең емес. Бірақ оқиғасында тарихи кейбір шындықтардың 
бетін ашатын жерлері бар. (Мысалы: Исатайдың сүйегін жаудан кім алып шыққанын 
айқындау, стихиялық түрде бастаған шаруалар көтерілісін басқарушылардың өз 
араларындағы келісе алмаушылықты көрсету, тағы басқалар). 
Жоғарғы үш ақынның аузынан жазылып алынған үш түрлі варианттың желісі бір 
десек те, әрқайсысының өзінше өзгешеліктері бар. Бас-аяғы бүтін, әңгіме желісі 
дұрыс, адам мен ел аттары тарихқа дәл келетін Көкшетаудың Алыш 
ақыны айтқан варианты. Мәшһүр-Жүсіп варианты Алыш ақынға, негізінде, жақын 
келеді. Әйтсе де сөздерінде кейбір өзгешеліктері де жоқ емес. «Арқада ту ұстаған 
Арынғазы» (Мәшһүр), «Аржақта ту ұстаған Арынғазы» (Алыш), дұрысы: «Аржақта ту 
ұстаған Арынғазы» болуы керек. Өйткені әңгіме атақты Арынғазы атты хан туралы. 
Бөкейліктегі ел, Жайықтың бергі бетіндегі елді «аржақ» деп сөйлейді. Оның Арғынмен еш 
байланысы жоқ, сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіп вариантында, көп жерлері түсіп қалған не 
сөздері басқаша құралатын жерлері көп. 
Ассалаумағалайкүм, алдияр хан, 
Өлім десе, қорқады шыбындай жан, 
Сәлемді алдыңызға сала алмаған, 
Баяғыдай заман жоқ құйқылжыған. 
Шернияз өлеңдерінде тарихи екі адам туралы айтылады. Бірі - халықты езуші, 
жауы Баймағамбет. 
Шернияздың Баймағамбетке айтқан сөздерін мазмұны, құрылысы жағынан алы
п қарасақ, мақтады деген өлеңдерінің өзінде де мысқыл, кекесін жатады. «Мені 
жамандашы»деген сұлтанның өз сөзін пайдаланып,Шернияз Баймағамбеттің жауызды
қ іс, әрекеттерінің бетін ашып, жұртқа әшкерелеп береді. Өзі өлім мен 
өмірдің шекарасында тұрса да, бас кетеді деп тіл тартпай,Баймағамбеттің жауыздығы
н әшкерелеу арқылы басқа да хан, сұлтандардың халыққа жасаған зорлық, 
зомбылықтарын терең толғап суреттейді. Мұндай жерде ақын әрдайым 
Баймағамбетке Исатайды қарама 
қарсықою әдісін қолданып, бірінің елге деген достығын, 
екіншісінің елге деген қастық, жауыздығын айқындайды. 
Аржақта Арынғазы дүмбірлеген, 
Бай-еке, елің бар ма бүлдірмеген? 


Қоректеп төбеде төбет қалып, 
Туып тұр ел басына бұл күн деген. 
Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған 
Төре емессің, төбетсің дым білмеген.
Осы үзіндінің өзінде Баймағамбетке деген қаншама өшпенділік жатқаны кімге де бо
лса мәлім. Сонымен қатар бұл жерде ақын көп шындықтың бетін ашады. 
Ақынның шын сырын, шын көңілін Исатай туралы айтқан өлеңдерінен көруге 
болады. Исатай жөнінде қолданған әр сөз, әр образында үлкен махаббат, терең 
сүйіс жатқандығы аңғарылады. «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Сағынам ауызға 
алсам Исатайды», «Исатай - ел еркесі, ел серкесі» деген жолдарының өзінен-ақ 
өміріндегі ең сүйікті, ең ардақты санаған шын дос, қымбаттысынан айырылған шерлі 
жыраудың мұңды зары мен терең сыры байқалғандай болады. 
Исатай өлмей, ұсталып қайтып келген болса не дер едің дегенде: 
Бармысын жауға түскен, алтыным-ай! 
Самалым, саз қонысым, салқыным-ай! 
Жауыңның қоржынына түсіп едің, 
Шықтың ба қабын жарып, жарқыным-ай; 
Ақ алмас, алтын сапты, қылышым-ай! 
Құртып ең алты алаштың тынысын-ай! 
Жатпапты асыл пышақ қап түбінде, 
Шықтың ба қабын жарып, ырысым- ай!? 
деп, мойнынан құшақтар едім, - дейді. 
Осы үзіндінің өзінен-ақ Шернияздың Исатайды қандай дәрежеде сүйіп, қандай дәрежеде 
жақсы көретіндігі айқын көрінеді. Адамның ішкі сезім дүниесін беруде қолданылатын 
зарлай арнаудың әдісімен суреттейді. 
Қазақ халқы ғасырлар бойына талай аласапыран тарихи жайттарды басынан өткізгенін 
қазіргі жаңаша баяндалған ғалымдардың тарихқа байланысты ғылыми тұжырымдарынан 
көз алдымызға шынайы түрде елестете бастадық. Өткен замандардағы қазақтың басынан 
кешкендері сол кез жырларында көрініс тапты. Себебі әдебиет – халық өмірінің көркем 
бейнесі. Тарихтың ұмытылмауына әдебиеттің қосқан үлесі мол екені белгілі. Сондықтан 
өткен ғасырлардағы ақындар, жыраулар, жыршылардың туындыларын ерекше мән беріп 
қастерлеп, әдеби шежіре деп қарауымыз керек. 
Шернияздың Баймағанбет сұлтанға келуі жайлы бұл өлеңдер – ақын мұрасының негізгі 
бөлігі. Олардан басқа Шернияздың Махамбетпен өлең түрінде тілдесуі, қоналқаға келген 
үйге өзін таныстыруы, өмір туралы бір толғауы мен термесі, Медебай ақынмен айтысы, 
жастық туралы өлеңі, т.б. сақталған. Махамбетпен бір кездесуінде Шернияз: Көлдеуде 
көкала үйрек жергілікті, Молдалар шариғаттан сөз біліпті. Жолдасы Ер Исатай – Ер 
Махамбет, Сөз бар ма бізге айтқандай ескілікті, – деп сұрапты. Махамбет оған өз басының 
күйін жұмбақтап айтып жауап берген. Кейін қасындағы жолдасы Махамбет сөзінің 
шешуін сұрағанда, ақын “өзім де толық түсінгем жоқ, сірә, өз басының күйін жұмбақтап 
айтқан болар” деп шешіліп жауап бермеген. Бірде қоналқаға келген ауылдың жігіті 
Шерниязды аттан түсірмей, кім екенін сұрағыштап ұзақ ұстап қалыпты. Сонда Шернияз: 


Руымды сұрасаң, 
Жеті рудың ағасы, 
Ақкетенің баласы. 
Жаз жайлауын сұрасаң, 
Тайсойған – Бүйрек арасы. 
Қыс қыстауын сұрасаң, 
Ара қонып келеді 
Жүк салған жолмен қалашы. 
Өзімнің атым – Шернияз 
Жарылғас бидің баласы. 
Тап осылай деп айтпасам, 
Қондырмаймын деп тұрсың ғой шамасы, – депті. Ақынның термесі мен толғауы өзі көрген 
өмір сыры мен оның өткінші сыпаты жайлы ойларға толы. Болжалды күн болған соң, 
Дүниеде кім қалған? Батыр өткен шабынған, Жүйрік өткен шабылған, Кербез өткен 
тағынған. Сұлу өткен жағынған. Не жайсаңдар өтпеген, Озаған жүйрік табынан. Шернияз 
өлеңдерінде сөз тауып айтатын тапқырлық, шешендік, бейнелілік, “бас кеспек болса да, 
тіл кеспек жоқ” деп ұғынатын өткірлік мол байқалады. Бұл сыпаттар жоғарыда айтылған 
Баймағанбетпен кездесулерінде ерекше танылады. 
“Хан қолында ұстаған қасқа қылыш” – Баймағанбеттің өзіне сөз арнаудың реті жоқтығын 
түсінген ақынның өлімнен құтылу үшін асығыста тауып айтқан өлеңі. Бірде сұлтан 
асығыс шақыртып, есіктен кіре берген Шернияздың басындағы жапатай бөркі маңдайшаға 
тиіп, ұшып кетіпті. Сұлтан “ойланбастан осыны өлең қылшы” депті. Сонда Шернияз: 
Басымнан түсіп кетті жап бергенім, Құдай-ау, осы ма еді көп көргенің. Өсірген сылап-
сипап он саусағым, Кәнеки, тап бергенде, ап бергенің. Қызыл тіл барың болса, енді сөйле, 
Таппасаң, қапияда босқа өлгенің. Ұлына екі атаның бермей тілек, Кім еді сонша көпте жек 
көргенің, – депті. Сөзді тауып, орынды қолдану оның мерейін Медебаймен айтыста да 
үстем еткен. Ханмен бір дастарханда отырған Шерниязға тиісіп, Медебай: Ханыммен 
бірге отырып тамақ жейтін, Отырған құжырайып бұл қай неме? – деген. Осындағы “неме” 
деген сөзді ұстап алып, оның қазақ тіліндегі бұрма мағынасын пайдаланып, ақын 
Медебайды жеңіп кеткен. Осы ма Медебайың хан мақтаған, Қолында домбырасы 
бармақтаған, Хан алдында “немесін” салмақтаған, Көргенсіз неткен есер қалжақтаған. 
Шернияздың тіліндегі юмор, сатира, астарлап айту, мақтап отырғансып, жамандау, т.б. 
әдіс-амалдар жоғарыда келтірілген үзінділерден айқын байқалады. Бұл айтылғандар 
Шернияздың өз заманының елеулі ақындарының бірі болғанын көрсетеді. Кедей ақынның 
шарулардың хан билігіне қарсы күресіне қатысуы, Исатаймен, Махамбетпен достығы, 
Баймағанбет маңында жүргенде де сол достыққа адал болып қалуы оның бұқарашылдық, 
халықтық көзқарасын танытады. 
Дәріс №3. Құлыншақ Кемелұлы, Шортанбай Қанайұлы, Шөже Қаржаубайұлы 
Құлыншақ Кемелұлы
 
ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең 
шығарып, терме, жыр айтқан. "Көлбайға" "Дүйсенбі датқаға" дейтін толғауларында ел 
билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдіреді, жауға қарсы күресте ел 
бастаған батырларды дәріптейді. "Шырын-Шекер" дастанында, "Оңдыбайға", "Майлыға", 
"мөделіге", т.б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ 
Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, т.б. ақындармен айтысқан. 
"Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын 


жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын 
ҚР ҰҒА-ның қолжазба қорына тапсырған. 
Ақын Құлыншақ Кемелұлының араб әдебиетімен байланысы. Өз заманында, көзінің 
тірісінде-ақ атақ-даңқы алыс-алыс аймақтарға тараған күнгейлік ақын – Құлыншақ 
Кемелұлы (1840-1911ж.ж.) Бұл кісі күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының 
бірі. Туған жері Оңтүстік өңірі. Туған жылына келер болсақ 1840 жыл. Дегенмен 
Ә.Оспанұлы былай дейді: «1983 жылы жарияланған «Қаратау атырабының ақындары» 
атты кітабымызда, ол кісі жайында тақыл-тұқыл ғана мәлімет беріп өте шыққанымыздың 
негізгі себебі де міне осы болатын. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже 
баласы, ол кезде 63-64-тердегі Исахан ақсақалды, Исакеңнің айтуында ақын 1831 жылы 
туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Меке сапарына кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы 
қағына тиген қатты дертке ұшыра қайтыс болған делінгенді. Бірақ кейінгі Қазақ 
ССРҒылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібаев 
«Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабында (1967) және біздің мәліметті 
ұстанған профессор Ханғали Сүйіншәлиев жазып, жариялап жүрген соңғы зерттеулерде 
Құлекеңнің дүниеге келген – кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар межесінде көрсетіліп, 
ол Қазақ-Совет энциклопедиясында жарияланып та жіберілді. «Бес ғасыр жырлайды» 
кітабында, Ақын Құлыншақ қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе 
кеңшарында 1840 жылы туылып, 1911 жылы сол жерде қайтыс болған, - делінген. 
4. Құлыншақ ақын діни сауатты, араб әлемінен азда болса да хабары болған адам. Ал 
жоғарыда аталған кітаптардың ішінде Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көрсетуден 
көрінеу қашқақтаған. Дегенмен біздің ақиқаттан аттағанымыз дұрыс болмас. Ол кісінің 
діни сауатты әрі діндар қаламгер болғандығы айдай анық нәрсе емес пе? Діндарлығының 
ең негізгі белгілерінің бірі, ол кенже ұлы Исахан айтқандай, Исламның бес парызының 
бірі болған қажылықты орындауы. Бұл кісі өмірінің соңында қасиетті Мекке қаласына, 
қажылыққа барып келген. Құлыншақ Кемелұлының өмірбаянын ақын Сұлтанбек 
Аққожаев өлеңмен келтірген екен. Өлеңнің соңғы шумақтарында, Құлыншақтың Меккеге 
барғандығын былайша баяндаған: Айтайын уақытында болған ерді,- Ел берген дүниенің 
арқасында Мекке мен көріп қайтты Мединені. Діндарлығына екінші бір дәлелді оның 
Майлықожамен айтысында көре аламыз. Қысқаша тоқталсақ, Исламның бес парызының 
біріншісі тілін кәлимаға кәлтіру, яғни: «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту. Осы сөзді айтқан 
адам мұсылман болып есептеледі. Енді ақының осы сөзді (кәлиманы) айтқан өлең 
жолдарын келтірейін: Қожеке, екенсіз ғой ақылсыз жан, Басында айыбың көп мың менен 
сан. Келмегейдің баласын кәпір дейсің Лә иләһә иллалла мен мұсылман. Акын өзінің 
діндар әрі мұсылман болғандығын мақтан тұтқан адам екендігін мына жоғарыдағы өлең 
жолдарынан байқауға болады. Бұл нәрселердің барлығы Құлыншақ ақынның 
шығармаларының араб әдебиетімен, мұсылманшылықтың негізі болған құранмен 
байланысы бар екендігін көрсетеді. Сол заманда тек Қүлыншақ ақын ғана діндар қаламгер 
болмаған. Өзімсн қатарлас, замандас ақындар да діни сауатты болған. Бұл сөздеріміздің 
бірден бір дәлелі, ол кісілер сөйлеген сөздерінде, айтқан өлендерінде Алла есімін, діни 
қағидаларды естен шығармаған. Араб әдебиетіне де жақындықтары болған. Себебі олар өз 
өлеңдерінде араб сөздерін (сол сездердің баламасы казак тілінде бола тұрса да) қолданған. 
Мәселен Құлыншақ ақынның "Қисық ақынмен тілдесу" атты өлеңінде мынадай жолдар 
бар: Максұдың Алла тағала бергеннен соң. Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк 
құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Енді осы өлеңдегі араб 
сөздері мен діни ұғымдарды карастырайық: Біріншіден: әр бір нәрсені Алланың 
беретіндігін мойындаған, ал екіншіден берген нәрсесін алушы да 
Құдай
 екендігін тағы да 
айтып кеткен. Араб тіліне жақындығын айтар болсақ: өлеңде «мақсұд», «мүбәрәк» деген 
араб сөзері қолданылған. Ол кісі мақсұдың сөзін келтірген. Бұл негізгі мақсаты, ниет 
етілген нәрсе. Мағынасын "сұрағаның" десек те болады. Ақын араб сөзінің орнына өз 
сөзімізді қолданса болар еді ғой. Бірақ олай етпеген. Ақын бұдан кейінгі қатарда араб-
қазақ сөздсрін қатар қолданған. Өлеңдегі «мүбәрәк» сөзі қазақша «құтты болсын» деген 


мағына білдіреді. Атап өткен , мүбәрәк сөзі бір ғана құтты болсын деген мағына емес, 
басқа да мағыналар береді. Мысалы: көрікті дегсн сияқты. Ақын осы мағынадағы мүбәрак 
сөзін 
Майлықожамен
 айтысқан кезінде былай қолданған: Қожаеке, есенсіз бе, сәлем 
бердік, Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік. Кей кездерде Құлыншақ ақын араб сөздерін, қазақ 
өлендерінің ұйқастарында қолданған. Мәселен: Құлыншақ пен Майлықожаның айтысына 
үңілейік. Онда Құлыншақтың мынадай сөздері бар: Қалай-қалай қожа едің аузың залым 
Сыртында кім болсаң да, ішің мәлім. Құдай бергсн дәулетім менің калың, Ықырар болсаң, 
тапқаның менін малым. Бұл жердегі «залым» (мағынасы арамы, зұлымдық көрсетуші 
адам), «мәлім» (мағынасы белгілі) ол араб сөздері. Қазақ залым сөзін жиі қолданады. Ал 
мәлім сөзі де көп қолданғанымсн онымен теңдей қолданыста жүретін өзіміздің "белгілі" 
сөзіміз бар емес пе? Бар болса да бұл кісі араб сөзін қолданған. Қолдану себебі сөздің бір 
біріне жақсы ұйқасып, жеңіл айтылуына байланысты. Қорыта айтқанда Құлыншақ 
Кемелұлы заманының көрнекті ақын болған. Бір өкініштісі Құлыншақ жайлы деректер 
жоқ емес, дегенмен жоқтың қасы. Әсіресе шығармалары, өлең жырлары осы күнгі 
шығарылған кітаптарда аз ғана. Мәселен «Бес ғасыр жырлайды» кітабында ары кетсе он 
ғана өлеңі жарым жартылай берілген. Десекте Құлыншақ ақынның бізге жеткен өлең 
жырларын көзіміздің ағы мен қарасындай бағалай білгеніміз жөн болар. 
ХІХ ғасырдағы ғана емес жалпы қазақтың асыл сөзіне, пайым-таным деңгейіне 
өлмейтің өз өнеріне қосып кеткен, еліміздің тағдыр-талайына тар кезеңдегі тарихына 
қабырғасы сөгіліп қасіретті күй шерткен күрделі тұлғалардың бірі – Шортанбай 
Қанайұлы. 
Ол халқымыздың әдебиеті қатталып, қағазға түсе бастағаннан-ақ еленіп, ескерілген 
дарын. Әрқашан да назарда болды.Әр кезеңнің саясатына орай түрлі бағасын алды. Қазақ 
әдебиеті тарихындағы зар-заман ағымы әдебиетінің айтулы тұлғасы. 
Зар-заман ағымы неден басталып, немен бітті? Ақындары кімдер? Бұрынғы ақын-
жыраулардан нендей өзгешелігі бар? Әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады ? 
М.Әуезов 1927 жылғы «Әдебиеті тарихы» еңбегінде Абылай дәуірінен басталып, 
Абайға келіп тірелетін дәуірдегі ақындарды «Зар-заман» ақындарды деп, Шортанбай 
өлеңімен атаған. Дулат шығармашылығын өткенде осы жүз жыл мөлшеріндегі дәуір қазақ 
тіршілігіне қандай жаңалық әкелгенін айтқанбыз. 
М.Әуезов «Зар-заман» ағымының басын Асанқайғы, Бухарлардан бастамды. 
Мәселен Асан қайғы қиналғаны заман туралы, қиналған заман жайы туралы, қиналған 
заман қазақтың орысқа бағынуға жақындағы қалған мезгілі.Сол 
Шортанбай 1818 жылы Онтүстік Қазақстанда Түркістан аданында, Қаратау деген 
жерде (қарнақ қыстағында- С.Талж.) (Академия кітап ханасында белгісіз автордың 
жазғаны бойынша 1801-1805 жылдары туыы, 1870-75 жылдары өлген сияқты – С.Тал.) 
туған. Өз айтуынша да, басқалардың айтуынша да Шортанбайдың негізгі – қожа. 
Орынбаймен айтысқанда, Орынбай: 
Дунана қожа атасы барар Меке, 
Мейрамға иман болған жалғыз жеке, 
Жолық болсын дегенің, жақсы лепес, 
Құдай берсе мол болсын я қожеке! 
дейді. Көпшілік еңбектерде қожа деп берілгенмен, өзінің өлер алдындағы елге айтқан 
насихатында: 
Қаратауда халық едім, 
Қожа емес едім, сарт едім. 


Жастай молдадан сауат ашып, Шаяндағы медресені тамамдайды. Жалпы Шортанбайдың 
жастық өмірі, өскен ортасы туралы деректердің көбі күнгірт шашырап жеткен үзінді. 
Оның туған өлген жылдары туралы мәліметті де ең алғаш С.Мұқанов еңбегі арқылы 
белгілі. Барлық деректерде жасында Сырда туып, кейіннен арқаға келген деп беріледі. 
Шортанбайдың Сарыарқаға ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, Кеңесары қозғалысының 
дәуірлеп тұрған тұсында келген. Өмір сүріп, ақындық құрған жері. Қарқаралы уезіндегі 
Бесата деген ел. Алғашқы кезде Жамантай төренің мақында (Бесата) болған, кейін 
Жаңғұтты бидің қолына Ақсу-Аюлы барып, сонда 1881 жылы өлген. Ақын 1881 жылы 
қазіргі Жезқазған облыстарына қарасты Шет аудан жерінде қайтыс болды. (Х.С.). 
Шортанбай өмірі, ұрпақтары жайлы біраз деректерді кемел Жүністегінің мақаласынан 
кездестіреміз. 

Әкесі Қанай Балқаш көлі төнірегін мекен еткен Шұбыртналы руына келіп тұрақ тапқан. 

Қанай Нұра бойын қоныстаған Нақып қожаның қазы Шүкіманға үйленген. 

Шортанбай мәйіті Шүкіманның ағасы Ыбырайым мазарының іргесіне жерленген. 

Ақынның жалғыз қарындасы Қалаулы Кәрсен-Қозыбақ ішіне тұрмысқа шығып, одан 
белгілі Кәрібек күйші туған. 

Шортанбайдың өзінің 2 ұл (Алдаберген Аязбай), бір қызы (Бәтіш) болған. 

Қызы Бәтіш Берлібай Апақтың немересі Ақпанбайға ұзатылған. 

Ұлы Аязбай сол жақта дүние салып, екінші ұлы Алдаберген шолақ белсенділердің 
алғашқы зорлық-зомбылықтарынан сескеніп, Қаратау жаққа ірге ауыстырған. 

1930-31 жылдары ұлы нағашысы, үлкен шешесі Шүкіманның інілерінің бірі Есмағанбетті 
іздеп келген дейді. 
Шығармаларының жариялануы, зерттелуі

Шортанбай шығармалары ХІХ ғасырдың ІІ 
жартысынан бері жарияланып та көп сөз болып та келеді. Ақынның жырлардын тұңғыш 
рет бастырып шығарушы – белгілі түркітанушы ғалым В.В.Радлов. «Түркі тентее 
халықтар әдебиетінің нұеқалары атты көп томдық еңбегінің ІІІ томында (1870) Шортанбай 
өлеңдері жарияланды. («Зар заман», «Заман ақыр») Бұларды Радлов жұрт аузынан жинап 
бастырған. Шортанбайдың «Зар заман» толғауы 1883 жылы Ташкентте басылған 
Лютштың «Қырғыз хрестоматиясы» атты кітабында да (225- 249) басылған. В.В.Радлов 
бұл өлеңдерді Семей, Сергиополь (Аягөз), Қапал, Вериот (Алматы) төңірегінен жазып 
алса, Лютш бұл Шортанбай өлеңдерін Әулиеата (Жамбыл) Түркістан, Ақмешіт 
(Қызылорда) жақтан жазған. «Ерден батырға» айтқаны Ы.Алтынсариннің 
хрестоматиясында (1879) жарияланған. Бұл екі нұсқада аздаған өзгешеліктер болғанымен 
негізі бір шығарма. Ақынның «Бала зары» толғауы. Қисса-и Шортанбайдың бала зары» 
деген атпен 1888 жылы Қазанда Жарияланып, содан соң 1890, 1897, 1901, 1906 жылдары 
қайталана басылған. 
Ақын шығармалары осы ғасырдың 30-40 жылдары қайта жарияла бастады. 
Шортанбай өлеңдерін М.Әуезов, Молдағали Жолдыбаев, Ә.Қоңыратбаев («ХІХ ғасырмен 
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттін оқу кітабы» 7кл. 1933) , С.Мұқанов (Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ 
ғасырдағы әдебиетінің тарихынан огерктер» А. 1942), Қ. Жұмалиев («Қазақ әдебиеті» 
8кл. Арн оқу құр: 1948-50), «Қазақ әдебиеті» газетінің 1957 жылғы 12 сәуірдегі №15 
нөмірінде С.Мұқанов, Т.Нұртазин, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаев, С.Нұрышевтардың 
мақалалары жарияланды. 1959 жылы 15-19 июнь күндері өткен «Әдеби мұра және оны 
зерттеу» атты ғылыми теориялық конференцияда Шортанбай шығармашылығы арнайы 
сөз болды, 1962. ж. «Қазақ әдебиетінің тарихы» ІІ том 1 кітабында Шортанбайға арнайы 
тарау берілді. Қазақ ССР Ғ.А. баспасы шығарған «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ 
ақындарының шығармалары (1962), 1965 ж «Үш ғасыр жырлайды», 1984-85, 1989 
жылдары шыққан «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда, Жалпы ақын 
шығармашылығына 1992 жылы жарық көрген «ХІХ ғасыр әдебиеті» оқулығында 
Х.Сүйіншәлиев кеңінен тоқталып, оның өлең-тол ғауларының мәнін, мазмұнын талдап, 
ұғындырды. 1993 жылғы «Зар заман» жинағында шығармалары берілді. 


Шортанбай шығармашылығын соңғы уақытта зерттеп жүрген Қ.Мәдібаева 1993 
жылы «Шортанбай» атты кітапша шығарса, К.Жүністегінің «Абай» журналында 1994 ж 
№10 «Шортанбай және Абай», 1995 жылы «Зар заман ағымы және Шортанбай мұрасы» 
атты тақырыпта диссертация қорғады. 1996 жылы «Жұлдызда Ш.Ғұмырнамасы. Кеңес 
дәуірінде біржақты үстем саясат ақынды қаншама рет халқынан шештетпек болып кезінде 
оқулықтар мен хрестоматиялардан алып тастамақ болса да, елін жерін еміреке сүйген аса 
талантты Шортанбай өлең-жырларынан жас қауымды бейхабар етнекші болса да оның 
өміршек шығармасын зерттеуші ғалымдарымыз оны әдебиет сахнасынан ешбір түсірген 
емес, кейінгі ұрпаққа табыстады. Уақыт өлшемі деген адамзат тарихымен бірге жасап, 
келе жатқан, рухани кейде «уақытша» өлшем болып жабысатын, кейде шын мәніндегі 
мәңгілік баға болып табылатын аса бір айғақ таразы бар. Сол таразыға Шортанбай 
танымы сан мәрте түсті. Сан қайта тартылды. Бір бақыты сол олай десе де бұлай десе де 
татымсыз дүние деп алынып тасталмады. 
М.Әуезов «зар заман» деп атаған дәуірдің сыр сипатын жұқалап, жаймалап айтқан 
ойлары талай жайға меңзейді. М.Әуезов: «Өз тұсында болған қоғамдық, таптық, 
шаруашылық өзгерістердің нәтижесі әдебиетте бір Шортанбай емес, оның тұетасы болған 
Мұратты кейінірек қалыптанған Абайды, тағы басқаларын да – бұрынғыдан басқаша, 
ерекше сарымен жырлауға бейімдеді,» дегені бар. Шортанбай жырындағы шындықты, 
нақтылықты, қарапайымдылықты баса айтты. С.Мұқанов. Шортанбай шығармаларына 
алғаш талдау жасаған, оған баға берген ғалымдардың бірі – С.Мұқанов: «Шортанбайдан 
сақталған жырлардың көлемі көп емес, жалпы шамасы – 1500 жолдай ғана өлең. Бірақ осы 
аз көлемді жырға, өз заманындағы қазақ халқының саяси шаруашылық халін, ауылдағы 
тап тартысын, тұрмыс-салтын, ой санасын түгел сотғызған, тұтас бір заманның бейнесін, 
осы 1500 жолды өлеңге сотғыза білген. Шортанбай жырлары қазақ әдебиетінде жаңа 
дәуір. Ол дәуір екі жақты қанаудан тұншыққан халықтың ащы зары, соңдықтан, 
Шортанбай заманының атын «Зар заман» - деп тауып қойған,- дейді. 
Қ.Жұмалиев: Әйтсе де сол 60-70 жылдардағы қазақ өмірінің сырлары мен 
қырларын білгіміз келсе, Шортанбай шығармалары бізге бай мәлімет береді,- деп өзі 
сезгенді өзгеше тұжырымдауға тиіс болған кезде осылай астарлап, ақтап, арашалайды. 
Дулат, Шортанбай шығармашылығы 1959 жылғы 15-19 маусым аралығында өткен 
ғылыми конфликтыда талқылауға түсіп, әдеби мұраны зерттеу, кәдеге асыру жайы сөз 
б/ды. Мұндай қайшылығы мол ақындар ой-санасы өскен тыңдаушылары бар жоғары оң 
орындарында өтілуге тиіс деген шешімге келеді. 
Сол кездегі жетекші күш-партиялық саясатқа жалтақтау басым болғанымен, киелі, 
мазмұнды, мәселелі әңгіме өтті. Пен 1992 ж Х.Сүйіншәлиевтердің еңбектерінде 
Шортанбай туралы кең де келелі пікірлер айтты. 
М.Магауин 60 жылдардың ортасында: Шортанбай ұзақ өмір жолындағы толғаған 
ой кікірі жан-қиналысы бір-ақ ауыз сөзге: «Су түбіне кеттің жұрт, тал табылмас 
қармарға!» деген ақын аузынан ажал сағаты соғар сәтте шыққан қатал үкімге тіреледі,» 
деп ашық жазған болатын. 
Шортанбай шығармалары егемендік алған уақытымызда қайта тіріліп, 
жарияланып, бүгінгі көзқараспен зерттеліп жатыр. 
Шортанбай шығармаларын С.Мұқанов 1500 жолдай десе, С.Талжанов өз еңбегінде 
3500 жолдай деп көрсеткен. Ақын шығ. Тереңбрек зерттеген, жинастырын бастырған 
Қ.Мәдібаева 3000 жол деп берген. 
Ақын шығ-ры. «Зар заман», «Алдаушы жалған», «Бала зары», «Шор-ң өлер 
алдында қатым-бала, ел-жұртына араздасып айтқан насихат сөздері», «Көз көрген қазақ 


батыры», «Келер заман сипаты», «Ақжолтай батыр» дастаны, айтыстары: Орынбаймен 
айтысы, Шөжемен айтысы, Асан бұғымен айтысы. 
Шортанбай шығ-на байланысты көзқарастар: 
-Шортанбай туралы болсын, жалпы алғанда ескі мұраларды игеру жөнінде б/сын, 1940 ж-
ға дейін бірыңғай бетте келдік: өткеннің бәрі «оң баған», феодализм, мистик, кертартпа 
деп ат тонымызды ала қаштың. 
-1940-1947 аралығында бұрынғы сыңаржақтыққа бетке түстік. «Жоқ, бұрынғы 
тикіріміз тіре екен, бұл ескі ақындар феодализм жыршысы емес, мистик-діндар да емес, 
бұларда керітартпалық жоқ, халық жырлаған – бұқараның өз ақыны екен» деген 
көзқарастар білдірілді. 
-С.Мұқанов 1942 жылғы еңбегінде осы пікірді қолдады: Сонда: «Шортанбай кедейдің 
ауыр халін жай сыпаттаушы ғана емес, кедейге шын жаны ашитын ақын», дегенді айтты. 
-1943 ж. «Қазақ әд-ң оқу құралында» проер. Қ.Жұмалиев те Шорт-ды феодализм ақыны 
дей отырып, оның «халықшыл» жағын баса көрсетті проер. Е.Ыемайлов та т.б. сол 
бағытта б/ды. 
-Бері келе 1948-50 ж шыққан «Қазақ әдебиетінің оқу құралында проер. Қ.Жұмалиев 
бұрынғы пікірінен қол үзіп, сын көзімен қарап, дұрыс бағасын берді. «Шортанбай өз 
дәукірінде көп шындықтардың бетін ашты, кедейлердің ауыр тұрмысын көре білді, бай, 
болыс, ел билеуші әкімдердің жалпы еңбекші халықты қанап отырғандығын көрсетті, 
бірақ осыларға Шортанбай феодал табының көзқарасымен жауап берді» дейді. (1950 ж 
басылым. 207 бет) 
-1957 ж «Қазақ әд.» 12 апр. №15 санында С.Мұқанов «Ана тілі мен әдебиеті сабағы тур.» 
деген мақаласында Шортанбай тур. өз ойын ортаға салғанда, оның екі жақтылығын атап 
көрсетті. 
-Сол газетте Т.Нұртазин, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұеабаев, С.Нұрышев жолд. пікір алысты. 
Әрбіреуі өзінше адал ойларын жариялады. Әрине І-І қайшы келгендері де б/ды. Мыс: 
Ғ.Мұеабаев «Шортанбай діндәр емес, оның шығ-дағы дін сөздері Қазан молдаларының 
жамап-жаеқауы болар» деп жорамалдаса, Т.Нұртазин «жоқ, бұл мистикақырет ақыны,» - 
деп қарсы шықты. Шорт. тур. әр автор түгіл, бір автор әркезде әртүрлі айтқандары б/ды. 
-Олардың бәрі бірауыздан: Шортанбайды пайдаланайық, ол өз заманының елеулі ақыны, 
өзінің орнын берелік, оны Абайдан бұрынғы әдебиеттің көрнекті өкілі етіп, марксше-
лекинне сын көзімен қарап, екшеп керегін кәдеге асырайық, десті! 
Шортанбай шығармалары өз заманының жай күйін, отаршылдық саясат емін-еркін етек 
жайған қазақ даласының әлеуметтік қалпын бар қырынан ашты. Адамзаттың даму 
көшінде басып өтер тар жол, тайған кешулердің қазақ халқының тарихына, тағдырына 
бұйырған аса бір мәнді кезең – ХІХ ғасырдың болмысы өзгеше болып еді. 
Шортанбай поэзиясы ескінің соңы болса, Абай – жаңа поэзияның басы еді. Мұның 
мәні ескі қазақ поэзиясының құлжалары осылар деп Бұхар, Дулат Шортанбайларды 
Абайдың айрықша бөліп алып сынағанының өзі тегін емес. Абай ауызға алуға жарағанның 
өзі, Абай сынауға татитын болудың өзі осал еместікті көрсетеді. 
3. Шөже Қаржаубайұлы – 
халық ақыны
. Қазіргі 
Нұра ауданының
 жерінде кедей шаруа 
отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын 
салдарынан зағип болып қалған. 
Айтыстарға
 қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-
философиялық
 көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді 
әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, 
Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп 


шыққан.
[1]
 Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті 
мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді 
зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен 
танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы 
болған. 
Абаймен
 кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор 
ықпал жасаған. 
Ш. Уәлиханов
 1864 ж. 5 наурызда өзінің 
Омбыдағы
 пәтерінде Шөже 
орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін 
жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. 
[2]
 
Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, 
т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже 
тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды.
[3]
 
Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де 
жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен 
айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. 
«Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім 
өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады. 
Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың 
Үйде жарлы болсам да,түзде баймын. 
Асығымнан алтынға бөлесеңде, 
Дүние жүзін көрмеген сормаңдаймын,- 
деуіне қарағанда, ақын өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол 
барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, 
әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, 
шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, 
Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда 
оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта 
теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би-болыстар қатты сыналады. 
Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен 
Алшынбай
 шонжарға айтқан сындары өте 
өткір. 
Жолшора өзің қазы, әкең Анай, 
Бұрып сөйлеп, параны жедің жалай. 
Алдында жеті тамұқ, сегіз жұмақ, 
Қайсысына кіруің екі талай. 
Қажылықпен дүниеде жедің пара, 
Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай! - дейді. Балтаның «Ит соқыр» деп айыптаған дөрекі 
сөздеріне де ақын бұлтарыссыз батыл жауап береді. Балта елінің аға 
сұлтаны 
Құнанбайдың
 да соқыр екенін айтып, мықты болсаң содан құтыл дейді. 
Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса, 
Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан. 
Шөже Балтаны жеңгенде оның парақорларлығын, ұры-қарыларға жақтастығын айтып бет 
қаратпайды. Сен ұрысың, олар парақор – бәрінің пиылғың бір деп оларды қоса 
айыптайды. 
4. Шөженің аса көрнекті айтыс ақыны екендігі М.Әуезов еңбектерінде әркез аталып, 
жоғары бағаланып келді: «Радлов жинап бастырған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры 
революциядан кейін 1925 жылы Москвада қазақша жеке кітап болып басылған. Сәбит 


Мұқанов пен Х.Бекхожин 1939 жылы орта мектептерге арнап құрастыратын 
хрестоматияда осы вариант үзінді түрінде басылған. Бұлардан басқа Қазақ ССР Ғылым 
Академиясының тіл және әдебиет институтында Шөже ақын айтты дейтін тағы бір көркем 
ескілеу нұсқасы бар. Бұл нұсқасы Мәшһүр Жүсіп жинаған, әлі баспа көрген жоқ. «Қозы 
Көрпеш – Баян Сұлу» жырларының ішіндегі айырықша назар салатын бір тәуір нұсқасы 
осы. Бұдан басқа Ғылым Академиясында 1905 жылы Павлодар уезі, Баянауыл қазағы 
Молда Мұқан Машақұлынан Жақыпбаев жазып алатын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» 
жырының екінші түрлі бір қолжазбасы бар. Бірақ, бұл вариант кейбір өзгерген сөздерін, 
кісі аттарын айтпасақ, Шөже нұсқасынан алынған көрінеді. 
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырларын көп басып, халыққа тартақан орынның бәреуі – 
Қазандағы Құсаиновтар баспасы. Бұлар «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанының түрліше 
нұсқаларын 1878, 1890, 1896, 1909 жылдары қазақша кітап етіп бастырған. 
Осылардың бәрі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының қазақ арасына өте әйгілі, көп 
тараған және халықтың аса қадірлеп сақтаған қазынасы болғанын көрсетеді. Жырдың 
нұсқасы қанша көп болса, мұның айтуыншылары да сонша көп. Бұлардың ішінде Шөже, 
Жанақ, Сынанбай, Бекбау сияқты халық ақындарының аты айтылады. Қазақтың хикаялы 
жырларын сақтап келген кісілердің өзі осындай жыраулар, айтушылар 
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын көп зерттеп, оған үлкен мән берген кісінің бірі – 
Сібір ғалымы Г.Н.Потанин. ол «Вестник Европы» деген журналда (1890 жылы, 9 кітап), 
одан соң «Русское богатство» деген журналда (1896 жылғы №8 нөмірінде) бұл жырға 
тоқталып, жоғары бағалайды. Г.Н.Потанин «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын Батыс 
Европаның, орыстың, Шығыс елдерінің бірнеше халық дастандарымен салыстыра келіп: 
«Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма» — деп бағалаған. 
Осыған қоса орыс зерттеушісі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын ел арасына кең 
таратып, біздің дәуірімізге жеткізген Шөженің жыршылдық ерекшелігін ашқан. Аса ірі 
жыршы, қобызшы ақын Шөжеге әр қырынан қараған. 
«Ойды ой қозғайды» дегендей, ақберен Шөжені ерте көрген фольклорист Г.Н.Потаниннің 
алғырлығына іштей риза боласың. Ізгі жүректі жандар бір-бірін, өз замандастарын кезінде 
бағалай білгеніне қайран қаласың. 
Кезінде халқымыздың эпикалық аңыздарының өрістеуіне Шығыстың ғұламасы Әлішер 
Науаи дастандары зор ықпал жасаған. Сондықтан Шөже жырлаған «Қозы Көрпеш – Баян 
Сұлу» жырының аталған нұсқасынан «Фархат-Шырынмен» ұқсас-үндес сюжеттерді 
көруге болады. Науаи шығармалары қазақ еліне аңыз түрінде жеткен. Ал, оны Шөже 
секілді білікті шайырлар таратып отырған. 
Шөже Қаржаубайұлының ауыз әдебиетінің асыл үлгілері мен ел шежіресінің асқан білгірі 
екенін кезінде Шоқан Уәлиханов атап көрсеткен. Шоқанның айтуынша Шөже айтысқа 
қоса жыршылық өнерді көп дамытқан. Жанақ дәстүрін бізге жеткізуші қобызшы ақын. Ал 
Мұхтар Әуезов: «Барлық қазақ әдебиетінің өзі білетін естелігінен Абай жалғыз ғана 
Маралбай мен Шөжені ғана нағыз –ақын» депті. Абайдың Шөжеге деген ықыласын білген 
жазушы М. Әуезов Шөжеге «Абай жолы» романының үшінші тарауын арнап оның 
ақындық тұлғасын ашып берген. 
Шөже қазақ даласының көп жерін аралаған, екі көзі соқыр болса да айтысқа аса жүйрік 
шешен, үлкен жиындарда Шөже бірден ондаған ақын мен айтысып, түгел жеңіп кетіп 
отырған. Шөже ру айтысының ақыны, айтыс үстінде бірде ру басы феодалды өлтіре 
сынаса, бірде ру басы феодалды мақтайды. Бірақ Шөже де сыншылдық мотиві басым. 
Қарсы ақындар оның көзінің соқырлығын айтып кеміте тиіссе де, сынға ұшыраған ірі 
феодал байлар күш көрсетіп сабаса да, Шөже абыржуды білмеген, өткір, улы, ащы тілімен 
қарсы ақынға да, жұдырығын жұмсаған байларға да сөзден есесін жібермеген. Шөже 


дуанбасы, әрі Орта жүзге белгілі феодалдар Алшымбай, Құнанбайды парақор, ұры деп 
жебіріне жетіп сықақтаған уақытта Шөженің сөзіне ыза болған Алшымбай тұра сала 
ақынға қамшы жұмсаған. Сонда да Шөже тайсалмастан таяқты жеп жатып: 
Япырай, бұл немене тарсылдаған, 
Қаншық емес, төбет қой арсылдаған. 
Тепкілей бер, сабай бер өлтірмессің, 
Ашуыңды бас бірақ, қалшылдаған…. 
Ақ серкесі Бошанның Алшымбай таз, 
Жаз шілдеде ұшады ит ала қаз. 
Екі сөздің бірінде соқыр дейсің 
Қасиетің бар болса басымды жаз 
деп онан сайын Алшымбайды сөзбен буып қылқындыра түседі. 
«Төмен қарап келе жатқан Абайдың құлағына жаңағы бір ауыз өлең әлі айыққан жоқ. Бар 
сөзі есінде… ішінен қайта-қайта айтады. Жаттап апты. Мынау жалғыз ауыз өлең бағана, 
күні бойы күмбездей боп үлкен көрініп отырған екі шоқысын бір-ақ соғып, жермен-
жексен етті. Тайпитып кеткен сияқты көрінді. «Алшеке, Алшеке» дегендері – «ақсақ таз» 
аталды. Алшынбай сылти бастады, ақсақ екіні рас. Ал, «аға-сұлтан», «мырза» атанған өз 
әкесін – «қарға!». Қандай қарға? Қарқаралының ең байлық, ел дариясының жалғыз еркесі. 
Жақсы-жайлісін жапа-жалғыз қызықтап, шоқып жеп отырған қарға!…». 
Алшымбай мен Құнанбайдың Шөжеге қарсы сайлап салған ақыны Балта – сен соқырсың 
деп тиіскенде, бұған да Шөже бөгелмей, халыққа соқыр тыйышсыз болса әуелі соқыр 
Құнанбайдан құтыл деп Балтаны да тоқтатып кетеді. Шөже Жетісуды, қырғыз елін 
аралған кезде көптеген өлең, жыр, толғаулар айтқан. Жетісуды, қырғызды аралғанда 
айтқандарына сақталғаны кейбір рубасы батырларға арналған толғау, өлеңдері. Бұл өлең, 
толғауларында Шөже танысу, сәлемдесу, мақтау сөзді айтып қоймай, Жетісу мен қырғыз 
елінің тарихынан көп жайларды таратып жырлайды. Сонымен қатар Жетісу мен 
қырғыздың батыр, бек аталған адамдарын сынап та отырады. Шөженің толғаулары, 
өлеңдері өте мағыналы, көркемдік күші жағынан өткір, дәл айтылады. Мақтаса жеткізіп, 
сынаса өлтіре масқаралап жырлау Шөже ақындығының негізгі бір қасиеті. 
Шөжеге Абайдан соң аса үлкен ілтипатпен қараған Мағжан Жұмабаев. Ол Ақан сері 
туралы мақаласында «Екі аяқты адамның ділмары, улы тілді, ұшқыр ойлы Шөже» — деп 
келіп,оның өлендерін кейінгі ұрпаққа үлгі — өнеге етіп ұстайды. 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі – Сұлтанмахмұт 
Торайғыров өзінен бұрынғы қазақтың төрт ақынын өзіне пір тұтты. «Кешегі бұқар жырау, 
Жанақ ақын, Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын» -деп дәріптеді. 
1956 жылы Алматыда Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет баспанасынан жарық көрген 
белгілі сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Есмағанбет Исмайлов 
«Ақындар» атты монографиялық еңбегінің «Ақындық орта, дәстүр мәселесі» деген 
бөлімінде жыр алыбы Жамбылдың шығармашылық жолына Шөженің еткен ықпалын 
және оның ақындық әлемін деректі дүниелермен былай дәлелдейді: 
Жыр алыбы Жамбыл Жабаев Шөжені өмір бойы өзге ақындарға да, өзіне де үлгі-өнеге 
тұтып, Сүйінбайдан кейінгі ұстазым деп білген. Жамбыл «Ақындарға арнау» деген бір 
толғауында (1943 жыл): 
«Ақындар, көз салыңдар, 


Қиуаны шалыңдар 
Қиқу салып талайдан, 
Келе жатқан сарын бар. 
Ұзын жолда біз өткен, 
Өрене көп тәлім бар. 
Сүйінбай мен Қатаған, 
Қара өлеңді матаған. 
Атын жаттай балалар, 
Әлі күнге атаған 
Кеншібай мен Орынбай, 
Өлең сөздің қорындай. 
Керуен көшкен жолындай… 
Шөже менен Кемпірбай, 
Өлең жырдың жұртындай. 
Біз солардың өрені!» — дейді. 
Осылардың қатарында Құл, Мәйкөт, Құлыншақ ақындарды атайды. Бұларды Жамбыл, 
Сүйінбай қатарындағы идеялық творчестволық ұстаз тұрғысынан емес, ақындық 
шеберлік, айтыс өнері дәстүрі тұрғысынан атайды. 
Жас Жамбылдың Сүйінбайдан басқа үнемі кездесіп, ақындық өнер жарыстырып айтысып, 
бірде аға деп сыйлап, үйреніп келген ақындары аз емес. Бұл ақындар бір шеті Жалайырдан 
(қазіргі Талдықорған облысынан) шыққан Бақтыбай ақын, Арқадан келген Шөже ақындар, 
Түркістаннан келген Мәйкөт, Майлықожа ақындар, Дулаттан Әмір ақын, қырғыз – 
Қалмырза, Оразалы ақындар. Бұлардың ішінде Жамбылдың айтыс өнеріне жетілуіне 
атақты Шөже ақынның творчестволық ықпалы елеулі болғандығын атап айтуымыз керек. 
ХVІІІ ғасырдың 70-жылдарында Шөже Арқадан келіп, Жетісу елін, қырғызды аралаған 
шағында Жамбыл сияқты талантты жас ақындардың көбі Шөженің қасына еріп жүрген. 
Айтыстарда бөгелмейтін тұтқыйылдан сөз тапқыш алғыр шешен, шындықты тайсалмай 
айтатын өткір тілді сыншыл, ел, рулар жайын, ел аузындағы өлең-жыр қазынасы мол 
білетін Шөженің Жетісуға, қырғыз елін аралауы Жамбылдың ақындық ортасына көп жаңа 
сөз өнерін, ақындық үлгіні қалдырған. 
Сүйінбай, онан қала берді Шөже сияқты турашыл ақындардың дәстүрін көрген Жамбыл 
әр мезгілде үстем таппен, болыстардың жағымпаз қылықтарын жалтақтамай бетіне ашық 
айтып, өлтіре сынап отырған. Жалшысын сабаған байдың қаталдығы, әйелін сабаған 
ожардың қылығы, кедейге зорлық істеген би, болыстың қиянаттары, мен-менсіп, жұртты 
қорламақ болған дарақы байлардың озбырлық мінездері – бәрі Жамбылдың өткір сынына, 
сайқымазағына душар болып отырады екен. 
Сабыр Қазыбайұлының «XV-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты жыраулар поэзиясы «А-
полиграфия» ЖШС Ақтөбе, 2004 жылы баспадан шыққан осы еңбегінде Шөже 
Қаржаубайұлы (1808-1895жж) Көкшетау облысының Қызылтау ауданында немесе 
Қарағанды облысы Нұра ауданында туып өскен қазақтың атақты ақындарының бірі. Ата-
тегі қазақ емес сияқты деген. Осы кітапта Шөже күшті эпик ақын болды, әсіресе ол 


жырлаған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры осы халық мұрасының ең көркем үлгісі 
болып бағаланады. Елге көп тараған. 1860 жылы қағаз бетіне түсірілген. (143-149 беттер). 
Құлыншақ Кемелұлы ақын, 1831 жылы туып, қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданы 
жерінде өмір сүріп, 1911 жылы дүниеден өткен екен. Құлыншақтың әкесі Кемел көзі 
ашық, көңілі сергек адам болған. Әке баласының қабілетін танып, оның он бес жасында-ақ 
жұрт назарына ілінгеніне жіті көңіл аударады. Сөйтіп, әке баласының ақындық бетін 
қақпай, түзу жол сілтеп, ел аралауына ерік береді. 
Сұлтанбектің толғауында әкесі Құлыншақты атақты Шөже ақыннан бата алып келуге 
жібереді. Бұл жайды жырау: 
«Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп, 
Үш тоғыз дүниемен жібереді. 
Шөженің ақ батасын алып қайтты, 
Адамзат батаменен көгереді. 
Келген сыз киіндіріп, ат мінгізіп, 
Баланы еркіменен қоя береді. 
Күнде той, күнде жиын, күнде өлең ғой, 
Күңірентіп жібереді жүрген жерді»,- 
деп баяндайды. 
Ал Сұлтанбек Құлыншақ ақынның жерлесі, әрі үлгісін алған шәкірті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет