Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


«Керісінше, ғафу етіп, кеңшілік жасасын. Әлде



Pdf көрінісі
бет39/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Керісінше, ғафу етіп, кеңшілік жасасын. Әлде 
Алланың өздеріңе кеңшілік жасағанын қаламайсыздар 
ма? Алла – өте кешірімді,
(әсіресе мүмін құлдарына) 
ерекше мейірімді».
[24:22]
Алла Тағаланың құлындағы ең жақсы көретін қасиет-
тердің бірегейі – кешірім. Себебі Алла Тағаланың өзі 
кешіргенді жақсы көреді. Соған сәйкес кешірімді құл-
дарын аса қатты жақсы көреді.
Пайғамбарымыз сахабаларын күнделікті садақа беруге 
үндеген еді. Солардың ішінде Ульба ибн Зәйд деген кедей 
сахабасы бар еді. Садақа қылатын ешнәрсесі болмай
былай дейді: «Маған зұлымдық қылған адамдарға арымды, 
абыройымды садақа қылдым». Келесі күні Пайғамбарымыз 
сахаба Ульба ибн Зәйдқа келіп: «Алла сенің садақаңды 
қабыл етті», - деді.
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
110
НЕ ҮШІН КЕШІРІМГЕ 
МҰҚТАЖБЫЗ?
«Қуанышың аз уақытқа созылсын десең, кек ал,
ал ұзағынан сүйіндірсін десең, кешір» 
Е
гер өмірде ғафу ету, кешіру ұғымдары болмағанда 
не болар еді? Егер біз адам жанымен байланысты 
мұндай ұғымдарды білмегенімізде немесе мұндай ұғым-
дар ой-санамызда мүлдем болмағанда қандай күйде 
болар едік? Ой-өрісіміз, іс-әрекетіміз, қоғамымыздың 
жағдайы, көтерер ауыртпалығымыздың ауқымы қандай 
болар еді? Мұндай өмірге ары қарай төзе аламыз ба?
Алла Тағаланың бізге сыйлаған нығметтерінің бірі – 
өмірімізге «кешіру» сынды құнды дүние беруі. Жаратқан 
бұны адам жаны құп көріп, қабыл алатын ұғымдардың 
біріне айналдырды. Тіпті, бұл ұғымды мәжбүрліктен 
емес, адамның өз еркімен ұмтылатын сипат қылды. 
Құран аятында: 
«Кешірулерің тақуалыққа жақыны-
рақ»

- делінген. Бұл жерде әділетсіздікке ғана кешірім 
таныту емес, сонымен қатар шариғат бекіткен құқығың 
ескерілмеген кезде кешірім танытуың меңзелген. 


111
Кешіру – үлкен кемелдіктің белгісі. Адамның абыройын 
асқақтатады. 
Кешірімді болу ұғымынан алыс қоғам қатігез қоғам 
саналады. Ондай қоғаммен өмір сүру – қиынның қиыны. 
Ол жағымсыз қасиеттерге белшесінен батқан қоғам 
саналады. Адам жағымсыз қасиеттерге бой алдырған 
сайын, теріс, жөнсіз іс-әрекет көрсетеді. 
Кешірімді орнықты, байсалды, ынсапты жан ғана 
танытады. Құранда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет