Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


«Жақсылық  пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде



Pdf көрінісі
бет38/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Жақсылық 
пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде 


107
жолға сал. 
(Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.)
Сол 
уақытта сені мен ол екеуің араңда дұшпандық болған 
біреу өте жақын достай болып кетеді» 
- деп баяндайды. 
Кешірім ғафу етушінің дәрежесін көтеріп, барар орнын 
ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиян тигізуді жек 
көреді. Ол біреуге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-
кім кешірімді болса, ол адам бұл дүниеде бақытты, ал 
ақыретте жомарттыққа қол жеткізеді. Сондықтан да 
бұл сипат Ислам дінінде де көркем мінезділіктің шыңы 
болып табылады.
Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі – 
Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді:
Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірін де қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.
Көңілі жұмсақ адамның,
Күрмеуін тағдыр шешеді.
Пейілі жаман адамның,
Орыны дайын деседі.
Қате-кемшілік қай кезде де, қай заманда да орын алған. 
Алайда қоғамның өз қатесін мойындап, қылмысы үшін 
жазасын тартқан азаматын кешпеуіне мүлде болмайды. 
Қоғам қателескен азаматын кемсітпей, керісінше, ортаға 
қосу керек. Ондай азаматты жек көріп, сыртқа теппеуі 
қажет. Сонда ғана мұндай қатынас қоғамға өштесіп, онда 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
108
өмір сүруден жиренетін, кешірімшілдіктің құндылық-
тары мен ұстанымдарын білмейтін азаматты дұрыс жол-
ға тәрбиелеп, кемел ортаға салады.
Шын мәнінде, күнделікті өмірімізде мұндай жағдай
жиі кездеседі. Әлеуметтік байланыс құралдары қоғам-
дағы азаматтарының қателіктерін жасырудың орнына 
жария етіп жатады. Қоғамда өзгелердің қате-кемші-
ліктерін көрген кезде, адамгершілік көрсететін адамдар 
кемде-кем. Қоғаммен бірге күн кешіп жүрген қандай да 
бір азамат қате-кемшіліктен өзін ада санап, біреудің 
сүрінгенін аңдып, оған қуанатындай, қателігін тапқанды 
жетістік санайтындай деңгейге түспесін. Керісінше, 
мұндай жағдайда әрдайым ең дұрыс сөз сөйлейтін, ең 
көркем ұстаным білдіретін азамат бол. Біз Құрандағы 
қағидаға сай әрдайым сөздің ең көркемін сөйлеуге 
тиіспіз.
Кешіру мен кеңшілік ету сипаты адамға өзімен келісе-
тін және келіспейтін кісімен үйлесімді мәміле түзуіне 
көмектеседі. Бұл сипат психиканың байсалдылығын 
көрсететін қабілеттер қатарына жатады. Мұндай сипат-
қа ие адам өте аз. 
Психологиялық байсалдылыққа ие жандар барлық 
адаммен жетістікке, мәмілегерлікке негізделген байла-
ныс құрайды. Осылайша өздері де, өзгелер де пайда 
алады. Ал аталмыш сипатқа ие емес жандар шолақ 
қатынас негізінде күн кешеді. Пайдасы жеке басынан 
аспайды.


109
Кешірудің кешіретін жанға сыйлайтын есен-саулы-
ғынан бөлек, олардың көп жағдайда бітімгер, мәміле-
гер, өзіне де, өзгеге де үйлесімді қатынас жасайтынын 
байқайсың. Өзгелермен салыстырғанда жан саулығына 
бай екенін көресің. Олар өмірдегі түрлі оқиғалардан 
туындайтын келеңсіздіктерден алыс болады. Түйіт-
кілдерді кешіріммен, кеңшілікпен шешеді.
Құрандағы маңызды аятқа көз жүгіртейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет