Ардақты пайғамбарымыз: «Уа, Алла! Расында, мен Сенен қайыр-жақсылықтарды істеуді, теріс істерді тәрк етуді, міскіндерді жақсы көруді сұраймын», - деп дұға тілеген. Міскіндерді жақсы көру – жанашырлықты, өзара
мейірбандықты арттырудың, бойдағы жөнсіз эгоны
немесе шегінен асқан эгоны басудың жолы. Алайда
эгоның барлық деңгейі жаман емес. Керісінше, эго сені
билей бастаған кезде ғана жаман саналады.
Өзгелерді кешіру
Кешірдім 94
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Сені танымал, белгілі еткен он ерекшелігіңді жаз. Мәселен, көркем жазуға деген қабілетің болып, кейін айырылып қалсаң, қандай күй кешесің? Осыны ойша болжап көр, нығметтердің қадірін еске ал. Мұндай жаттығу бойыңдағы таланттарыңа, қабілет- теріңе немесе мақтаулы лақап аттарыңа алданып, со- ларға байланып қалудан арылтады. Нәтижесінде қандай да бір дүниеге байланбай, жасандылыққа бой алдырмай, шынайы адами болмысыңа сай өмір сүруіңе көмектеседі. Өміріңде саған қатысты қате-кемшілік жіберген адам- ды кешіруге шешім қабылда. Оның олқылығын қайтала- ма. Егер бірінші болып татуласқың келсе, іске көш. Пәленшеге немесе қандай да бір жайтқа қатысты туындаған күйгелектік сезіміңді доғар. Бірнеше сәт үн- сіздік сақтап, болған оқиғаға жаңаша көзқараспен ой жүгірт. Сезімдеріңді, бойыңнан байқаған әрекеттерді параққа тәптіштеп жаз. Сосын сол сезімдеріңді дұрыс жаққа бағыттауды үйрен.