Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет46/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Кешірдім

КЕШІРІМ ҚУАТЫ
«Қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана,
оған кешіріммен қарауға болады».
Брюс Ли
Б
із кешіру тақырыбы төңірегінде не айтсақ та, 
әрдайым кешірімге іс жүзінде жеткізетін тәсіл-
дерді қажет етеміз. Бұл тәсілдер теорияны практикаға 
қолданатын шынайы құралға айналдыруға көмектеседі. 
Өмірлік ауыртпалықты қалай еңсеріп, кешірімді болуға 
дағдыланамыз? Бұл бір сәтте бола салатын нәрсе емес. 
Керісінше, тар әлемнен кең әлемге көшуіңе мол септігін 
тигізетін рухани практика арқылы жүзеге асады. 
Расында, кешірім әлеміне кіру үшін, күшті құлшыныс-
ты итермелейтін шынайы ниет қажет. Сол сияқты кеші-
рімді болуға кесімді шешім керек. 
Сен кешірімді болуға шынайы ниет еткен бойда, 
өзің үйренісіп қалған ескі ойдан өзгеше көзқарастарға 
сүйеніп, жаңаша ойлана бастайсың. 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
128
Әуелі өзіңді үнемі біреудің қателігінің құрбаны 
ретінде сезінуіңе түрткі болатын ескі ой-пікірден арыл. 
Өміріңнің қожайыны өзің екеніңді, өміріңді өзің бас-
қаруға ықтиярлы екеніңді, оған өзің жауапты екеніңді 
ұғын. 
Қандай да бір тақырып туралы ұнамсыз әңгіме айта 
беруді доғар. Өзгелерге керексіз тақырыпты қайталап 
айта берме. Осы айтылған нұсқаудың кері әсері санаңда 
орнығып, оны ойлай беруден құтылуға мол септігін 
тигізеді.
Өзің кешіргің келіп жүрген адамдармен арадағы 
болған жағдайдан немесе басыңнан өткен келеңсіз 
оқиғадан ғибрат ал. Мұның бәрін параққа түсір де, өте 
бағалы қазынаң деп біл. 
Егер бұрынғы келеңсіз оқиға қайталанса қалай әрекет 
етесің, өткен оқиғадан жақсылап сабақ алдың ба, ол 
қандай тәжірибе сыйлады – соған қара. Өмірден сабақ 
алмайынша, сынақ көре беруің – өмір заңдылығы екенін 
түсін. Өткен сынақтар қайталанса, таң қалма. Өйткені 
мұнда сен әлі түсінбеген хикметтің бары анық. 
Егер сенің кеңшілігіңді іздеген адаммен бетпе-бет 
келіп, кешіре алмасаң, оның жақсы қасиеттерін іздеуге 
тырыс. Бар көңіліңді жақсылықтарына аудар немесе 
хайырлы дұға тіле. Өйткені дұға жүрегіңде бауырмал-
дық сезімін оятады. Басында оған дұға тілегеніңде, 
бәлкім, жақтырмайтын шығарсың, алайда бірте-бірте 
оған жүрегің жібіп, ғафу ете аларсың.


129
Ал егер адамның жақсы жағын көре алмасaң, онда 
оны мүлдем есіңе алма. Мұндай жағдайда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет