КЕШІРІМДІ БОЛУДЫҢ КҮШІ
«Ұзақ әрі өнімді өмірдің сыры – әр кеште
ұйықтар алдында барлық адамдарды кешіру».
К
ешірімділік – ерекше бір күш. Ол жүректі таза-
лайды. Рухты көтереді. Тәнді сауықтырады. Ойға
тыныштық сыйлайды. Алайда аталмыш күштің екі түрлі
жолмен қалыптасатынын түсінген жөн.
Біріншісі, кешірімділікке жетелейтін жігерді қажет
етеді. Бұл жігер «қозғаушы күш» деп аталады. Ол сені
кешірімділікке итермелеп тұрады. Екіншісі, адам
танытқан кешірімділігінен кейін оның жемісін сезінуі
керек. Бұл «Кешірімділік сыйлайтын күш» деп аталады.
Бірінші, яғни «қозғаушы күшке» қатысты мәселе.
Қолыңнан келетін істерге өзің қожа екеніңді, өз нәпсіңе
және басқалар алдында да кешірімділік танытуға шамаң
жететінін білуің керек. Өткен өміріңдегі оқиғаларға,
өміріңде орын алып жатқан түрлі жайттарға, өсіп-өнген
ортаңа және т.б. көп дүниеге кеңшілікпен қара. Негізінде,
ұстамды болуға, бәрін жаңадан бастауға шамаң жетеді.
Бұған тек айнымас сенім, шынайы ниет керек.
43
Өз жаныңа үңіліп, көзіңе тік қарап: «Мен өзіме,
басқаларға, өмірімде өткен оқиғаларға кеңшілікпен
қарауды қалаймын», - деп айт. Осы сөзді іштей бірнеше
рет қайтала. Бұл сөздер жан дүниеңде қайта-қайта
жаңғырсын. Қолыңды алқымыңа қойып, дауысыңның
шығуын қадағала. Бәлкім ұстамды бола алмаудан туған
қорқыныштың немесе ұстамды болуға сенімсіздік
дауысы үн қатар. Бірақ алған бетіңнен қайтпа! Бәлкім,
мұны соңына жеткізуге құлықсыздық сезінуің де мүмкін.
Өйткені бұл – нәпсі рахатынан тыс әрекет. Алайда соған
қарамастан бұл ұстанымыңа берік бол!
Кешірімділікке бейімделу барысында жан дүниеңдегі
кедергілер кеткенше, күн сайын осы ұстанымыңды
жалғастыра бер. Егер қысылмаймын десең, жаныңа
жақын адамға осы мақсатың жайлы айт!
Сыннан өткізер мұндай жайттар мен жағдайлар
болмағанда өмірден сабақ алып, дами алмайтыныңа
сенуің керек. Кешірімділігіңді шыңдайтын өмірдегі
сынақтар – сені бастан-аяқ тәрбиелеудің алғышарттары
мен кіріспелері. Мұндай сынақпен сенің мазаңды қа-
шыру мақсат етілмегенін түсін!
Кешірімділікке бейімделуге итермелейтін жағдайлар
көп кездеседі. Бұл – кешірімділік қалыпты түрде көрініс
табатын жайттар. Сен тек мұндай жағдайда ой жүгіртсең
болды, кешірімділіктен келетін жан рақатын сезінесің.
Сонымен қатар сын сәтте ұстамдылықтан бұйырар ұлы
сыйды есіңе ал.
Өкпе-реніш
Кешірдім
44
Достарыңызбен бөлісу: |