Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет9/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

Хаттың үлгісі:
Мен саған ренжулімін, өйткені ...... (үлкен болсын, 
кіші болсын – барлық ренішті есіңе түсіріп жаз) 
Мен сені кешірдім! 
Сен де мені (ойыңа не келсе соны жаз: сен 
туралы жаман ойлағаным үшін, ұрсысқаным 
үшін, демеу болмағаным үшін, сені бар қалпыңда 
қабылдамағаным үшін, аз рахмет айтқаным үшін, 
т.б.) кешір! 
Сондай-ақ өзімді де кешіремін! 
Ендігі жерде (болашақта бұл адаммен қандай 
қатынаста болуды қалайсың соны жаз: үйлесімді 
қатынас құрып, дос болып араласу, бір-бірімізге 
демеу болып, қадірлеу, т.б.) боламын! 


29
Саған ..... (нақты болған жағдайларды еске 
түсіріп жазу керек) үшін рахмет!
Мен сені мына әлемнің бір бөлшегі ретінде жақсы 
көремін, Құдайдың жерге жіберген таңдаулы адамы 
ретінде, маған тәжірибе сыйлаған ұстазым ретінде 
жақсы көремін! Саған рахмет айта отырып, 
бақытты өмір тілеймін! 
Егер реніш өте терең болмаса, онда осы жеткілікті. 
Егер ол терең болса, онда біздің telegram-дағы «кешірім» 
тақырыбына қатысты видеоларды көруге кеңес береміз.
Өкпе-реніш


Кешірдім
30
РЕНІШ ПСИХОСОМАТИКАСЫ
Кешіру дегеніміз – сізді артқа тартатын 
естеліктермен қоштасу.
Аслан Орақбаев
Р
еніш – кері мағынадағы әсер, сезім. Ол мидың 
импульсінің әсерінен «күн тұтылған» аймақтарда 
пайда болады. Әуелі ол санада пайда болады, бұл жерде 
жан дүниенің еш қатысы жоқ. Реніш менмендіктің 
әсерінен қалыптасады. Оның пайда болғанын өзіңді 
өзгелермен салыстыра бастағаннан аңғаруға болады: 
«Онда бар, менде жоқ», «Оның жағдайы менен әлдеқайда 
жақсы»
. Бұл сөздер менмендіктің пайда болғанын 
көрсетеді, яғни өзгенің қолында пайда болған дүние 
қашан да жақсы болып көрініп, өз өмірінің кереметін 
көре алмау – эгоизм көріністерінен.
Менмендіктің артықшылығы сол – өзгелердің мате-
риалдық жағдайын, сырт келбетін, рухани хәлін көреді 
де, өзінен жоқ дүниелерді ғана байқайды. Осы кезеңде 
қызғаныш пен көреалмаушылық деген сезімдер ортаға 
шығады. Ренжіген адам үнемі барлық нәрсені жасауға 


31
құқылы бола тұра шеттетілемін деп ойлап жүреді. Айна-
ласындағылар оған дұрыс қарамайды, ал қарсыласы 
басқаларды сыйлап, жақсы көреді деген түсінікпен 
өмір сүреді. Ақыр соңында адам өзінің оқшауланып 
қалғанынан жапа шегетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет