Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


Бүгінгі жағдайыңа жеткізген ұстанымдарың ертең



Pdf көрінісі
бет37/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

Бүгінгі жағдайыңа жеткізген ұстанымдарың ертең 
өзің қалаған мақсатыңа жеткізбеуі мүмкін. Сонда көбірек 
қуат, табандылық сыйлайтын, түбінде баянды, тыныш 
өмірге жетелейтін жаңа ұстанымдарды қажет етуің 
мүмкін!


105
КЕШІРУДІҢ СЫЙЫ
«Бәрін кешір – уақытыңды үнемдейсің» 
Аслан Орақбаев
Қ
ателікті кешіруді, оған көз жұма салуды, кеңшілік 
етуді ұстанымына айналдырған адамға кешірімнің 
берер сыйы бар. Кешірімді болу кейбіріміздің көзіне 
қаймықпай қарауға күш береді. Мен біреудің қателігін,
ал ол менің қателігімді кешпейінше, бір-бірімізге ешқа-
шан сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарай алмаймыз. 
Кешіру бізге таза рух пен бос нәрсемен шұғылдан-
дырмайтын, пайдасыз нәрсеге ермейтін зейін сыйлайды. 
Өрлеу мен кіршіксіз әлемге жетелей түседі. Кешірудің 
жеткізер мақсаттары биік, одан туатын қалау, ниет 
жоғары. Біреудің теріс әрекетіне килігу немесе өзгеден 
өш алу сияқты нашар сипаттардан сақтайды.
Құранда Алла Тағала біздерге кешірімнің формуласын 
ұсынған:
«Ғафу етіп, кеңшілік жасасын. Әлде Алланың 
сендерге кешірім еткенін қаламайсыңдар ма? Алла өте 
кешірімді, ерекше мейірімді». 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
106
Бұл – нендей ұлы сый! Бұдан ұлы құрмет бар ма?! 
Аяттағы «Қаламайсыңдар ма?» деген сөздің астарында 
нендей жұмсақтық пен жақсылыққа жігерлендіру жатыр. 
Әрине, қалаймыз! Ең ғажабы – Алла адамның бауырына 
ғафу етуін Өзінің бізге ғафу етуімен байланыстырған. 
Мұнда шексіз үстемдік пен ұлылықтың иесі Раббымыз-
дың бізге үйретіп тұрған ұлы тәрбиелік тәсілі бар. 
Баршаға үлгі болатын ең ұлы қасиеттер Аллаға тән. 
Мәселен, балалар өзара ұрысқан кезде аналары тату 
болуға шақырып балаларының біріне: «Сен қателескен 
кезде сені кешіргенімді қаламайсың ба?» - дейді. Мұнда 
бағыт-бағдар бар, яғни, жаза амалдың түріне қарай бе-
ріледі. Қате-кемшіліктен пәк ешкім жоқ. Түбінде барлық 
адам кешірімге ілінуді қалайды. Бүгін сен адамдарға 
кешіріммен қарасаң, ертең олардан кешірімді үміт 
етесің.
Кешірімді болудың бізге сыйлайтын ең көркем сыйы – 
бір-біріне демеу болатын, бірімен-бірі тату өмір сүретін 
қоғам. Нәтижесінде ондай қоғам қате-кемшілікке кеші-
ріммен қарайды. Әділетсіз адамға әділетсіздіктен ары-
луға көмектеседі. Қателескен адамға кеңшілік жасап, оны 
ортасына қосады. Ал азаматтарының түзелгеннен соң 
да, қате-кемшіліктерін ұмытпайтын қоғамдар, негізінде, 
өз-өзіне қылмыс жасаған болады. Өйткені ондай қоғам 
айналасына кекшіл, қоршаған ортасынан тыс қалған 
азамат қалыптастырады. 
Даналық Иесі Алла қасиетті кітабында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет