Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ РЕНІШ 
ТАРИХТЫ ӨЗГЕРТЕДІ
Қарттардың пенделік кемшіліктеріне
кешірімді бола біліңдер.
Василий Сухомлинский
Р
енішті «балалық» сезімге балайтындар көп. Баз-
біреулер ренжіп қалса, «Не болды бала құсап?» 
деп үлкендер тарапынан жазғыру естілетін де жағдай-
лар бар. Шынымен де біз өкпе, реніш сезімдерімен бала 
кезімізде танысып үлгереді екенбіз. Кейіннен ержетсек 
те, оларды басқаруға күшіміз жете бермейді.
Ішкі көңіл сезімдері ақылмен басқаруға келмейді, ол 
өз өмірімен өмір сүретін, адамды игеріп алатын құдіретке 
ие. Олар уақытқа да тәуелді емес. Тіпті, елу жыл бұрынғы 
жағдай қанша өтсе де, әсері жойылмай, адамның өмір 
тарихына ықпал ете алады. 
Өкпе – шарасыздық пен ашу араласқан сезім. Ашу 
– психологиялық шекара бұзылғанда көрінетін, алайда 
адамның ұстамдылығын көрсете алмайтын ықпалы. Бұл 
жағдай бала кезінен бастау алады. Оның себебі – ата-ана 


15
баланың ашуын көтере алмаған кезде, оны басып тастап 
отырған. Сол кезде бала шарасыздықтан
 «Өзімді қорғау 
үшін ештеңе істей алмадым-ау»
деп алғаш өкпелеу 
циклін бастаған. 
Өкпе-реніш


Кешірдім
16
АНАҒА РЕНІШ: «МЕНІ ЕШКІМ 
ЖАҚСЫ КӨРМЕЙДІ»
Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен 
сіз кешірім таба аласыз.
Оноре де Бальзак
Б
аланың бойындағы реніш ол құрсақта жатқанда 
пайда болуы мүмкін, яғни, ата-анасы оны қала-
маған кезде, «алдырып тастау» туралы ойлаған кезде-
ақ, сәби оны жақсы көрмейтіндерін сезіп жатады. 
Осыдан кейін балада «анаға реніш» деген үлкен дерт 
туады. Солайша, «ол мені жақсы көрмейді» деп анасын 
жазғырады.
Одан бөлек мына жағдайлар да ана мен бала ара-
сындағы мәміленің бұзылуына алғышарт болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет