131
Расында, бәрімізге көркем түрде кешірім сұрауды
үйрену керек. Құр өкінішті білдіретін сөздерді айту,
кешірім сұрау жеткіліксіз. Кешіріміңнің қабыл алынуы-
на септігін тигізетін тәсілдер бар.
Кейде адамдар біздің қателігімізді түсінбей, оны ке-
лесі жолы да қайталауымыздан немесе олардың көңіл-
күйін сезіне алмауымыздан қорқып, кешірімімізді қабыл
алмай жатады. Мұндай жағдайда олардың реніштен туған
көңіл-күйлерін шынайы ұғынып, сезімдеріне құрметпен
қарауымыз керек. Содан кейін олқылығымыздың орнын
толтыратын, қателігімізді жуып-шаятын оң іс жасауымыз
керек. Біз олар үшін мүлдем күтпеген қателікке бар-
ғанымызды мойындағанымыз жөн.
Бұл мәселеге байланысты бәлкім көкейіңде «Егер мен
татуласқым келіп жүрген кісі басқа жаққа көшіп я мүлде
бұл дүниеден өтіп кетсе, қол қусырып отырамын ба?»
деген сауал туған болар.
Достарыңызбен бөлісу: