45
беліңді қайыстыра жүк болып жүрген, сені шаршап-
шалдықтыратын жағымсыз сезімдерден азат етеді.
Басыңнан ұрыс-керіс өткерген сәттер есіңде ме? Сол
кездері күні бойы не сезіндің? Келесі күні ұйқыдан
тұрғаныңда қандай хәлде болдың?
Адамдардың көбісі
ұрыс-керістен соң шаршау,
қалжырау, қимылдың ауырлығын сезінеді. Тіпті, ол
болмашы ұрыс-керіс болса да. Расында, ұрыс-керіс әл-
қуаттан айырады.
Енді елестетіп көрші, егер сезімдер мен ойлар
материядан тұрса. Материалдық зақым келтіретін затқа
айналса. Осылайша бүкіл жағымсыз сезіміңді дорбаңа
салып, үнемі арқалап жүрсең. Сезімің жағымсыз болған
сайын, салмағы ауырлай берсе, сол жолдан шықпай жүре
бересің бе? Бұл жай ғана мысал болғанымен, жағымсыз
сезімдердің бізге берер әсері дәл осындай.
Кешірімді болу мен кеңшілікті ұстану жан дүниеңнің,
тәніңнің, ақылыңның жетіле түсуіне көмектеседі. Ақыл
деңгейіңнің өсуіне ықпал етеді. Бұл сипаттың жасқа
мүлдем қатысы жоқ. Рухани есею мен ақылды болудың
жаспен байланысы жоқ. Мәселен, жиырма жастағы жігіт
ақылдылық тұрғысынан қарағанда қырық жастағы кісіден
асып түсуі мүмкін. Керісінше де болып жатады.
Көп жағдайда кешірім мен кеңшілік секілді рухани
азаттық сыйлайтын іспен ақыл мен кемелдіктің межесіне
жеткен тұлға айналысады. Есесіне мұндай оң жолға тү-
суі
оның ақылдылығын, кемелдігін одан сайын арттыра
Өкпе-реніш
Кешірдім
46
түседі. Нәтижесінде бұл іс құдды рухани азық алмасу
кезеңіне айналғандай болады. Ал қатыгездік сезіміне,
жағымсыз ойларға батқан жан қай жағынан болмасын
жетілмей, ақылға жұтаң болады.
Мұндай тұлғаға көрегенділік пен кемелділіктің берер
сыйы, міне, осындай. Бұл сипат оң өзгерістерге жетелеп,
жетілдіріп, артынша жемісін береді. Нәтижесінде кеші-
рімді адам өз ісінің жемісін жағымсыз сипаттан арыла
алмаған жанға қарағанда көбірек көреді.
Кешірімді болу адамға жан тыныштығын, есендік сый-
лайды. Ондай адамның рухани тұрғыда күштірек еке-
нін, құлшылықтың мақсаттарын тереңірек түсінетінін
байқайсың. Ондай жанның жүрегі таза,
ой-санасы сау,
көңілі тыныш.
Кешірім танытуым жасалған жамандықты, ешнәрсе
болмағандай ұмытуым керек дегенді білдірмейді. Менің
кеңшілік қылуым біреудің жағымсыз әрекетін қабыл алып,
оған қалағаныңды істей бер дегенді де меңземейді. Міне,
кешірімді болуға қатысты кең тараған қате түсінік көп
адамның кешірімді болудан бас тартуына итермелейді.
Атақты профессор, психиатр Томас Стивен Сас кеші-
рімді болу мен кеңшілік туралы:
«Ақымақ адам кешіре
алмайды әрі өзіне жасалған жамандықты ұмытпайды.
Аңғал адам кешірімді болады әрі өзіне істелген жаман-
дықты лезде ұмытады. Ал данышпан адам кешіреді,
алайда өзіне істелген жамандықтың, надандықтың
себеп-салдарын ұмытпайды»,
- деген.
47
Шындығына
келгенде, ерекше кешірім таныту адам-
ды азат етіп, келеңсіз жайттан құтқарады. Хадистегі
«Барыңдар! Бәрің азатсыңдар!» деген сөзге ой жүгіртші.
Бұл жерде мүшріктердің жазадан немесе қамаудан азат
екендері меңзеліп қана қоймай, сонымен қатар, олардың
өткен іс-әрекеттері ойға да алынбайтыны мақсат етілген.
«Олар ішіміздегі жағымсыз сезімдерімізден азат, сөздің
астарындағы меңзелген барлық нәрседен азат деген»
мағынада айтылған.
Кешірімді болу мәселесіне ой жүгірту деген өзімді,
сезімдерімді, ой-пікірлерімді, уақытымды дұрыс басқару
арқылы келеңсіз жайтқа немесе адамға кеңшілікпен
қарауымды білдіреді. Міне, осыған тоқталғанымыз жөн.
Ойымызды, сезімдерімізді, тіпті,
өмірімізді базбіреу-
лердің басқаруынан немесе ойымыз бен сезіміміз
келеңсіз жайттың ықпалына еріп кетуінен сақтануымыз
қажет.
Сахабалардан жеткен хикмет:
«Біз Пайғамбарымызбен отырған едік. Бір кезде пай-
ғамбарымыз еріксіз жымиды. Тіпті, тістері де көрінді. Сонда
Хазірет Омар: Уа, Алланың елшісі! Ата-анам жолыңда
құрбан болсын, не нәрсе сені күлдірген?», - дейді. Сонда
Пайғамбарымыз: «Қияметте үмметімнен екі адам Алланың
алдына тізерлеп келеді. Сонда біреуі:
«Иә, Раббым! Бұл бауырымнан маған жасаған зұлым-
дығының ақысын алып бер», - дейді. Алла:
Өкпе-реніш