Негізгі сұрақтар


Мәди дің рухани ұстаздары.  Сары-арқада саф өнердің туын тіккен осыңдай саңлақтардың әсем әндері мен кестелі  көркем жырлары  Мәди



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
19-20

Мәди
дің рухани ұстаздары. 
Сары-арқада саф өнердің туын тіккен осыңдай саңлақтардың әсем әндері мен кестелі 
көркем жырлары 
Мәди
дің жүрегіне ертеден-ақ ұялаған. 
«Атадан ала да, құла да туады», демекші Қақабай сияқты тек алдындағы малы мен аз 
күндік бағына лепірген қарашоқпармен катар оның інісі Бәпиден сөйлесе төрт аяғы тең 
жорғадай көсілген, ән салса даусы алты қырдың астынан естілетін, күрессе жауырыны 
жерге тимеген, әділдік десе қоң етін кесіп беретін 
Мәди
дің дүниеге келуі сирек кездесетін 
құбылыс. Қақабайдың айналасына әділетсіз каһарын жүргізген болыстық 
озбырлығы 
Мәди
дің адамгершілігіне әсерін тигізе қоймайды. Еңді жарты патшамыз деп 
жүрген одан гөрі өнер иесі жалынды жігіт 
Мәди
дің ел арасында қадірі артып, аз уакыттың 
ішіңде көптің сүйіктісі болып алады. Бұл жәй көркеуде Қақабайдың ішін удай ашытты, 
жүрегін сыздата түседі. Соңдықтан ол өзінен абыройы артып бара жатқан 
Мәди
ге тор 
құра бастайды. Ақыры болыстың озбыр мінезі, ожар іс-әрекеті салдарынан 
Мәди
Атбасар 
жағына жер аударылып, абақтыға жапқызылады. 
Иә, 
Мәди
ат басын тіремеген жер жоқ шығар. Ол кеудесіне нан піскен шонжар-
шодырлардың талақтай жабысқан пәле-жаласынан ұры-қары, бас бұзар барымташы 
атанып, берісі Қарқаралы, Ақмола, Атбасар, Семей, әрісі Кереку, Омбы түрмелерінің ащы 
дәмін татты. Ол кезде бүгінгідей ақ-қараның жігін ашып, адамшылдық пен озбырлықты 
талдап, таразылап жатқан кім бар, мойынға бұғау түсіп, қол-аяқ 
кісенделіп, 
Мәди
түрмеден-түрмеге айдалып кете барды… 
Арқаның азаттықты ту етіп кетерген сегіз қырлы, бір сырлы табиғи талант иесінің өмірі 
мен шығармашылық өнерін зерттеп, оның туған халқымен қауыштыруға алғашқылардың 


бірі болып академик, дарынды сазгер Ахмет Жұбанов кіріскен еді. Ол сонау 1942 жылы 
Қазақтың біріккен баспасы арқылы Алматы қаласында жарық көрген «Қазақ 
композиторларының өмірі мен творчествосы», одан кейін жазылған «Замана бұлбұлдары» 
кітаптарында 
Мәди
дің азаматтығы, ақылдығы мен әншілігі, қажырлы күрескерлігі 
жайында толғана қалам тартқан екен. 
«Замана бұлбұлдары» кітабында Ахаң түрмеден-түрмеге қамалған 
Мәди
туралы былай 
деп сыр шертеді: «…Қайратты жігіт қанша күшіне мінгенімен, қолды бұғау, аяқты кісен 
тырп еткізбейді, налытады, ойға шомылдырады. Қазақтың ескі салтында 
тәрбиеленген 
Мәди
қысылған жерде аруақты, ата-бабасын айтып, өзінің трагедиясына 
тоқтайды. 
Бабамыз кешегі өткен Алшынбайды, 
Ақылы өткел бермес терең сайды. 
Әруағың Алатаудай бабаларым, 
Көрдің бе ғарып болған біздің жәйді.— деп оларға да жалбарынып қояды. 
Түрменің қатал тәртібін, күннің өтіп болмайтынын, іздеп 
Келген ағайынмен де дұрыстап сөйлестірмейтінін өлеңге қосады. 
Бұл күңде абақтыда біз жатамыз, 
Көңілді құмалақлен жұбатамыз. 
Алыстан іздеп келген ағайынмен, 
Тесіктен алақандай тіл қатамыз, — 
деп біресе «Үшқара» әнінің, біресе «Қаракесек» әуенімен түрмені басына көтеріп, шырқай 
жібереді. Қанша қатал болғанымен күзетшілер өздерінен үлкен әкімдері келіп қалғанда 
болмаса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет