«Алла ешкімге шамасынан тыс нәрсені жүктемейді», -
делінген. Бұған толықтай сен, себебі Алла бұтаққа көтере
алмайтын жемісті бермейді. Алла саған жауапкершілік
жүктесе, демек сен оны көтеруге қауқарлысың».
Тағдырыңа мойынсұнудың сыры – өткен шағыңды
қазіргі шақта және болашақта өмір сүруге көмектесе-
тін мол тәжірибе деп сенуіңде жатыр. Расында, өткен
шағыңнан жиылған мол білімің ешқашан ауыстыруға
келмейтін байлық іспеттес. Өткенге күйінбе, бірақ
өткеннен сабақ ал.
Өткеннен сабақ алу деген – өміріңде жиған тәжі-
рибелеріңді қысқаша жазып шығу. Өмірлік тәжірибеңді
өзің үшін және өзгелер үшін жаз. Оларды параққа түсір.
Өйткені өмірлік тәжірибе – құнды дүние. Өміріңдегі
маңызды, ғибратты сәттер жазылуға лайық.
99
ЖАҢА ӨМІР БАСТАУ
«Нағыз жомарттық –
рахмет айта білмегенді кешіру»
Қ
андай да бір нәрсеге көңіл бөлу сол нәрсенің құ-
нын, маңыздылығын арттырады. Сол үшін көкейіңе
жаман ой келген сайын, оны жақсы оймен алмастыр.
Көңіліңді жақсы нәрсеге бұр.
Көптеген жақсы ой арқылы жаман ойлардан арыл.
Жамандықты жақсылыққа алмастыру арқылы жүзеге
асатын жағымсыз әсерлерден арылу ұстанымына жүгін.
Бұл ұстаным «Һуд» сүресінің 114-аятында:
«Расында, жақсылықтар жамандықтарды жояды»
, -
деп көрсетілген.
Бойыңдағы жақсы қасиеттерің жаман сипаттарыңды
басып, ізгілігіңді арттыруға көмектеседі. Егер тыныш-
тыққа толы өмір сүргің келсе, байсалдылық танытуды
үйрен. Байсалды жандармен жиі отыр. Өміріңнен сабақ
алуды, барға қуана білуді игере біл. Жақсылықтар күй-
гелектік, асығыстық сияқты бойыңдағы жаман сипат-
тардың кетуіне әсер етеді. Бәрінен бұрын өзіңді, яғни
Өткеннен сабақ ал
Кешірдім
100
Алла саған сыйлаған болмысыңды қабыл ал. Өйткені
сен Алла берген тұлғаңды қабыл алып, көңілің көншіген
сайын, өміріңде оң өзгерістердің бірінен соң бірі көрініс
таба бастағанына куә боласың.
Ақиқатында, сен болып жатқан шынайы өміріңді
қабыл алғың келмейді. Алайда оны қабыл алу – сенің
міндетің. Тіпті, қазіргі өміріңді жасап, онымен сүретін
де өзің. Оны өзгертетін де өзің. Сенің сүріп жатқан
қазіргі шағың оқиғалар мен өмірдегі жағдайларды,
тіпті адамдарды да есте сақтаудан басқа ешнәрсе емес.
Олардың көрінісін бейнелейтін де өзің. Өміріңде сол
дүниелердің көрінісін өзгертіп, олардың сәнін келтіріп,
әсірелей алуың – қуанарлық жайт. Өміріңде сен үшін
ұнамсыз кісі пайда болған кезде, ол туралы ой-санаңды,
көрінісіңді өзгертуге мүмкіндігің бар. Мәселен, оны әлсіз
күйге түскенін немесе сырқаттанып қалғанын бір сәт
елестетіп, оған деген жанашарлық сезіміңді оята аласың.
Болмаса саған қатігез болып көрінген адамның бір сәт
күлімсіреп, мейіріммен балаларын ойнатып жатқанын
елестет. Бұл қорқыныш сезімінен арылуға көмектеседі.
Осылайша, онымен шынайы болмысыңа сай мәміле тү-
зесің. «Ол да мен сияқты адам, қорқатын ешнәрсе жоқ»
деген ой түйесің.
Кешіруге, кеңшілік етуге деген шама-шарқымыз
артып немесе кеміп отыруы мүмкін екенін түсінуіміз
керек. Кешіру де – шеберлік. Мұның мысалы дамытып,
бір қалыпта ұстап отыруды қажет ететін басқа да ше-
берліктер сияқты. Бұлшық еттеріңді өсіргенің сияқты
101
рухани күшіңе де көңіл бөлуді ұмытпа. Сонда ғана қате-
кемшіліктерді кешіп, оларды елемей, жақсылық істеп,
ұстамдылық танытып, парасаттылыққа ие боласың.
Кешірім мен кеңшілікке негізделген өмірді бастау
– жігер мен еңбекті қажет ететін пайым. Бұл пайымды
жүзеге асыруың үшін, өміріңе арылуды қажет ететін
жарамсыз, ескі-құсқы әдеттердің орнына жаңа әдет-
терді енгізуің керек.
Шынайы ниет пен қалау – өмірді дұрыс қалыптасты-
рып, оған оң өзгеріс сыйлайтын басты негіз. Кері әсер-
лерден туған жан арпалысына, қиыншылыққа толы
өмірден жаның қысылған кезде, әрнәрсенің межелі же-
рінде тоқтауға шынайы ниет білдіруден басқа жолың
жоқ.
Дұрыс өмірді бастау ақылмандық пен байсалды-
лықты қажет етеді. Ақылмандық алдағы мақсаттарыңды
айқындау үшін керек. Байсалдылық сол мақсаттарды
орындау үшін маңызды.
Алдыңа жаңаша, биік мақсаттарды қоймастан, оларды
жүзеге асыруға шынайы ниет білдірместен, жаңа
тұрмыс-тіршілікті бастай алмайсың. Өткен шақтан келе
жатқан ескі әдеттерің жаңаша тіршілік етуіңе көмектесе
алмайды. Сондықтан уақыт оздырмай өзгеруің керек.
Өткеннен сабақ ал
Кешірдім
102
Достарыңызбен бөлісу: |