Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет19/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Менің ұлы ұстазым» 
атты бірге шығарған еңбектерін өте керемет оқиғамен 
аяқтаған. Қысқасы, ол оқиғада Райн есімді жігіттің 
басынан кешірген оқиғасы баяндалған. Райн әкесіне 
сәби кезінде бауырларымен бірге тастап кеткеніне 
ашуланып жүреді. Райн: «Бразилияны мекен ететін 
матис тайпасының көсемі бір күні терең мағыналы сөз 
айтқан, алайда мен оны кейінірек түсінген екенмін. 
Матис көсемі: «Ешкім жыланның шаққанынан өлмейді. 
Бірақ шаққан соң қаныңа араласып, бойыңнан шықпай 
қалған жыланның уы өлтіреді. Ол уды бойыңнан шы-
ғарып тастауды үйренбесең, ақырында түбіңе жетеді. 


53
Дегенмен, ең абзалы сол уды толықтай қабылдап, ке-
шегі күнгі қатерлі у болған сұйықтықты дауаға айналды-
руың», - деп ақылын айтқан», - дейді. 
Бұл бір жағынан алып қарағанда қарапайым көзқа-
рас болып көрінеді. Алайда басқа жағынан алсақ, өте 
керемет айтылған ой. Өміріңнің көп бөлігін ойрандаған 
жайттарға және қиыншылық көруіңе, жаныңды жара-
лауға себеп болған оқиғаларға ой жүгіртіп, оларды 
өзгертудің жолын табу – сенің нағыз ұлы ұстазың. Саған 
бұйыратын нығметтердің ең ұлысы. Бізді қоршаған 
әлемге, сондай-ақ, өзімізге қатысты ұстанымымыз, міне, 
осындай болған жөн.
Өміріңде қандай жайттар орын алмасын, оларды өмір 
жолыңдағы кедергілермен қоса қабыл ал. Біраз уақыттан 
соң, өмір жолыңдағы әрбір кедергі бойыңда оңайлықпен 
тұрғызыла қоймайтын ұлы нәрсенің қалануына себеп 
болғанын ұғынасың. 
Өкпе-реніш


Кешірдім
54
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Қағаз алып, оны үшке бөл. Бірінші бөлікке бойыңдағы 
ұнатпайтын барлық дүниені жаз. Екінші бөлікке ойыңа 
оралған сайын, жаныңа бататын жағымсыз естелік-
терді, жайттарды, істерді жаз. Үшінші бөлікке кешіргің 
келіп жүрген адамдарды немесе есіңе алған сайын көңі-
ліңді түсіретін адамдарды жаз. 
Бұл жаттығуды жазып отырып орындаудың маңыз-
дылығына көңіл бөл. Сұрақтарыңа ойша жауап берумен 
шектелме. Бұл жаттығу іс жүзінде кімге және неге 
кешіріммен қарай алатыныңды анықтауың үшін қажет. 
Ой, іс-әрекетіңді шашыраңқы етпей, дұрыс бағытпен, 
айқын мақсатпен алға жылжып отыруың үшін керек. 


Өзіңді бағалау
және
Кешіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет