Кешірдім
110
НЕ ҮШІН КЕШІРІМГЕ
МҰҚТАЖБЫЗ?
«Қуанышың аз уақытқа созылсын десең, кек ал,
ал ұзағынан сүйіндірсін десең, кешір»
Е
гер өмірде ғафу ету, кешіру ұғымдары болмағанда
не болар еді? Егер біз адам жанымен байланысты
мұндай ұғымдарды білмегенімізде немесе мұндай ұғым-
дар ой-санамызда мүлдем болмағанда қандай күйде
болар едік? Ой-өрісіміз, іс-әрекетіміз,
қоғамымыздың
жағдайы, көтерер ауыртпалығымыздың ауқымы қандай
болар еді? Мұндай өмірге ары қарай төзе аламыз ба?
Алла Тағаланың бізге сыйлаған нығметтерінің бірі –
өмірімізге «кешіру» сынды құнды дүние беруі. Жаратқан
бұны адам жаны құп көріп,
қабыл алатын ұғымдардың
біріне айналдырды. Тіпті, бұл ұғымды мәжбүрліктен
емес, адамның өз еркімен ұмтылатын сипат қылды.
Құран аятында:
«Кешірулерің тақуалыққа жақыны-
рақ»
,
- делінген. Бұл жерде әділетсіздікке ғана кешірім
таныту емес, сонымен қатар шариғат бекіткен құқығың
ескерілмеген кезде кешірім танытуың меңзелген.
111
Кешіру – үлкен кемелдіктің белгісі. Адамның абыройын
асқақтатады.
Кешірімді болу ұғымынан
алыс қоғам қатігез қоғам
саналады. Ондай қоғаммен өмір сүру – қиынның қиыны.
Ол жағымсыз қасиеттерге белшесінен батқан қоғам
саналады. Адам жағымсыз қасиеттерге бой алдырған
сайын, теріс, жөнсіз іс-әрекет көрсетеді.
Кешірімді орнықты,
байсалды, ынсапты жан ғана
танытады. Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: