Сезімнің басты 4 түрі бар.
Бізден осы сезімдерді
бақылай білу, оларды бұзып алудан сақтау және
қадағалау талап етіледі.
1-Жақсы көру сезімі:
Бұл – адам баласының бойын-
дағы ең жоғарғы сезім. Алайда бұл сезім бір тарапқа ғана
байланған кезде бүлінеді. Жақсы көріп тұрсаң, «өзгелер-
ді құлай сүйетін адам қатарынансың ба, жоқ па?» деген
сұрақ арқылы өзіңді тексер. Егер жақсы көргенде құлай
сүйетіндерден болсаң, онда сол сезіміңді қадағалап,
түзеп, жақсарту үшін бір қадам артқа шегінгенің жөн.
Сезіміңді жарға жығатын емес, өрге көтеретін сезімдер-
дің қатарында болуың керек.
Өзгелерді кешіру
Кешірдім
78
2-Жек көру сезімі:
Бұл сезім барлық адамның бойы-
нан көрініс табады. Жек көру сезімі мүлде болмайтын
адам жоқ. Алайда адам жек көргенде шектен шығып, бұл
сезімін орынсыз көрсетсе, жек көру сезімі адам бойын-
дағы өзінің негізгі қызметінен ауытқыған болады. Егер
сен жек көргенде шектен шығатын, мөлшерін білмейтін
адамдар қатарынан болсаң, онда мұндай сезім сені
түбінде тозаққа түсіретін есікке апарады. Нәтижесінде
өмірің қиындап, өмірдің көркін жоғалтасың.
3-Ашу сезімі:
негізінде, бұл сезім, кейбір адамдар
ойлағандай, жағымсыз сезім емес. Өйткені ашу – бұрыс
әрекетке қарсылық білдірудің жолы. Расында, ашу –
сенің мазаңды қашырған нәрсенің бәрін өзгерту үшін
бойыңда пайда болатын күш. Алайда ашуды өз орнымен
білдірсең ғана жөн болмақ. Ал егер ашуға бой алдырған
кезіңде ессіздігің оянып кететін адамдардан болсаң,
онда ашуыңды дұрыс бағытқа бұра біл. Осылайша, ашуды
пайдалы жаққа бағыттай алатын көркем мінезді жанға
айналасың.
4-Қорқыныш сезімі:
Қорқу – сенің сақтанғаныңды,
есендікке жеткізер жолдарды іздегеніңді, қорыққан
дүниелеріңе қарсы оң әрекеттерге баратыныңды біл-
діретін сезім. Егер сен шектен тыс қорқынышқа бой
алдыратын адамдардан болсаң, онда өзіңді тексеріп
ал. Осылайша қорқынышты көрінген дүниелер сенің
жүйкеңді, күшіңді соншалықты тауысуға тұрарлық па,
жоқ па – соған көзіңді жеткізесің. Қорқыныш сезімі сенің
шабытың мен әрекетіңді тұсамауы керек әрі ешкімнің
жүрегіңе үрей салуына жол бермеуің ләзім.
79
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Телефоныңа жадыңнан өшпеуіне көмектесетін түрлі
нұсқауларды жазып жүр. Бұл нұсқаулар түрлі уақыт
аралығында саған қажетті әрекеттерді есіңе салып
тұрады. Тақырыбын «Қазір мен не сезіп тұрмын?» деп
ата. Нұсқаулық есіңе түскен сайын өзіңнен не сезіп
тұрғаныңды сұрайсың. Егер іштей «қуаныш сезіп тұр-
мын» деген жауап естісең, онда өзіңнен «бұл қандай
қуаныш?» деп сұра. Ол қуаныштың пайда болу себебін,
түп-тамырын анықтау үшін, іштей талдау жүргіз.
Бұл жаттығу қиын жағдайлардың өзінде сезімдеріңді
басқара алу қабілетіңді күшейтеді.
Өзгелерді кешіру
Кешірдім
80
Достарыңызбен бөлісу: |