135
Егер де барлық адам бір-бірінен қысас ала беретін
болса, расында, бұл әлемде өмір сүру қиындайтын еді.
Сондықтан Алла Тағала аяттың соңғы жағында:
«Ал кімде-кім қысастық жасап, кек алмай-ақ кешірім
етсе, бұл ол үшін күнәларының өтемі болады»
,
- деп,
қажет кезде кешірім танытып отыруға шақырады.
Адам баласы табиғатынан өз «эгосының» есесін жі-
бермейтіндей етіп жаратылғаны рас.
Алайда аталмыш
аяттағы кешірімділік ішіндегі «эгосы» асып-тасып,
кешіруден бас тартқандарға қаратып айтылған. Жер
бетінде тепе-теңдік орнау үшін, аятта қамтылған ұғым-
дар заң болып бекітілген.
Мәселен, «Менің жанымды жаралаған адамдар ертең
Жаратушының алдында есепке тартылады. Мен оларды
ешқашан кешпеймін», «Бір күні сен де келерсің, сонда мен
де кешірмеспін» деген сөздерді ел арасында кім таратып
жүргенін білмеймін. Алайда сен кешірім мен кеңшілік
ұғымын жүрген ортаңда насихатта. Ал егер кешірімді
болуға шамаң жетпей жатса, онда толықтай кешіруші
адам болуға тиісті емессің. Сенен талап етілетіні –
кешірімшіл болу үшін нәпсіңмен үнемі күресу, арпалысу,
кешіруге барынша тырысу.
Қандай да
бір кісінің олқылығына, нашар әрекетіне
үнемі төзімділік танытуға міндетті емессің. Бірақ қолдан
келгенше кешіріп, кеңшілік танытқаның абзал. Кешіре
алатыныңа сенімді бол.
Өмірдің қысқа сапар екеніне
сен. Оны пессимизммен, меланхолиямен, қатаңдықпен
өткізбе!
Өткеннен сабақ ал