Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


– Анасының үнемі жұмысбасты болуы



Pdf көрінісі
бет5/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

– Анасының үнемі жұмысбасты болуы
– Орынсыз ашушаңдығы; 
– Әр істі қатаң қадағалап отыруы; 
Немесе керісінше, аналық міндетіне жауапсыз жан 
болуы;


17
– Баланы ұнатпайтын лагерьге жіберуі;
– Үлкен қалаға мәжбүрлеп аттандыруы;
Әрбір адам осы секілді жан жарасын арқалап жүруі 
мүмкін. Өйткені ешбір ана баласын ол қалағанындай 
жақсы көре алмайды. Ана баласына қалай сезім білдірсе, 
бала да анасын солай сүйеді. Шынайы махаббатын 
көрсете алмаған аналар сезімге селқос бала тәрбиелеп 
өсіреді. Дегенмен, бұл аксиома 
«Ешнәрсе істей алмай-
сың» 
дегенді білдірмейді. Баланың сезіміне көңіл бөлу, 
оның балалығына немқұрайлы қарамау, балалықпен 
танытып отырған уайымына бей-жай қарамау, үнемі 
онымен сөйлесіп отыру арқылы оның дұрыс толысуына 
көмектесе аласың. Сонда ғана бала теріс ықпалда емес, 
ішкі сезімін ұстамдылықпен тежей алатын адам болып 
қалыптасады.
Өкпе-реніш


Кешірдім
18
ӘКЕГЕ ДЕГЕН РЕНІШ: 
«ҚОРҒАМАДЫ, ТАСТАП КЕТТІ»
Әке болу оңай. Бірақ, лайықты әке болу өте қиын.
Б
ала әкесінен:
«Мен сенімен мақтанамын, сен күш-
тісің! Қолыңнан бәрі келеді!»
тәрізді сөздерді 
естігісі келеді. Иә, бала әркез әкесінің мақтауы мен 
мақұлдауын қалап тұрады. Бұл оған ерекше күш пен 
сенімділік береді. 
Сынайтын, бағаламайтын, немқұрайлы әке баласының 
таланты мен жетістігін мойындай алмайды. Ал баласы 
болса, өмір бойы кемсітілген, қысылған адам болып 
өмір сүреді. Мейлі көптеген жетістікке жетсе де, сол 
түсінікте терең қалады. Ондай адам айналасынан өзін 
мойындайтындарды іздеп, беделді тұлғаларға жағым-
пазданып жүреді. Өкінішке орай, ондай кісілердің салы 
суға кете береді. Өйткені оның ішіндегі бостықты толты-
ратын ешкімі болмаған.
Қыз бала мен әке арасындағы қарым-қатынас та өте 
маңызды, өйткені бұл оның болашақ жарымен жасайтын 
қарым-қатынасына тікелей әсер ететін болады. 


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет