Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

ӨЗІМЕ ҚАЛАЙ КЕҢШІЛІК 
ҚЫЛАМЫН?
«Өмір мені кек сақтаудан гөрі,
кешірім іздеуге үйретті» 
Қ
ате әрекетімен немесе салғырттығымен, кемші-
лігімен және басқа да істерімен өзіне әділетсіз-
дік істемеген ешкім жоқ. Өйткені біз өзімізге көп әді-
летсіздік қыламыз. Өзімізді кейде, тіпті, жарға жығып 
жататын кездеріміз де болады. Әбу Бәкір Алла елшісіне: 
«Маған намазымда оқып жүретін дұға үйретіңізші», - 
дейді. Алла елшісі: 
«Аллаһым, шынында мен өзіме өте 
көп зұлымдық жасадым. Ал күнәларды тек Сен ғана кеші-
ресің. Мені кешірші және мейірім етші. Шынында Сен өте 
кешірімдісің және мейірімдісің», - деп айт»
, - дейді.
Міне, бұл – өзіңе дұрыс қарым-қатынас жасаудың ең 
абзал үлгісі. Өйткені өзіңді шектен тыс жазғыра беру 
адам жанын тежейді. Оған зақым келтіреді. Ешқандай 
жетістікке жеткізбейді. 
Өзіңе дұрыс қарым-қатынас жасау – оны тәрбиелеуге 
қатысты қабылдаған құр шешіміңнен ғана тұрмауы 
Өзіңді бағалау


Кешірдім
72
керек. Керісінше, өзіңді тәрбиелеуге септігін тигізетін 
бүкіл әдіс-тәсіл жан-жақты қолданылғаны жөн. 
Психолог Гай Уинч «Алғашқы рухани жәрдем» атты 
кітабында: «Өзіңе кеңшілік қылуды өз жаныңмен бәстесу 
деп елестетуіңе болады. Бұл тәсілден үміт етілетін 
нәтижелер, сөзсіз, күш-жігердің жұмсалуына тұрарлық. 
Соңғы зерттеулер адамның өзіне кеңшілікпен қарауы – 
өзін шектен тыс кінәлі сезінуден сақтайтынын анықтаған. 
Сондай-ақ, мұндай тәсіл бір адамның алдында қателік 
істеп қойғандықтан одан қашқақтамауға көмектеседі. 
Бұл да өмірден ләззат алуға деген жігерімізді артты-
рады. Өзімізді шектен тыс жазалауға немесе нәтижесі 
бізді құлдырауға апаратын тәсілдерді қолдануға жол 
бермейді. 
Өзімізге қажет кезде кеңшілік қылмаған шақта басы-
мыздан кешіретін ең ауыр сезім ол – шектен тыс жа-
ныңды жегідей жеп, кінәлі сезіну. Салдарынан бұл сезім 
тұлғаның ықыласын құртады. Күш-жігерін тауысады. 
Өмірде ашылып, жетілуге, қуануға жол бермейді. Бұл 
мәселенің ақырында жасайтын ең бірінші қадамымыз,
ол – әрекетімізден туындаған жауапкершілік пен ісіміз-
дің салдарын мойынмен көтеру. Адамның өзін есепке 
алуы – өте маңызды іс. Өйткені сахаба Омар: «Ертең 
есепке тартылмас бұрын өз-өздеріңді есепке тартың-
дар», - деген. Расында, өзіңді есепке тарту күнделікке 
ұқсайды. Өзіңді қадағалап жүруіңді, тиянақтылығыңды 
білдіреді. Сондай-ақ, тұлғаны жетілдіруге, кемелденді-
руге көмектеседі. Себебі, сен өзіңді құр жазалау, жаз-


73
ғыру үшін есепке тартпайсың ғой. Керісінше, өз тұлғаң-
ды дұрыстау, түзеу мақсатында есепке тартасың. 
Өзіңді есепке тарту әрекеті қателігің үшін өзіңді жаз-
ғырудан ғана тұрмайды. Керісінше, оң нәтиже беретін 
әрекеттеріңді нығайта түсіп, олардың біршамасын да-
мытудан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет