Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет51/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Кешірдім

ӘКЕММЕН МОНОЛОГ
Д
үниеде осы уақытқа дейін келіп кеткен ең күшті 
сардар кім, білесің бе? 
Өзімен өзі күресіп, сол соғыста жеңіске жеткен 
адамдар. 
Рас-өтірігіне көз жеткізгің келе ме? Бәлкім, әлемдегі 
ең мықты сардар болғың келетін де шығар. Ол үшін бір 
ғана нәрсені жасауың керек: 
Бүгінге дейін сенің жаныңды ауыртқан барлық адам-
ды шын жүрегіңмен кешір! 
Қолыңнан жетектеп, мойнына көтерген, қолыңа қа-
ламнан бастап балғаны ұстауға дейін үйреткен әкең бар 
ма? Онда әкеңді құрметте! 
Білесің бе, кей әкелер тәрбиені көзімен береді дейді. 
Кей әкелер ұлын «батырым» деп жақсы көреді екен. Ал 
кей әкелер «қызым мейірімді даладан іздеп кетпесінші» 
деп қызын аялайды екен. Әкесі барлардан естігенім ғой, 
шынымен солай шығар.
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
142
Бала күнімде тентектер күш көрсеткенде қарулы 
әкенің демеуіне мұқтаж болған едім. Мені осындай 
шарасыз хәлде тастап кеткеніне налып, оған деген 
ашумен, ызамен ренжіп өстім.
Қазір, міне, оңым мен солымды таныған азаматпын! 
Мені жасқандырудың өзі оңай емес болғалы қашан. 
Табанды, өжет әрі білімді тұлғамын! 
Әке, менің өмірге «төселіп» өсуіме қосқан үлесің ора-
сан зор. Егер мені тастап кетпегеніңде, бәлкім, ынжық 
болар ма едім? Қазіргі шыққан шыңыма шыға алмайтын 
едім ғой. Қолыма қаламды саған деген өкпемді төгу үшін 
емес, алғыс айту үшін алдым. Кеудемде бір жеңілдік бар. 
Жүрегімді тыңдасам, алғыстар легі байқалады.
Әке, менің өмірімнен орын алмағаныңа рахмет! Сенің 
жоқтығың мені қайратты етті. 
Әкетай, сен маған жоқтығың арқылы адамдарды тану-
ды үйреткеніңді білесің бе? 
Әкешім, сенің қасымда болмауың менің әкелік па-
рызымды ер адамға сай өтеуге үйретуде. Сен менің өмі-
рімде жолықпаған ұстазымсың! Жоқтығыңмен жігер-
лендірдің. 
Бұрын сені мүлде кешірмеймін деп ойлайтынмын. Хе... 
Қазір ойлап отырсам, бірінші болып алғысымды айтатын 
адам сен екенсің.


143
Сені ертерек кешірмегенім үшін сөге көрме. Өйткені 
мен сенен сабағымды алып бітпеген едім. Ұлың азамат 
болды, әке! Ол саған алғыстан басқа жазар сөз таппай 
отыр. 
Кешірдім, жолықпаған тәлімгерім!
Өткеннен сабақ ал


Жоба жетекшісі:
Шариғи редактор:
Мұқаба дизайнері:
Беттеуші:
Аслан Орақбаев
Толеш Темирлан
Дәурен Қабыланбай
Жандар Рашитұлы
Пішімі 60х90/16. Баспа табағы 9 б.т.
Қаріп түрі «PT Sans». Офсеттік басылым. 
Таралымы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет