Төле би Данагүлді Түркімен елінен дауды шешіп келе жатқанда кездестіреді.
Данагүл - Сиқым ауылынан, Алакөздің қызы. Жалғыз көк шолақ атына мінген.
«Халқым үшін, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола ма? Байға жак боп, кедейдің
ақысын жібермесем, онда жұрт әділетті деп айтар ма еді!?» - деген Төле би.
Төле би өзіне ұртын алып, Данагүлге құлақ пен таңдай ұсынады. Бұл бидің өсиеті болатын.
Бірде Төле би алыстағы жегжатын туысшылап барып, аткосшысы екеуі ғана қайтады…
Бұлар келе жатқан шөлді қырық қарақшының жайлап жүріп, оларды ұстап алады.
«Сендерге мал керек пе, жан керек пе?» - деп Төле би қарақшылармен келісімге келеді.
Төле би өзің Тосқауыл деп таныстырады.
Төле би хатында: «Қырық құнан атан, жиырма бура, сегіз ақ бас атаным бар еді. Соны
берсін. Оң босағамда көмген алтыным, сол босағамда күмісім бар еді соны да берсін,» -
дейді.
Данагүлдің жұмбақты шешуі: Атам қырық қарақшының қолына тұтқын болып түскен екен.
Қырық құнан атан берсін дегені – қырық мықты жауынгер жігіт берсін дегені, жиырма бура
берсін дегені - жиырма палуан берсін дегені, сегіз ақ бас атан берсін дегені – сегіз ақсақал
берсін дегені. Оң босағадағы алтыны мен едім, сол босағадағы күмісі баласы еді. Атам мені
артық көруші еді. Жұмбағымды шешер деп ойлаған екен. Алтынымды түгел берсін дегені -
мені алып келсін дегені, - дейді.
Төле би соңында: «Ғұмыр - біреу, кезек - екеу деген. Сендерге өлім керек пе, өмір керек пе?»
- деп сауал қойып, төрелігін айтады, қырығын да ауылына алып келеді, жұрт оларға «қырық
ағайынды» деген ат қояды.
«
Достарыңызбен бөлісу: