51
өзгенің кемшілігіне мүлдем кешіріммен қарай алмауы
мүмкін. Нәтижесінде өзгелермен қақтығыс орын алып
жатады. Болмаса керісінше,
кейбір адамдар өзгелердің
кемшіліктерін қабылдап, өзінің кемшіліктерін мойын-
дамауы ғажап емес. Ақыры іштей арпалысқа түсіп,
өзін-өзі жазғырып, сөгіп, өмірдің сәнінен,
қызығынан
айырылып қалуы көбейеді. Өз кезегінде мұндай әрекет
жетістікке жетуге, ісінің жемісін көруге, өзін де өзге-
лерді де жақсы көруге мұрша бермейді.
Адамдарға кешіріммен қарауың оған емес, бірінші
кезекте өзіңе жасаған жақсылығың болып саналады.
Өзгелерге кешіріммен қара.
Олар саған қарсы істеген
әрекеттерін ұғынбай, түбінде жасаған жамандықтарының
құрбаны болуы мүмкін.
Үшінші: Өмірде орын алған жайттарға кеңшілікпен,
кешіріммен қарау.
Адам өмірінде жанын жаралайтын қиын сәттерді
басынан кешіруі мүмкін. Мәселен, мал-мүлік тапшылы-
ғын көріп, қатты тарығуы мүмкін. Сонымен қатар ден-
саулығына байланысты
небір қиыншылықтарды көруі
мүмкін. Жалғасуына өте зәру болған қарым-қатынас әп-
сәтте үзілуі мүмкін. Біреу дөрекілік танытуы ықтимал.
Қоғам тарапынан қыспаққа алыну, қуғындалу, артынша
жалғызсырау сияқты т.б. жағдайларға тап болуы мүмкін.
Өмірде кездесетін жайттарға кеңшілікпен,
кешірім-
мен қарау қиыншылықтардан өтіп, жан жарасын іштей
емдеу арқылы жүзеге асады. Өзің басқарып отырған
Өкпе-реніш
Кешірдім
52
өміріңнің жауапкершілігін абыроймен арқалап,
өткен
шақтың тұтқыны болмау арқылы жүзеге асады.
Өміріңнің алғашқы он жылдығындағы жан ауырт-
палықтарын жиырма жасыңа дейін сақтап, жиырма
жылдық жан ауыртпалықтарын отыз жасыңа дейін
сақтап, сосын ішіңде қордаланған
жан жарасын қырық
және елу жасыңа дейін арқаласаң, онда хәлің мүшкіл.
Өміріңді ғафу ету, кешірімшіл болу, кеңшілік ету сияқты
ізгі қасиеттермен жаңартуың қажет. Сосын осы қалыппен
өміріңнің соңына дейін ғұмыр кешуің керек.
Өміріңнің ойранын шығаратын мұндай керітартпа
өмірлік салтты тоқтат. Оны келесі ұрпаққа жеткізбе!
Саған тумысыңнан немесе қоршаған ортаңнан жұққан
мұндай жаман әдет өзіңмен аяқталсын. Оны өзгеге
жуытпа!
Американдық атақты жазушылар –
доктор Уэйн
Уолтер Дайер мен Линн Лаубер
Достарыңызбен бөлісу: