Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


«Алла бұзғындықты жақсы көрмейді»



Pdf көрінісі
бет14/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Алла бұзғындықты жақсы көрмейді»
, - 


39
деп айтылған. Бұған жер бетінде орын алып жатқан адам 
өлтіру, қуғын-сүргін ұйымдастыру сияқты материалдық 
бұзғындық қана емес, адам жанын жаралау, көңілге қаяу 
түсіру, қарым-қатынастарды үзу және т.б. моральдық 
тұрғыдағы бұзғындықтар кіреді. Жалпы алғанда, бұған 
тұлғаның, қоғамның дамымай қалуына қатты әсер ететін 
іс-әрекеттер жатады. 
«Әнғам» сүресінің 54-аятында:
«Раббыларың Өзі-
не рақымдылық танытуды лайық қасиет әрі ұстаным 
қылды»
,
- делінген. Расында, өзің Раббыңнан сұрап 
жүрген кешірімің мен өзгеге бере алатын кешірімің – 
Алланың Өзіне лайық деп тапқан мейірімінен. Алла Өз 
мейірімінің белгілі бір бөлігі сенің жүрегіңде де көрініс 
табуын қалайды. 
«Әли Имран» сүресінің 159-аятында:
 «
(Уа, 
Мұхаммед!)
Сен оларға Алланың мейірімімен жұмсақ-
тық таныттың»
,
- делінген. Яғни Мұхаммед пайғамбарға: 
«Сенің оларға жұмсақтық танытуың, олардың қате-кем-
шіліктеріне кешіріммен қарауың, мұның бәрі Алланың 
саған және оларға деген мейірімінен» деген мағынада 
айтылған. 
Егер адам Алланың «әл-Ғафур» есімін танып-білмесе, 
істеген қателіктерінен тартқан уайымды, Алланың жаза-
сын ойлағандағы қорқынышты жаны қалай көтерер еді? 
Өмірін қалайша жаңадан бастай алатын еді? Алланың 
Өкпе-реніш


Кешірдім
40
кешірімінің кеңдігін ұғынбаса, әзиз пенде тіршілігін 
қалайша жаңғыртсын? «Ғафир» сүресіндегі: 
«Күнәні 
кешіруші, тәубені қабыл етуші»
деген 3-аятты естімеген 
жан қалайша тыныш өмір сүре алмақ? Расында, 
Жаратушысының есімдеріне және бүкіл іс-жағдайын 
қалтқысыз басқаратын Оның сипаттарына ой жүгіртумен 
өмір сүрген адам Жаратушының шеберлігінен өзін 
қалай басқара білу қабілетінің туғанын білетін болады. 
Сол үшін нақыл сөздің бірінде:
«Кімде-кім өзін таныса, 
Раббысын таниды»
, - деп айтылған. Ал, сен өз болмы-
сыңа ой жүгірттің бе? 
Алла сені жақсы көреді, саған кешірімді, сені 
қабылдайды. Тіпті, барлығы сені тәрк етсе де, қате-
кемшіліктеріңе кешіріммен қарайды. Мұндай ұстаным 
өзіңді терең түсінуге, өз қателіктеріңді мойындауға, 
өзіңді орынсыз жазғырмауға көмектеседі. Десе де, 
бізге керек кезде өзімізді сөгу, жазғыру қажет-ақ. Егер 
сөгіс пен жазғыру бізді күдер үзуге итермелесе, дұрыс 
әрекет етуге шамамыз қалмай қалады. Ал бұл өзін-өзі 
жазғырудың шектен шыққанын көрсетеді. Сөгіс, жазғыру 
жақсы нәтиже бермесе, көркем істер жасауға жетелеме-
се, онда жазғырудың орынсыз болғаны. Сонымен қатар 
жағымсыз әдеттен басқа ештеңе емес екенін көрсетеді. 
Алла әрдайым саған өмірді жаңадан бастауға мүмкін-
дік сыйлауда. Мұндай мүмкіндік жаныңның жадырап, 
әрдайым жаңғыруына жігер сыйлайды. Өміріңде жібер-
ген қателіктеріңе бола иініңнен су кетіп, оны заман 
ақыр көрме! Өйткені Алла күнәнің, қателіктің боларын 


41
жазып қойған. Сол үшін Әбу Һурайрадан жеткен хадисте 
Пайғамбарымыз: 
«Егер сендер күнә істемегендеріңде 
Жаратқан Ие сендердің орындарыңа күнә істеп, артынша 
тәубе ететін қауымды жаратар еді»
, - деген (Муслим). 
Алланың «әл-Ғафур» есімі сәт сайын саған кешегі 
өткен қателігіңді ұмытып, сәт сайын санаң тазарып, 
өміріңді жаңадан баста деп айтып тұрғандай. Алланың 
осы ұлы есімімен бірге өмір сүріп көрші. 
Өкпе-реніш


Кешірдім
42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет