Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет17/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

КЕШІРІМНІҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ
«Қазбалай берсең, пенденің бәрі қап-қара. 
Ақ пейіліңмен ағартып ал да, аралас...».
К
ешіру, кеңшілік таныту, ғафу ету, елемеу – ара-
ларында терең мағыналы айырмашылық бар 
сөздер. Алайда бұл сөздер адамның тазалығын лас-
тайтын, жан сұлулығынан айыратын, біраз күшін сар-
қып тастайтын, өміршеңдігін тежейтін жан дүниедегі 
ластықтан арылуға көмектесу тұрғысынан алып қарар 
болсақ, бір мағынаны білдіреді. Бұл – адамды рухани 
азаттыққа жеткізу тұрғысынан қарағанда мағыналас 
сөздер. 
Рухани азаттыққа жету ұғымы аталмыш сипаттардың 
жүрегіңді, ақыл-ойыңды тазалап, қатігездік, іштарлық, қы-
ңырлық құрсауынан азат етуге көмектесуді мақсат етеді. 
Осындай ұғымдар рухани азаттыққа яғни, адам жанына 
зиян келтіретін қажетсіз сезімнің зілінен, жағымсыз 
сезімнің торына түсуден арылтады. Ерекше жеңілдік 
сезінуге сеп болады. Сондай-ақ, аталмыш ұғымдар адам 
жанын пайдасыз сезімдермен шұғылдандырмайды, 
керісінше жетілдіреді. Өмірдің өткен-кеткенін ойлап 
Өкпе-реніш


Кешірдім
50
жүрген жүрек жетіле алмайды. Өткен өмірдің өкпесін 
жібере алмаған жан болмысы, мақсаты, ой-пікірі таяз 
жан болмақ. 
Өрлеу мен даму қасиеттер жетілген жанды қажет 
етеді. Лайықсыз жерге жуымайды. Болмашы, пәс нәрсеге, 
мейлі, ол іс-әрекет болсын немесе ой болсын, тіпті сезім 
болсын, оған қарай тартатын әрбір заттан алыс болады.
Кешірімді болуға толық әдеттену үшін, ол жолда 
міндетті түрде үш істі орындауың керек: 
Бірінші: Өзіңе, болмысыңа көзқарасыңды түзеу.
Бұл өзіңді, оған қоса тәніңдегі, жаныңдағы сипат-
тарыңды жақсы көру арқылы орындалады. Өзіңдегі 
қателіктерге кешіріммен қарау арқылы, бойыңдағы кем-
шіліктерді және әлсіз тұстарыңды қабыл алу арқылы 
орындалады. Сонымен қатар бойыңдағы рухани қуатты 
ояту арқылы жүзеге асады.
Егер адам мұны тыңғылықты орындаса, нәтижесінде 
екінші іске аман-есен, байыппен жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет