Кешірдім
130
бұл іс-тәжірибе арқылы өзімді сынап көрдім. Жұмыс
орнымдағы жетекшімнің мінез-құлқын жақтырмай, іс-
әрекеттерін жиі сынға алған кезімде,
жұмыста жайсыз
жайлар көбейді. Расында, исламның ғайбат айтуға тыйым
салуының бір хикметі осы болар.
Істеген қателігіңнің көлеміне қарай өзің ренжіткен
кісіден кешірім сұрай біл. Бұл тұрғыда ынсапты бол.
Шынайы түрде кешірім сұра. Бір рет, екі рет, үш рет
кешірім сұрай бер. Үмітіңді үзбе. Ал егер ол сенің
кешіріміңді қабыл алмаса, деміңді ішіңе терең ал да,
оған ойлануға уақыт бер. Бұл аралықта оны еш мазалама.
Оның саған ашулану себебін түсінуге тырыс. Келесі жолы
ашуын тудыратын себептерге жол берме.
Оған өзіңнің
баяғы тұлға емес екеніңді, шынайы түзелгеніңді көрсет.
Бейбітшілікте күн кешуді қалаcаң, айналаңа кешірім-
ді болуға күш-жігеріңді жұмса. Алайда өмірде бәрі біз
ойлағандай бола бермейді. Біз пенде болғандықтан,
қателесеміз. Сондай сәттерде қалай кешірім сұрау ке-
ректігін, кешіргенімізді қалай білдіру жайын ескермей
жатамыз.
Өткен
олқылықтың орнын толықтыруға, бір жіберген
қателікті екінші рет қайталамауға деген ниетіңмен қатар,
сен алдыңғы тақырыптарда айтылған нұсқаулықтарды
осы мәселеде де қолдана аласың. Жағдай талап етсе,
кешірімді бірнеше рет сұрауды ұмытпа. Ренжіген кісі
сенің
шынайы өкінгеніңді, өзгергеніңді көрсін.
131
Расында, бәрімізге көркем түрде кешірім сұрауды
үйрену керек. Құр өкінішті білдіретін сөздерді айту,
кешірім сұрау жеткіліксіз. Кешіріміңнің қабыл алынуы-
на септігін тигізетін тәсілдер бар.
Кейде адамдар біздің қателігімізді түсінбей, оны ке-
лесі жолы да қайталауымыздан
немесе олардың көңіл-
күйін сезіне алмауымыздан қорқып, кешірімімізді қабыл
алмай жатады. Мұндай жағдайда олардың реніштен туған
көңіл-күйлерін шынайы ұғынып, сезімдеріне құрметпен
қарауымыз керек. Содан кейін олқылығымыздың орнын
толтыратын, қателігімізді жуып-шаятын оң іс жасауымыз
керек. Біз олар үшін мүлдем күтпеген қателікке бар-
ғанымызды мойындағанымыз жөн.
Бұл мәселеге байланысты бәлкім көкейіңде «Егер мен
татуласқым келіп жүрген кісі басқа жаққа көшіп я мүлде
бұл дүниеден өтіп кетсе, қол қусырып отырамын ба?»
деген сауал туған болар.
Достарыңызбен бөлісу: