Кешірдім
34
білдіреді. Олай болса, ренжу мен өкпелеуді «өзін жеу»
деcек, артық айтпаған боламыз.
Реніш – адамның іштей жұтатын қайғысы.
Кешіре
алмайтын адамның іші бұзылады. Олай болса, не үшін
ренжи береміз? Ешкім өзіне жамандық қаламайтыны
белгілі, біз «Ендеше не істеуіміз керек?», «Бұл сезіммен
қалай күресеміз?» деген сұрақтардың жауабын білмей-
міз. Олай болса, өзімізбен-өзіміз сұхбаттаса отырып,
бұл сезімді түсініп көруге тырысайық.
Бұл сезім ақыры
бізді еркімізден айырады екен, өмір сүруге кедергі
болады екен, жағымды әсерден ләззат алуға кедергі
келтіреді екен, олай болса бәлкім, бұл артық сезім
шығар?
Ішіміздегі жараларды реттеп, өткенді сараптап
жүріп, уақытымызды босқа кетіріп аламыз.
Ең алдымен, мына нәрсені түсініп алуымыз керек.
Ренжіген адам өзіне жасалған әділетсіздіктің көзін
жоюдың жолдарын іздей бастайды. Оған неғұрлым
қатты ренжіп, уайымдай беретін болса, соғұрлым тезірек
тылсым бір өзгерістер болып, оның осы жанкештілігіне
сыйлық берілетіндей болып тұрады. Бірақ ешқандай сый
мен құрмет болмайды, күтпей-ақ қой. Өтіп кеткен реніш
пен өкпе – болып қойған
жағдайға қарсылық таныту,
алайда ол сәтті кері қайтара алмайсың. Олай болса, бос
уайымнан ешқандай логика көріп тұрған жоқ шығарсың?
Өткенмен күресудің мәні бар ма? Өткенді өзгерте ал-
майсың, олай болса өткенмен күресуге жұмсалған бар-
лық энергия өзімізді мүжу мен саулығымызға тигізген
зиянымыз ғана болмақ. Міне, өкпе мен реніш құрдым
35
мен уайымға апаратынын түсінген кезде, өзің-ақ осы
бір сезімді басқаруға күш саласың. Ол
сезім өзіңдікі
ғой, өзіңнен шығып жатыр. Оны қай кезде өшірсең де,
өз еркіңде. Кейде өзіңді сыйлау, өзіңді қадірлеу деген
қарапайым ұстанымның да көмегі көп болады.
Бұл мәселені үнділік данагөй Ошо былай жеткізген:
«Әлдекім бір тетікті басып қалады, біз мақтанға семіріп,
үрленіп кетеміз, басқа тетікті басқанда желіміз шығып,
ренжіп қаламыз. Біреудің сені басқарғаны өзіңе ұнай
ма? Осы сұрақ –
адамды ойландырып, «Өз өмірімнің
қожайыны өзім, өзімнің сезімімді өзгенің басқаруына
жол бермеймін» деген шешім қабылдауына түрткі
болатын жалғыз факт.
Өкпе-реніш