Кешірім танытудан басқа амалың қалмаған кездің
өзінде кешіре біл. Басыңнан кешірген кері әсерлерді
қабылдап, одан сабақ ал. Өмірді қиындыққа, сынаққа
жасымай сүр. Жағымсыз ой мен сезімнің бойыңа тараған
уы ешқашан дұрыс шешім қабылдауға мұрсат бермейді.
Бәлкім сен кереғар ой-пікірлердің санаңа орнығып
алғанын ұмытып кетуің мүмкін. Алайда сен қазір бар
пайымыңды, ой-санаңды кешірім ұғымына бағытта.
Осылайша сен асыл жаратылысыңа, әуелгі сау болмы-
сыңа ораласың.
Өткеннен сабақ ал
Кешірдім
118
КЕШІРІМДІ СҮЙГЕН САХАБА
«Адам ауырған кезде жүрегінен кімді
кешіру керектігін іздесін»
Б
әлкім, өзіңмен іштей бірнеше мәрте сөйлесіп,
кешірім таныту мүлде оңай емес деген ойға тоқ-
таған шығарсың. Мен сенімен бұл мәселеде келісемін.
Бұған дәлел-дәйектемеміз де бар. Мәселен, Әнәс ибн
Мәлик бір сахабаның оқиғасы туралы жеткізген хадисте
Пайғамбарымыз үш күн қатарынан әлгі сахабаның
жұмақтық екеніне куәлік етеді. Сонда Абдулла ибн Амр
ибн әл-Ас артынан еріп барып, онымен үш күн жүреді.
Алайда Абдулла оның күнделікті амалынан артық бір
амал істегенін көрмейді. Түнгі намаз да оқымайды. Бірақ
ол түнде оянып, төсегінде аунақшыған кезде, Өте Үстем
әрі Аса Ұлы Алланы зікір етіп, ұлықтайды. Осылайша таң
намазына тұрғанша жалғасады. Абдулла оның тек жақсы
сөз сөйлегенін ғана естиді. Үш күн өткен кезде Абдулла
аталмыш сахабаның амалын азсына жаздайды. Содан
Абдулла одан: «Ардақты елші айтқан дәрежеге сені не
жеткізді?» - деп сұрайды. Ол: «Өзің көрген нәрсе ғана.
Мен әр күні түнде ұйықтамас бұрын мені ренжіткен
119
барлық адамды кешіріп, ешбіріне реніш сақтамай ұйқыға
кетемін. Алланың олардың біріне берген жақсылығын
қызғанбаймын», - деп жауап береді. Абдулла: «Сені бұл
дәрежеге жеткізген осы екен ғой. Біздің шамамыз кел-
мей жүрген амал - осы», - дейді.
Расында, кешірімді бола беру адамға оңай емес.
Дей тұрғанмен бұл кешіре алудың мүмкін екенін жоқ-
қа шығармайды. Кешіре білу үздіксіз жан тәрбиесін,
нәпсімен күресті қажет етеді.
Ынсаптылыққа «эго» араласқан кезде барлық нәрсе
ауыр көрінеді. Ынсаптылық танытқан кезде эго жоқ
болып кетуі керек. Адамның бойындағы эгоға тән өзіндік
дәреже бар. Ол дәрежені ешкім жоққа шығара алмайды.
Ал енді эгоның дәрежесі түсіріліп, оған аз көңіл бөлінген
кезде бұл нәпсіге оңай соқпайды.
Егер жағымсыз ойлар мен сезімдер жиналып, ұмыту
ұзаққа созылса, кешіру де қиынға соғады. Әр күніңдегі
теріс пиғылдардың бетін сол күні жабуды үйрен. Тіпті,
сәт сайын пайда болған кереғар әсерлерді сол сәтте
ұмытып кет. Ертеңгі күн – жаңа күн. Жаңа өмір жаңарған
сәттен құралады.
Өмірдегі өрескел жағдайдан туған сезімді немесе
жағымсыз ойды ішіңде ұзақ уақыт сақтаған сайын одан
арылу ауырлай береді. Дер кезінде кешір, уақыт оздырма.
Кешірімді болуың өткен мәселелерді жауып, оны
ойыңнан толықтай шығарып, жүректе орнығуына жол
бермеу арқылы жүзеге асады. Әрине, басында кешіру
Өткеннен сабақ ал
Кешірдім
120
ауыр болады. Алайда уақыт өте ой-санаң, жүрегің
саған пайда бермейтін нәрседен гөрі пайдалы нәрсеге
қолданылатын ең үлкен, ең бағалы нығмет екенін
түсінесің.
Жүрегің мен ойыңдағы әлі ешнәрсе орнықпаған
орынды қалай бағалайсың? Мәселен, меншігіңдегі жерді
ерекше мақсатқа арнап, мүлкіңнің ішінде орны айрық-
ша болса, оны ешқандай бағаға сатпайсың. Сол сияқты
асыл жүрек пен ерек сана өзіне кез келген нәрсені тегін
орнықтырып, өзін төмен бағаламайды. Керісінше, ондай
асыл нәрсе лайықты тұлғаға лайықты бағамен лайықты
орын береді.
Әркез өзіңе үңіл. Басыңнан кешірген қандай да бір
жағдай жүрегіңде немесе ой-санаңда орын алуға лайық
па, әлде жоқ па, тексер. Сол сияқты өмірде кездестірген
қандай да бір адам есіңде, жүрегіңде қалуға лайықты ма,
соған да мән бер. Кешірмеуің оң өзгеріс әкеле ме, әлде
тек өзіңе ғана зиян тигізесің бе, соған назар сал. Мәселен,
саған зиян тигізген кісіні алдыңа әкеліп, оған қандай
шара қолдансаң да, түбінде зиянынан құтылатыныңды
білсең, сол сәтте не істер едің?
Сен сол сәтте кешіруді таңдайсың. Пікіріммен келі-
сесің ғой? Сенде басқа таңдау жоқ. Өйткені бұл – асыл
жүрегіңе, өте бағалы ой-санаңа сай келетін жалғыз
таңдау.
Кек қайтаруға қанша құлшыныс пайда болғанымен,
егер күш-жігеріңді, өз қадіріңді білсең, өшпенділігің
121
біртіндеп басылатын еді. Сол үшін ғұламалар: «Кек
қайтаруға шама бола тұра, кешірім таныту нағыз мәрт
жандардың сипатына жатады», - деген. Өйткені кек алуға,
күш көрсетуге шамаң жете тұра ғафу етуің дәрменсіз
күйде кешіріп қалудан әлдеқайда артық.
Ашуыңды басқару, ызаңды тежей білу жолдарын
үйрене бастаған кезде, кешіру оңай болады.
«Әли Имран» сүресінің 134-аятында:
Достарыңызбен бөлісу: |