Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет12/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

ӨТКЕН ҚАТЕЛІГІҢДІ ҰМЫТ 
«Тірісінде кешіре алмаған адамыңның
 өмірден озғанынан артық ауыр нәрсе жоқ».
А
лланың «әл-Ғафур» (Аса Кешірімді) деген есіміне 
ой жүгірткен адам тыныштықта, қамқорлықта, 
рақымдылықта, есендікте екенін сезеді. Міне, бұл – 
көп жағдайда адамның жанына қажет, қол жеткізуге 
талпынатын таптырмас сезім. Мұсылманға бұйырған 
нығметтің бір көрінісі: ол өзі сияқты адамға «күнәмді 
кешірер» деп ешқашан жүгінбеген әрі жүгінбейді де. 
Сонымен қатар, Алла мен өзінің арасына дәнекер 
қоймаған әрі қоймайды да. Міне, осы сезім мұсылманға 
жан рахаты мен үлкен сенім сыйлайды. 
«Хижр» сүресінің 49-аятында:
 «
(Уа, Мұхаммед!) 
құл-
дарыма: «Менің аса кешірімді, ерекше мейірімді еке-
німнен» хабар бер»
, - делінген. 
Алланың «әл-Ғафур» есімінің сенің өміріңде көрініс 
тауып жатқан тұстарына қарашы. Осы бір ұлы есімнің 
мәніне терең бойла. Сондай-ақ, бұл есімдегі жасырынып 
тұрған мән мен мағынаны ұғын. Яғни, кешірімді бол! 


37
«әл-Ғафур» сөзі араб тілінде асырмалы, үстеме мағы-
насын жеткізу үшін құрылған сөздерге жатады. Ол «көп 
кешіруші» деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан 
алғанда көп кешірімділіктегі асырмалы, үстемелі мән 
санды да, ауқымды да қамтып тұрғанын көреміз. Яғни, 
Алла сан жағынан көп әрі түрі жағынан да ауқымы 
зор күнәларды кешіреді. Бұл туралы «Нәжм» сүресінің 
32-аятында:
«Ақиқатында, Раббың кешірім етуде аса 
кең»
,
- делінген. Алайда бұл күнә жасай беруге болады 
дегенді білдірмейді. Алла адам баласын қателікке 
ұрынатын, қателіктен қайтатын қасиетпен жаратқан. 
Сондықтан да адам баласына болмысына сай келетін 
талаптарды таңдаған.
Барлық кемшіліктен пәк Алла Тағала бізге кешіріміне 
сай болудың, оған жетудің жолын баяндаған. Мұның 
бәрі адам жанының тыныштық табуы үшін, нәтижесінде 
әлжуаздыққа, күмәнға, ұйқысыздыққа, рухани тоқырауға 
шалдықпас үшін берілген нұсқаулық іспетті.
«Таһа» сүресінің 82-аятында бұл турасында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет