«Тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру
келсе, Алланы еске алады да қырағылық танытады»
, -
делінген. Сені ашу қысқан кезде, аталмыш аятты еске
түсіріп, басшылыққа ал. Сонда көкірек көзімен әрбір
істің ақиқатын, нәтижесін көресің.
Бірде Әбу Бәкір кедей Мұстах есімді бір мұқтажға
үнемі жәрдем беріп тұратын еді. «Ифк оқиғасы» деген
атпен белгілі болған оқиғада Айша анамызға ойнастық
жасады деп жала жабушылардың ішінде Мұстах та бар
болатын.
Ардақты пайғамбардың жұбайы – Айшаға жала жабу-
шылар арасында Мұстахтың да болғанын естіген кезде
Әбу Бәкір бұдан былай оның жанұясына көмектеспеуге
ант ішеді. Әбу Бәкірдің жәрдемі тоқтап қалған кезде
Мұстахтың жанұясы бейшара хәлге түседі. Ал Мұстах –
Айша анамыздың немере бауыры еді.
Ғалымдарымыз мына аяттың осы оқиға кезінде
түскендігін айтады:
«Араларыңдағы игі жақсылар мен
дәулетті жандар туған-туысқа, кедей-кепшікке және
Алла жолында һижрет еткендерге
(тіпті, олар жаза
басып, алдарында айыпты болып қалса да)
мүлдем
қарайласпауға, қайыр-зекет бермеуге серт етпесін.
Керісінше ғафу етіп, кеңшілік жасасын. Әлде, Алланың
өздеріңе кеңшілік жасағанын қаламайсыңдар ма?
Алла өте кешірімді, әсіресе, мүмін құлдарына ерекше
мейірімді»
.
Ардақты Пайғамбарымыз Әбу Бәкірді шақырып:
Өткеннен сабақ ал
Кешірдім
126
– Саған Алла Тағаланың кешірімі керек пе? - деп,
жоғарыдағы аятты оқып береді.
Сонда Әбу Бәкір:
– Әлбетте мен Алланың кешіруін қалаймын! - деді
де, антын бұзып әрі мұны бұзғандығы үшін кәффаратын
да өтеп барып, Мұстахтың жанұясына жәрдем етуін
жалғастырды. Себебі, ол Алланың кешіріміне лайық болу
үшін кешірімшіл бола білу керектігін түсінген еді.
127
Достарыңызбен бөлісу: |