9
Төртінші қағида:
Көпшілігіміз қиял әлемінде өмір сүргендіктен күйзе-
ліске түсіп жүреміз. Ал ақиқат ортаға кешігіп шығады.
«Барлығын білемін, басқалары білмейді», - деп ойлама.
Барлығымыз белгілі бір дәрежеде ақиқатты білеміз.
Кейде ақиқаттың бірнеше қыры болады.
Көп қазбалай
берме, кеңінен ойлан.
Бесінші қағида:
Егер «Мен»-іңді жеңсең, көп нәрсеге қол жеткізіп,
қиындықтарды айналып өтесің.
Алтыншы қағида:
Сен періште де, шайтан да емессің. Сен – адамсың!
Сол адамшылдығыңмен шұғылдан! Өзіңдегі «адамдық-
ты» қабылда. Әлбетте, қателесесің, жығыласың, айта
берсең, шегі жоқ. Әрбір сәттен сабақ ала білуді үйре-
несің. Өкініш пен қарсылыққа уақытыңды жоғалтпа!
Жетінші қағида:
Расында, жан тыныштығын
кемшіліктерді кешіре
алғанда ғана табасың. Ал оған қалай қол жеткізуді
білмесең, онда саған қалай
қадам жасау керектігін
ұсынамыз.