54
интерпретациялау кезінде бейсаналы түрде жауаптарды бұрмалауы мүмкін.
Экспериментатордың мұндай әрекеті – артефактілердің қайнар көзі.
Американдық психолог Розенталь
бұл құбылысты
«Пигмалион эффектісі»
деп
атады. Ол грек аңызының кейіпкері Пигмалион атымен атады. (Мүсінші
Пигмалион керемет Галатея атты қыздың мүсінін жасайды. Мүсіннің әдемілігі
соншалықты Пигмалион қыздың мүсініне өзі ғашық болады. Ол құдайларына
Галатеяны тірілтсін деп жалынған соң, оны тірілтеді). Бұл әсерді бақылау немесе
шеттету мүмкін
бола бермейді
20
.
Ал, теорияның дәлелденуіне бағдарланған экспериментатор- зерттеуші, оны
тек дәлелдеу үшін еріксіз әрекет етеді. Мұндай эффектіні бақылауға не шеттетуге
болады. Ол үшін экспериментті жүргізуде теорияның болжамы мен мақсаты
жайлы беймәлім экспериментатор-ассистенттер шақырылуы керек. Тағы бір жолы
– зерттеу нәтижелерін эксперимент авторының болжамына сыни тұрғыда
қарайтын басқа экспериментатор- зерттеушілер тарапынан тексерілуі. Бірақ, бұл
жағдайда да субъективтілік орын алуы мүмкін.
Мұндағы басты мәселе – экспериментатордың
зерттеу мотивациясының
айырмашылығы. Олардың барлығы да жаңа ғылыми танымға ұмтылса да, оған
жету жолы, зерттеу мақсаты мен пайдаланатын әдіс-тәсілдері бойынша
ерекшеленеді. Сонымен қатар, экспериментатор-зерттеушілер әртүрлі этномәдени
қауымдастықтардың өкілі болып табылады.
Соған қарамастан барлық экспериментатор- зерттеушілер «мінсіз зерттелуші»
жайында армандайды. Яғни «мінсіз зерттелуші» мынадай психологиялық
қасиеттерге: тілалғыш болуы, серіктестікке ұмтылу, бақылағыш, агрессивті емес,
байсалды, негативизмнен тыс, еңбекқор, достық қарым-қатынаста жылы шырайлы
болу керек. Әлеуметтік-психологиялық көзқарас бойынша «мінсіз зерттелуші»
үлгісі толықтай мінсіз бағынушы немесе мінсіз
оқушы мінездемесіне сәйкес
келеді.
Саналы экспериментатор бұл арманның орындалмайтынын біледі. Алайда,
эксперимент кезінде зерттелушінің іс-әрекеті өзі күткеніндей болмаса, ол
зерттелушіге негативизммен қарап не ашулануы да мүмкін.
Сонымен қатар, экспериментатор тарапынан әсер етудің көзі бейсаналы
нұсқаулар болғандықтан, зерттелушілер тарапынан эксперимент жүргізілген
кездегі бейсаналы түрде бақыланатын көрсеткіштер маңызды болып табылады. Ол
біріншіден, қарым-қатынастың вербалды емес құралдары (мимика пантомимика,
жест және т.б.); екіншіден, зерттелушіге әсер ететін «паралингвистикалық» жүйе
(нұсқауды оқыған кездегі интонация,
эмоционалды тон, экспрессия және т.б.)
құралдары. Экспериментатордың зерттеушіні экспериментке тартуы кезіндегі
20
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб:
Питер, 2003.- 56б
55
алғашқы әңгімелесу, қызықтыруы, яғни зерттелушінің өзіне деген сенімді қарым-
қатынасын қалыптастыруда назардан тыс қалмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: