(Дулат ақын)
Мына заман, қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығының белгісі –
Жақсы жаннан түңілген,
Жаман малға жүгінген,
Мұның өзі зар заман.
(Шортанбай)
Артылған заман болды аттан есек,
Залымның ғибадаты – ұрлық, өсек.
Құлдардың азат тиген күні туды,
Аюдай ақырады құлсың, десек.
Патшадан құлдар үшін тәртіп келсе,
Жиылып атар едік сарсаң – кесек
. (Әбубәкір)
Бұл жерде ақындардың шығармаларына тән ортақ нәрсе – қай-қайсы да заман
халін, халық жайын жыр еткен. Демек, сол кезде азаматтық – әлеуметтік әуенде қалам
тербеген тек Әбубәкір ме? Яғни сол кезеңде өмір сүрген ақын – жазушыларымыз заман
жайына, халқының жағдаятына бейжай қарамаған.
Әбубәкірдің патша өкіметінің отарлаушылық саясатын сезіне білмеуі мүмкін емес
еді. Патша озбырлығының айқын көрінісі – өз әкесі Боранқұл мен оның туыстарының
Жайық бойындағы бағзы қонысынан айрылып, Ақтөбе маңына көшіп келуі еді. Тек бұл
өзінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің бірқатар ауылдарының ата қонысынан ажырап, жері
тарылып, малы азайып, дәулеті сарқылып, дәуірінің дәстүр - заңы бұзылып, адамының
пиғылы өзгеруі Әбубәкір дәуірінде болды.
Патша өкіметінің қазақ елінің қарын жаздырмай, барлық әлеуметтік өміріне,
тұрмыс - тіршілігіне, әдет - ғұрпына кеулеп еніп бара жатқан зиянды жаңалықтарын ақын
тап басып, дәл көрсете алған:
... Орысша білім білмесең,
Еш пайдаға аспай тұр.
Мұсылманша моллаңыз,
... Қараның ұлы хан болды,
Құлдан туған паң болд
ы
.
Ақын бұл жерде көненің күні өтіп, орнына жаңаның келетін заңдылығын айта
отырып, сол дәуірдегі өмір шындығын шынайы суреттейді:
Дүнияның терең түбі жоқ,
Һәммасы жалған, шыны жоқ.
Пенденің бәрі арманда,
Ақылсыздың мұңы жоқ.
Дүнияны қалай шын дерсің,
Атамыз – адам пайғамбар,
Сонан бергі адамның
Өлмей жүрген бірі жоқ.
Заманым қалды өсекке,
Шамаласам ары жоқ.
Міне, бұл жолдар өмірдің өзгеріп, әдет - дағдының бұзылуын, заманның азуын
аңғартады. Ақынды әділ, тура биліктің құны кетіп, әділет, шындық пен дін шариғат -
имандылықтың аяқасты болуы, ішітарлық пен өсек - өтірік өршіп, ниет - пиғылдың азуы,
елдің әкімді, жастың кәріні сыйламауы қатты ойландырады.
Патша өкіметі ықпалымен өзгерген дәуірде ақылы шолақ әкімнің, «алхамды» шала білген
дүмше молданың пайда болуы, көрсеқызар қызылшылдардың жат әдет - дағдыға орынсыз
еліктеуі ақынға жат көрінеді.
... Тар шалбар бешпет шықты қынамалы,
Жігітке шапан киген ұнамады.
... Төсектен ерте тұрып бас ауырса,
Бөтен ем шәйдан басқа сұрамады.
... Сөйледің екі түрлі тіліңде, адам,
Тілі екеудің діні екеу деген сөз бар,
Аңдамай бұзып алма дініңді, адам! –
деген жолдар бұрын Әбубәкір ақынның жаңалыққа қарсылығы тұрғысында түсіндіріліп
келді. Ал, шындығында осындай жеңіл еліктеу, жарамсыз қылықтар түбінде
халқымыздың қанына сіңген әдеп - ибасын, салт - дағдысын бұзатындығын сезініп, ақын
қызғыш құстай шырқырап, жан даусымен жар сала білген.
Қарсақ табан, мысық бас
Не азғындар жетілді.
Сан тимеген жамандар
Лақтай басқа секірді.
Алмастай асыл жандарым
Өз-өзінен кетілді,
Қадір білмес жаманға
Күні түсіп өтінді.
Замана бел - белесіне тек сыртқы түрі ғана емес, кісілігі, парасаты ем тоғышар
пенделер мал, дәулет, ақша - қаражат күшімен не туыс - жекжаттық қолдау арқасында
билікке ие болып, аспанға қарайтын, елдің әлеуметтік өміріне іріткі салатын кездері
болады. Әбубәкір осындай әділдік пен шындықтың даусы шықпай, бұра тарту көбейіп,
бұзықтық жол алған заман халіне ашу - ызамен шамырқана сөйлейді. Өмір, заман, адам,
мінез - құлық сырларын ағытып, ақтық, адалдық жолға үндеген өлең, толғауларын
оқығанда Әбубәкір айтпаған, жырлаған, толғаған мәселе қалмағандай.
Бұл заманда бір бірлік –
Көрмегенге нанбаған.
Екі достың арасын
Айырады оңбаған.
Ақиқат өзі көрмесе,
Тілге азбайды оңды адам.
Әбубәкірдің аңсағаны құдайын есінен шығармаған әділет - ақтық пен иманды –
инабаттылық, жасы үлкені мен әкімін тыңдаған, қулық – сұмдық, озбырлық, арсыздық
балаламаған тыныш та дарқан, бағзы қазақ өмірі.
Осындай өмірді ақын «Қазағым» атты өлеңінде халқымыздың бұрынғы бақыт,
берекесі мен кең пейіл, ақ көңіл адалдығын, елдігі мен ерлігін тебірене жырлауы да
сондықтан.
Қазағым:
Қыс болса қыстаушы еді қырға барып,
Көлденең шыңыраулы шыңға барып,
Жарлы деп жүз қой бітсе айтушы еді,
Қой, жылқы толықпаса мыңға барып.
Саралап ат, айғырын мырза, байлар
Үргенішке сатушы еді жылда барып.
Сонымен қатар, ақын бірқатар өлең, толғауларында оқу, өнерді, дін – шариғатты,
ғылымды, азаматтық – кісілікті, жақсы мінез, жарастықты, әдет – ғұрыпты насихаттады.
Өмірдегі жақсыны – жаманды, әртүрлі құбылысты, мінез – дағдыны салыстыра отырып,
имандылық жолын уағыздайды. Ол орысша да, мұсылманша да оқудың ешқайсысын
жатсынбайды, керісінше, жас қауымның өнерлі, білімді, инабатты болуын қалайды.
Бір құдайды жад етіп,
Қаламды қолға алған соң,
Әбубәкір толғансын.
Дүнияның арты баянсыз,
Аспан, жерлер таяусыз,
-
деп,
өз дағдыңнан жаңылып, әдет – ибаңды ұмытып кетпе, сенім – нанымыңды жоғалтып алма
деген ой тастайды ақын.
Дәріс №6. Біржан сал, Сегіз сері, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ
Достарыңызбен бөлісу: |