Кешірдім
56
ӨЗІҢДІ БАҒАЛАУ МЕН КЕШІРУ
Кешіру – мықтылардың ісі.
Әлсіздер кешірімді бола алмас.
Махатма Ганди
Ө
зін бағалау мен кешірімді болудың арасында
тығыз байланыс бар. Сен өзіңді бағалаған сайын
адамдарды мейлінше кешіріп, оларға кеңпейілділік
танытасың. Эгодан, яғни
өзімшіл болудан аулақ тұра-
сың. Әрине, өзімшіл болмаған дұрыс. Адам өзін-өзі қан-
шалықты төмен бағалаған сайын кешіру, кеңшілік қылу
оған соншалықты ауыр тиеді. Алайда ол бұл ізгі жол
арқылы,
кешіру ұғымын, пайымын берік ұстану арқылы
өзін өте жоғары бағалап, кемелдене түседі.
Адамдармен жиі араласқан сайын,
оларды жақсы
тани бастайсың. Адам баласының жаны, болмысы туралы
оқыған сайын, олардың түрлі, ала-құла екенін түсіне
бастайсың.
Адамның өзін-өзі бағалау тұрғысынан үш үлгісі:
Бірінші түрі: өзін шектен тыс бағалайтын адам.
Екінші түрі: өзін тиісінше бағаламайтын адам.
Үшінші түрі: өзіне дұрыс баға бере алатын ада
м.
57
«ӨЗІН ШЕКТЕН ТЫС
БАҒАЛАЙТЫН АДАМ»
«Шын бақытқа жеткізетін жол біреу:
Адамзаттың бәрін сүйіп, елжіреу.
Дәрістер бар үйренбеген біз әлі:
алғашқысы – ренжітпеу,
ең соңғысы - ренжімеу»
Ө
зін шектен тыс
бағалайтын адам бойында эгосы,
яғни менмендігі шектен тыс көрініс табады деген
сөз. Көп жағдайда мұндай адам қоғамда мансапқа,
беделге ие. Өзгелерден мақтау естуге әдеттенген. Бала
кезіндегі тәлім-тәрбиесінде шектен тыс еркелету оның
негізгі мінезін бұзған. Алайда әрбір мансапты,
бедел-
ді адам өзінің бағасын асырып жібереді деп айтуға
келмейді.
Өмірде адамның өзін асыра бағалауына, дандайсы-
нуына итермелейтін себептер болуы мүмкін.
Дегенмен
бұл – жағымсыз қылық. Ал ең жағымсызы – себепсіз
туған астамшылық.
Ислам діні мұндайға үзілді-кесілді тыйым салған.
Имам Муслимнің «Сахих» жинағындағы Әбу Һурайра-
Өзіңді бағалау
Кешірдім
58
дан жеткен хадисте Пайғамбарымыз:
«Алла қиямет күні
үш пендемен сөйлеспейді, оларды тазартпайды және
оларға қарамайды. Сондай-ақ, оларға ауыр азап бар»
, –
деп сол үшеуінің арасында тәкаппар кедейді атаған.
Дандайсынуына себеп жоқ бола тұра өзін өзгеден
жоғары санаған адамды меңзеген. Пақырдың қолында
түгі болмаса да, тәкаппарланып, өзін асыра бағалауына
итермелейтін нендей себеп болмақ?
Достарыңызбен бөлісу: