Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет44/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

КЕШІРУ ӘЛСІЗДІКТІҢ 
БЕЛГІСІ МЕ?
«Өздерін жақсы көрмейтін адамдар
кешіре де алмайды».
Ө
ткен оқиғаның естелігімен немесе кереғар оймен 
өмір сүріп, одан арылуды қаламаған адам, шын 
мәнінде, өз нәпсісінің тұтқыны саналады. Кешірмеу мен 
кеңшілік танытпауың ғұмырыңның бірнеше жылын тамұқ 
ішінде өткізгеніңді көрсетеді. Өзің арылғың келмей 
жүрген сол тамұқтың кілті өз қолыңда. Ең қызығы, өмірде 
жағымсыз амалдар, қажетсіз әрекеттер, есе алудың сәтін 
күтіп үнемі аңду арқылы өзін келеңсіз ойдың, сезімнің 
құрсауына түсіретін адамдар бар. 
«Кешіру мен кеңшілік таныту – әлсіздіктің белгісі» 
деген ой қоғам ішінде басым. Алайда ақиқатына келсек, 
кешіру мен кеңшілікті тек бүкіл істің тізгінін қолында 
ұстай білетін күшті адамдар ғана танытады. Кешіре салу 
әлсіз жандарға ауыр, ал күшті жандарға керісінше жеңіл. 
Кешірімді болудың күшін сол ұғымды дұрыс түсінген 
кезде сезінесің. Кешірім танытуың өз құқықтарыңнан 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
124
бас тартуды немесе аңқаулыққа салынып, мың рет опық 
жеуіңді білдірмейді. Кешіру – қорлық немесе қандай да 
бір пенденің көрсеткен тәкаппарлығының құрбанына 
айналу емес. Кешіруге күш ретінде қарауың үшін, 
санаңда ол туралы жаңаша түсінік қалыптасуы қажет. 
Кешірудің күші өмірдегі қандай жағдайда да кешірім 
еткеніңде көрінеді. Алайда кешіргіштік деңгейі барлық 
жағдайға бірдей қолданылмайды. Кейде кешірімді 
болуың күш саналады. Ал кейде екінші тарап кешіріміңді 
әлсіздік санап, сені істемеген қателікті мойнына ала 
салатын әлжуаз көрсе, кеңшілік танытпайсың. 
Сен кешірудің қашан күшке айналатынын, ал қашан 
әлсіздік саналатынын жақсылап түсінуің керек. Кеңші-
лігің оң нәтижемен аяқталатынын көріп тұрсаң, кешірім 
ет. Ал кеңшілігің себепті бұзғындық тек арта түсетінін 
көрсең, кешірме. 
Барлық істі өлшейтін ақыл таразың болсын. Басыңа 
түскен әрбір істі сонша күшімді алуға лайық дүние ме, 
әлде елемеуге болатын дүние ме деп, ойша таразыла. 
Ал егер оны елемеуге шамаң келмей жатса, онда оның 
түсірген салмағын қалайша азайтсам екен деп, іштей 
шешімін ізде. Мазалаған істің нәтижесін әлемдердің 
Раббысына тапсырып, ойымнан қалай шығарсам деген 
жауап ізде. Сол істің әсерінен пендешілік сезімдердің 
бойымда қордалана беруін қалайша тоқтатсам екен, 
уының таралуына жол бермесем екен деп ойлан. Әрбір 
істі байыпты түрде қолға алып, пендешіліктің уынан 
біртіндеп айығудың жоспарын түз. Құран аятында: 


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет