Егер өзіңді бағалағанда әділ болсаң, ынсапты тұл-
ғаға айналасың. Өз кезегінде бойыңа кеңшілік қылуға,
кешірімшіл болуға күш-қуат біткенін сезінесің.
Ал өзін асыра бағалайтын адамға келсек, өзінің ас-
тамшылдығын ынсапты деңгейге түсіруді қалаған адам
мына насихаттар мен нұсқауларды орындасын:
– Өзгелердің пікірлерін сұрап, оларды кейбір шешім-
дерді қабылдауға қолданып, олардың сын-пікірлерін,
насихаттарын пайдалана біл;
– Өзгелерге өз қызметіңді ұсын;
– Жақындарыңа өзгеруге талпынып жатқаныңды біл-
дір. Қаласаң олардан осы іске көмектесулерін сұра.
Ынсапты тұлға болуға талпыну іс жүзінде дерттен
сауығу кезеңіне қатты ұқсайды. Мұндай сауығу кезінде
адам эго, яғни менмендік уынан, өзін асыра бағалаудан,
бойға сіңіп қалған өзге де дерттерден арылуы керек.
Өзіңді сауықтыру кезінде бойыңдағы рухани жағым-
69
сыз дерттердің небір белгілерін табуың мүмкін. Алайда
қажымай, шынымен өзгерісті қалап талпынсаң, рухани
кедергілердің бәрінен өтесің.
Өмірде өзіңді асыра бағалағаныңды көрсетіп қалатын
жағдаяттар көп. Сол сияқты өз бағаңды түсіріп жіберген
жайттар да бар. Осы тұлғалық үш деңгейдің арасында
қалып, өзіңе:
«Осы тұлғалардың ішінде менің шынайы
тұлғам қайсысы?»
- деген сұрақпен абдырап қалуың
мүмкін.
Өз бойыңнан сені билеп-төстеп, іс-әрекетіңе ықпал
етіп тұрған тұлғаны ізде. Өзіңнен өзгенің насихатын
қаншалықты дәрежеде қабылдай алатыныңды сұра. Өз-
гелердің қате-кемшіліктеріне сезіміңнің қалай құбы-
латынын сұра.
Осы тәсілдерді білу арқылы, осы нұсқауларды өзіңе
өлшем ету арқылы, өміріңдегі өткен жайттарға талдау
жасау арқылы өзіңнің шынайы тұлғаңды тани аласың.
Тұлғамды жетілдіріп жатырмын ғой деген есеппен
босаңсып кетпеуіңді сұраймын.
Өзіңді бағалау
Кешірдім
70
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Түрлі жағдайларда бойыңнан көрінген төмендегі
тұлғаларға талдау жаса:
– Өзін асыра бағалайтын тұлға;
– Өзін бағаламайтын тұлға;
– Өзін дұрыс бағалайтын тұлға.
Осыдан кейін бойыңда ынсапты тұлғаның сипаттары
басым болуы керек деген шешім қабылда. Бұл жол сенен
көп уақытты, қажырлы еңбекті талап ететінін біл-
гін. Дегенмен, бұл сенің өмірлік жолыңа айналуға әбден
лайық іс.
|