Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


Өзін төмен санайтын адамның сипаттары



Pdf көрінісі
бет22/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

Өзін төмен санайтын адамның сипаттары:
Өзгелерге өзін басынуға, уақытын алуға, мал-
мүлкін қолды қылуға жол береді. Көп жағдайда мұндай 
әрекеттерге қарсылық білдірмейді. «Жоқ» деп айтуға 
қиналады.
Мақтауды мүлдем қабылдамайды. Егер оған 
киім-кешегінің әдемілігін хабар етсең, саған киімінің 
қарапайым екенін айтады. Егер оған бір істе тапқырлық 
танытқанын айтсаң, саған біртүрлі қарап, сөзіңді жоққа 
шығарады. Сені түзеп, сосын іс-әрекетінде қате-кемшілік 
жіберген жерлерін түсіндіре бастайды. 
Кішіпейіл болуды алға тартып, сөзінде өзін орын-
сыз кішірейте береді. Өзі туралы: «Ақымақпын, тез 
үйрене алмаймын», - деп айтады. Егер онымен тартыс-
саң, кішіпейілдік және адамның өз қадірін білу жайлы 
айтылған сөздердің бәрін жаттап алады. Алайда ол өзін 
түсіреді. Өз қадірін білмейді және өзін бағаламайды. 
Сенімсіздігі сөзінен, дауыс ырғағынан, отырысы-
нан, жүрісінен көрінеді. Көп жағдайда тұйық жүреді. 
Өзіңді бағалау


Кешірдім
62
Үнемі өзінен жоғары тұрған адамдарға қарайды. 
Олармен өзін салыстырып, солар сияқты болуға неме-
се оларды басып озуға жасқанады. Өзінің өсетініне, 
озатынына сенбейді.
Өзінің жетістіктеріне қуануы қиын. Қандай іс
бітірсе де, барлығын қалыпты жағдай деп санайды. 
Бойынан ешбір айбын мен алғырлық көрінбейді.
Өзі туралы армандаудан, өзіне үміт артудан қор-
қады. Әрдайым қарапайым санаттағы адамдар қата-
рында күн кеше беруді қалайды. 


63
«ӨЗІНЕ ДҰРЫС БАҒА 
БЕРЕ АЛАТЫН АДАМ»
«Орынды сөйлейтін адам кешірім 
сұрауға мәжбүр болмайды».
Фатих Сұлтан Мехмед
Ө
зін бағалайтын адам астамсынған немесе төмен-
детілген адам сияқты емес. Ол – әр нәрсенің ың-
ғайын тапқан тұлға. Шектен шықпайды. Мұндай тұлға 
өзінің бағасын, қадірін біледі. Ол өзінің дәрежесін асыра 
көтеріп немесе өзін төмен түсіріп, ауытқымайды. 
«Мутаффифин» сүресінің 1-3 аяттарында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет