Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


«Расында,  кімде-кім зұлымдыққа ұшыраған соң, есесін шариғатқа



Pdf көрінісі
бет49/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Кешірдім

«Расында
кімде-кім зұлымдыққа ұшыраған соң, есесін шариғатқа 
сай қайтарса, міне, соларға айып жоқ»

Алайда кешірімді 
болу – адам баласының көпшілігі жете бермейтін өте 
биік дәреже, нағыз мәрт іс. 
Адам баласына кешіру нығметі берілмегенде қоғамда 
«қанға қан» ұстанымы орнайтын еді. Ондай ұстаным 
орнаған әлем хаосқа айналатынына шәк жоқ.
Дегенмен, біз аталмыш ұстанымнан бұрын Алла 
Тағаланың сөзіндегі мына бір ұлы ұстанымды білгеніміз 
жөн:
«жанға жан
(нақақтан-нақақ кісі өлтіргенді өлім 
жазасына бұйыру)
, көзге көз 
(нақақтан-нақақ көз 
шығарғанның көзін шығару)
, мұрынға мұрын 
(нақақтан-
нақақ мұрын бұзғанның мұрнын бұзу)
, құлаққа құлақ 
(нақақтан-нақақ құлақ кескеннің құлағын кесу)
, тіске тіс 
(нақақтан-нақақ тіс сындырғанның тісін сындыру)
 және 
сол сияқты 
(адам тәнін)
 жарақаттаудың барлық түрінде 
осылай бірге-бір қысас жасалады. Ал кімде-кім қысаспен 
кек алмай-ақ кешірім етсе, бұл ол үшін күнәларының 
өтемі болады. Кімде-кім Алланың түсіргенімен үкім 
шығармаса, міне, солар – нағыз залымдар»
,
- делінген. 


135
Егер де барлық адам бір-бірінен қысас ала беретін 
болса, расында, бұл әлемде өмір сүру қиындайтын еді. 
Сондықтан Алла Тағала аяттың соңғы жағында: 
«Ал кімде-кім қысастық жасап, кек алмай-ақ кешірім 
етсе, бұл ол үшін күнәларының өтемі болады»
,
- деп, 
қажет кезде кешірім танытып отыруға шақырады.
Адам баласы табиғатынан өз «эгосының» есесін жі-
бермейтіндей етіп жаратылғаны рас. Алайда аталмыш 
аяттағы кешірімділік ішіндегі «эгосы» асып-тасып, 
кешіруден бас тартқандарға қаратып айтылған. Жер 
бетінде тепе-теңдік орнау үшін, аятта қамтылған ұғым-
дар заң болып бекітілген. 
Мәселен, «Менің жанымды жаралаған адамдар ертең 
Жаратушының алдында есепке тартылады. Мен оларды 
ешқашан кешпеймін», «Бір күні сен де келерсің, сонда мен 
де кешірмеспін» деген сөздерді ел арасында кім таратып 
жүргенін білмеймін. Алайда сен кешірім мен кеңшілік 
ұғымын жүрген ортаңда насихатта. Ал егер кешірімді 
болуға шамаң жетпей жатса, онда толықтай кешіруші 
адам болуға тиісті емессің. Сенен талап етілетіні – 
кешірімшіл болу үшін нәпсіңмен үнемі күресу, арпалысу, 
кешіруге барынша тырысу.
Қандай да бір кісінің олқылығына, нашар әрекетіне 
үнемі төзімділік танытуға міндетті емессің. Бірақ қолдан 
келгенше кешіріп, кеңшілік танытқаның абзал. Кешіре 
алатыныңа сенімді бол. Өмірдің қысқа сапар екеніне 
сен. Оны пессимизммен, меланхолиямен, қатаңдықпен 
өткізбе!
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет