Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

Реніштің психосоматикасы:
Егер адамда ескі реніштері болса, мынандай мәселе-
лерге ұшырайды:
ұйқы безінің зақымдануы (ренішке тез бой алды-
ратын адамдарда);
жүрек ауруы (жас ұлғайған кезде инсульт пен 
инфарктқа ұшыратуы мүмкін);
қантамырларының зақымдануы, қан қысымының 
жоғары болуы;
өт жолы аурулары;
сезім мүшелеренің ауруы және т.б.
Реніштің физикалық көрінісі осындай созылмалы 
болса, онда кішкентай ғана келеңсіздіктің өзі денсау-
лыққа айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін. 
Өкпе-реніш


Кешірдім
32
Қызғаныш пен реніш қосылған кезде онкологиялық 
ауруға шалдықтыруы мүмкін, ал әйел адамдарда сүт 
безінің ауруы пайда болады. Егер ренішпен жұмыс 
жасалмайтын болса, адам ондай мәселелерге жол бергісі 
келгені деген сөз, ондай жағдайда қанша емделсе де, 
дертінен арыла алмайды. Яғни, мұндай жағдайда, ең 
алдымен, реніштің себебін анықтап алу керек. 
Кешіре білу – адам бойындағы маңызды қабілет. 
Өте қиын жағдай реніш пен ашудың біріккен кезінде 
болмақ, ондайда адам бүкіл әлемді жек көріп, өзінің 
сәтсіздіктеріне айналасындағыларды кінәлап отыратын 
болады. Мұндай жағдайда адам жағдайдың қиындығына 
қарамастан, адамдардың демеуінсіз жеткен жетістіктерін 
қалай әңгімелейтініне назар аудару керек. 
Өкпелі адам мәселенің негізгі себебін іздегісі 
келмейді, сондықтан барлық зейінді өзіне аудартады. 
Реніштен қашу үшін өзіңнен және уайымдарыңнан біраз 
алыстау керек те, ренжіткен адамды жеке тұлға деп 
қарап, оның да қателігі мен кемшілігі барын мойындау 
керек. Өзіңді ренжіткен адамның орнына қойып қарашы, 
сонда ренжудің түкке қажет емес екенін әрі ренжи 
отырып, ешкімді өзгерте алмайтыныңды түсінесің. 


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет