Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет84/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Мәдениет таратушылар
Бұл бөлімде материалдық емес мәдениеттің үш маңызды саласын - тіл, 
қүндылықтар 
мен 
нормаларды 
қарастырамыз және олардың қоғам 
мен жеке тұлғаларды қалай қалыптастыратынын көрсетеміз. Содан 
кейін адамдардың мәдениет ережелеріне сәйкес өмір сүруіне әлеумег- 
тік бақылаудың қалай ықпал ететінін қарастырамыз.
Тіл
Мәдениеттің мәні - қоғам мүшелерінің бір-бірімен мән-мағыналар ал- 
масуы. Осы алмасудыц басты тетігі - ортақ тіл. Тіл - сөйлеу, жазу неме­
се ишара сияқты символдардың көмегімен байланысу қабілеті.


МӘДЕНИЕТ
71
С и м в о л а р қ ы л ы б а й л а н ы с
нені білдіреді? Мысалы, сіз «ит» сөзін 
естісеңіз немесе кітаптан осы сөзді білдіретін қисық және түзу сы- 
зықтарды көрсеңіз әңгіме төрт аяқты үй жануары туралы екенін 
түсінесіз. Байланыстың барлығы таңбаларды пайдалану арқылы 
жүзеге асады. Тіпті қолын тигізу немесе меңзеу секілді дене қи- 
мылдарының мағынасы да мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарасты- 
рылады.
Әлеуметтік лингвистиканы (тіл мен қоғам арасындағы қарым-қа- 
тынас) зерттеушілер тілдің мәдениетке үш түрлі қатысы бар дейді: тіл 
мәдениетті бейнелейді; тіл - мәдениет символы; тіл мәдениеттің негі- 
зін құрайды (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тіл - мәдениеттің бейнесі
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы; ол қоғамның құндылықтары мен 
мағыналарын, сондай-ақ оның салттары мен рәсімдерін, тарихы мен 
мұң-мұқтажын білдіреді. Бір мәдениеттің тілін білмейінше оған то- 
лық араласа алмайсыз (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тілдің жоғалуы мәдениеттің жоғалуына әкелуі кәдік. Бір кез- 
дері АҚШ-тағы байырғы америкалықтар қолданған 300-400-дей 
тілдің тек шамамен 20-сы ғана ұзақ өмір сүруі мүмкін (Dalby, 2003, 
147-148). Бүл тілдер өлгенде үндістер мәдениетінің маңызды қыр- 
лары да жоғалады. Тіл мен мәдениет арасында осындай өмірлік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет