Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
19-20

Лирикасы:
Бернияздың әдебиет майданына шыққан кезі төңкерістің қарсаңы болатын. 
Ақынның «1917 жылға», «Бостандық күйінде», «Бұлт» деп аталатын өлеңдерінде сол 
кездегі қазақ ауылының тіршілігіндегі маңызды мәселелерге тоқталады. «Бұлт» өлеңінде 
ақын іштей қорқыныш пен күдігін білдіріп, болашақ не әкелер деген қаупін білдіреді. 
Сонымен қатар «Жорықтан соң», «Соғыс майданында», «Ел ерлеріне», «Алға», «Жастар 
үшін» т.б. өлеңдерінде сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік, моральдық, 
философиялық мәні бар мәселелерді қозғап, өзіндік ойын білдіреді. 
Ақынның енді бір топ өлеңдері XX ғ. басындағы әдебиетте өзекті болған қазақ 
әйелдерінің халін бейнелейтін туындылары «Қыздың мүнажаты», «Қазақ қызы», «Әйел 
сөзі», «Бостандық болғанда бір қыздың тілегі», «Қыздар зары» өлеңдерінде теңсіздік, 
қалың малға сатылу сияқты әйелдер жағдайын тақырыптың бір қырын ғана айтумен 
шектелмейді, өзі тапқан тың жаңа жайларға, мінез-құлықтарға көңіл аударады. Бернияз 
өмір сүрген тұста (1914-18 жж.) қазақ қыздары біраз көздері ашылып, бостандықты сезе 
бастады. Осы көрініс ақын өлеңдерінде анық сезіледі. 
Алдыңнан аталығың айтып өттім, 
Білмесең, өз жолымды табам, әке. 
Атамсың, борышымды білем, әке, 
Қайырылсаң, құшағыңа кірем, әке. 
Әйтпесе, амалсыздан айырыламыз, 
Мен, тұрдым, мен қозғалдым- жүрем, әке!.. 
Қош, кеттім, «көргенсіз» деп сөкпе, әке! – 
деп батыл мінез көрсетеді қазақ қызы. 
Ақынның лирикалық мұрасының біразы- ғашықтық лирика: «Қайтер едің», «Ғашығыма», 
«Шын сұлуға», «Ұшпақтағы жарыма», «Жұмақта», «Айныған аруға», «Шер шыдатпай, 
саған арнап» т.б. жастық желісі, сұлуға ынтықтық, табиғи қалпында ішкі жан сезіммен 
жеткізіледі. 
Ақын лирикасында табиғат көрінісі де едәуір орын алады. «Қызықты жаз», 
«Бұлт», «Түн», «Жаздың алды», «Жазғы дала», «Таң алдында», «Жапырақққа 
қарап», «Әдемі түр»«, «Жаз», «Күз», «Жас теректің жапырағы», «Шолпы» өлеңдерінде 
табиғаттың әр кездегі құбылысына, табиғат тынысына бойлай еніп жырлайды. 
Бернияз өлеңдерінен аңғарылатын енді бір сарын - жүрек жарасы, ой толқындары, 
ұйқысыз түндер мен беймаза күндер, жалғыздық, жабығу, сағыныш, өлім туралы жыр 
жолдары жиі ұшырасады. Әсіресе, 1923 жылдың алғашқы айларында он шақты өлең 
жазады. Негізгі сарын- өлімнің есік қағып тұрғаны, өмірмен қоштасу т.т. «Өмір-өлім», 
«Өлім-құрдым, өмір-өзен», «Ал, жүрегім, өлейін», «Мен есіткен көп адам» бір тақырыпты 
қамтиды. 
Өлім-құрдым, өмір-өзен жоғалат, 
Өсер өзен тұрмыс жасы сорғалап. 
Тағдыр желі еркіне қоймай айдаса, 
Сорлы қу бас қайда кетпес домалап?! 
Тағдыр желі домалатқан мен қу бас, 


Жаралған соң жайым бар ма қаңғымас 
Кім көмеді өлсе жаным алыста, 
Көреді кім жалғыз жүріп төксем жас,– 
деп өзінің мұңын шертіп барып тоқтайды. Өлімге философиялық қорытынды жасамайды, 
әйтеуір баратының қара жер болған соң қазірдің өзінен-ақ жөней бер, қиыншылық тап, 
өйткені бұл жалғанда ештеңе жоқ, алдамшы нәрсе деп торығуға түседі. 
Поэмалары:
Акыннан қалған төрт поэма бар: «Жердің жүзі жаз еді», «Қайда екен», 
«Жорық» және аяқталмай қалған «Гүл» атты туындылары. 
«Жердің жүзі жаз еді» туындысын Ы. Дүйсенбаев поэмадан гөрі лирикалық толғаныс деп 
атау керек. Өйткені, бұл шығармада белгілі сюжет жоқ»- дейді. Ал енді Бернияз мұрасын 
зерттеуші Райхан Батырбекова: «Сюжет жоқ, дегенде де оқиғалар тізбегі бір арнада 
түзіліп, қатар өрілуі де шарт емес екені белгілі... Ол автордың өз еркі, өз шешімі. Ақынға 
ол үшін үйтпеді, бүйтпеді деп талап қоюға болмайды»,-деген ақтау айтады. 
«Қайда екен?» атты туындысын 1922 ж. 12 тамызында аяқтапты. Бернияз өлеңге Абайдың 
«алты аяқ» түрінде жазған. Ақын ел тағдыры, заман өзгерістері, адам өмірі туралы 
толғанып шығармасын алты тарауға бөліпті: бірінші тарауда- бай табиғат суреттері, әсем 
ауыл, ел аман, жұрт тыныш, берекелі сәнді өмір де болғанын суреттейді; екінші бөлімінде- 
балалық кез, оқыған оқу, жас кез- махаббат кез, жас сұлудың сүйкімді бейнесі т.б; үшінші- 
бөлімде- кейіпкер (ақын) уақыт талабымен алысқа кетеді, сүйгенін сағынады, хат 
жазысады т.б.; төртінші, бесінші тарауларда- ғашықтар тағдыры сұрапыл заманға тап боп 
трагедияға ұшырайды; соңғы алтыншы бөлім- көлемі үлкен шығарма мазмұнын 
жинақтайтын түйін. 
«Жорық» поэмасында ақын көбінесе өз атынан сөйлейді. Негізінен тарихи оқиғалар, ер 
жрек батырлар ерлігі әсер еткен, содан өз қиялындағы батыр бейнесін сомдайды. 
«Гүл» атты көлемді шығармасы аяқталмай қалған. 558 жолдан тұратын шығарманың 156 
жолы кіріспеге арналған. Онда ақын көбінесе басқа өлеңдерінде көбірек жырланып келген 
жағдайларды қайталайды, көбінесе ақынның жалғыз жан екендігі, қайғырғанда тірі 
пендені көргісі келмейтіндігі сияқты торығулар. 
Аудармалары:
Ақынның аудармалары көп емес: И.С.Никитиннен бір өлең, 
Н.Г.Цыгановадан (жергілікті ақын) бір өлең, А.С.Пушкиннен алты өлең аударған. 
Пушкиннен «Бұлбұл», «Ажал», «Мұң», «Сүю», «Ақын», «Бар ойым бастан кетті көзім 
көріп» деген өлеңдерін тәржімалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет