81
Бар екенін мойындамаған, оның барына сенгің кел-
меген нәрсеңді өзгерту мүмкін емес. Сезімдік жанайқай,
күйгелектік – ұлғайтып көрсетуге тұрмайтын жайтқа әсіре
қарсылық танытуың. Яғни, бүйректен сирақ шығаруың.
Ал «түймедейді түйедей ету» сезіміне берілмеу –
адамдардың аз бөлігі ғана түсінетін нағыз өнер. Сол
үшін сезімдеріңді, өткен
әрекеттеріңді ой елегінен
өткізіп, басыңнан өткен жағдайларда ұстамсыздыққа,
күйгелектікке бой алдырдың ба, жоқ па – соған қара!
Күйгелек, мазасыз
адамдардың бойындағы сипаты,
тіпті, сөздерінен де көрінеді. Ондай адамдар саған қан-
дай да бір оқиғаны жеткізген кезде оны тым әсірелеп,
тіпті, әсірешілдігі сезімінен, жай-күйінен анық байқалады.
Мәселен, ондай жандар «пәленшенің бір сөзі көңіліме
қаяу түсірді»
деген сөзбен шектелмей, тіпті, «пәленше
мені өлтірді» деп жеткізеді. Алайда сөздерінің басым
бөлігі жағдайды ушыққандай етіп көрсетуі түбінде өтірік
болып жатады. Олар болған жағдайды шешілмейтіндей,
ауыр қылып суреттейді.
Күйгелек адамның белгісі ойының шашыраңқылығы-
нан байқалады. Ашулануына
немесе қайғыруына не
түрткі болғанын нақты білмейді. Өмірінде өткен жайт-
тарды қазбалап, сосын шешімі табылмаған негізгі мәсе-
лені білмей әуреге түседі. Шығар шешімді іздеп дал
болады. Сезімге бой алдыратын күйгелек
адам өзінің
бағытын айқындай алмайды. Өмірін дұрыс басқармайды.
Өмірінде басқаруына берілген екі құралды, яғни, сезімі
мен ой-санасын ұтымды пайдалана алмайды.
Өзгелерді кешіру