Болтаева ә. М


Сыртқы валидтілікті төмендететін мынандай 4 фактор бар



Pdf көрінісі
бет48/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Сыртқы валидтілікті төмендететін мынандай 4 фактор бар: 

Реактивті эффект немесе тест жүргізудің өзара әрекеттесу эффектісі
. Яғни 
зерттелушінің алдын –ала жүргізген тестке байланысты эксперименттік әсерге 
деген сезімталдығының артуы немесе азаюы.

Іріктеу факторы мен эксперименттік жағдайларының өзара әрекеттесуі. 
Бұл 
әр топтағы іріктеу факторларының әр тектілігі салдарынан болады. 

Экспериментті ұйымдастыру шарттарының түрліше болуы
. Бұл зерттеу және 
бақылау тобында ұйымдастырылатын эксперименттік шаралардың түрліше 
ұйымдастырылуы. 

Эксперименттік әсерлердің өзара интерференциясы
. Кейде бір ғана зерттелуші 
бірнеше эксперименттік әсерлерге ұшырасуы мүмкін. Осындай жағдайда 
зерттелушінің 
алдыңғы 
экспериментік 
әсерлерінің 
кейінгі 
зерттеу 
қорытындыларына ықпал етуі.
Экспериментатор іс-әрекеті.
Эксперимент – зерттелушінің психикалық 
ерекшеліктерін анықтау үшін оның іс-әрекетіне әсер етуге бағытталған 
экспериментатордың белсенді іс-әрекеті. Экспериментатордың белсенділік 
деңгейін эксперименттік шаралары анықтайды, яғни ол зерттеу жұмысын 
ұйымдастырады, зерттелушіге тапсырма береді, түрлі айнымалыларды енгізеді, 
алынған нәтижелерді бағалайды, эксперименттің шарттарын өзгертеді, 
зерттелушінің жүріс-тұрысын және оның іс-әрекет нәтижесін тіркейді т.б. 
Экперимент ұйымдастыру барысы барынша объективті болу керек, яғни 
эксперимент нәтижелері экпериментатордың кәсіби әрекетіне немесе сыртқы 
жағдайларға тәуелді болмау керек. Әлеуметтік-психологиялық жағынан қарағанда 
экспериментатор жетекшінің, мұғалімнің ролін, ал зерттелуші бағынушының, 
орындаушының ролін атқарады. 
Эксперимент сызбасын экспериментатор іс-әрекеті ретінде қарастыратын 
болсақ, онда ол необихевиоризмнің «с
тимул – аралық айнымалылар – реакция»
формулласына ұқсас келеді
.
Экпериментатор тапсырма береді, зерттелуші оны 
орындайды. Егер экспериментатор-зерттеуші өз болжамының дәлелденуіне 
бағдарланған болса, онда ол эксперимент жүргізілуі кезінде және мәліметтерді 


54 
интерпретациялау кезінде бейсаналы түрде жауаптарды бұрмалауы мүмкін. 
Экспериментатордың мұндай әрекеті – артефактілердің қайнар көзі.
Американдық психолог Розенталь
 
бұл құбылысты 
«Пигмалион эффектісі»
деп 
атады. Ол грек аңызының кейіпкері Пигмалион атымен атады. (Мүсінші 
Пигмалион керемет Галатея атты қыздың мүсінін жасайды. Мүсіннің әдемілігі 
соншалықты Пигмалион қыздың мүсініне өзі ғашық болады. Ол құдайларына 
Галатеяны тірілтсін деп жалынған соң, оны тірілтеді). Бұл әсерді бақылау немесе 
шеттету мүмкін бола бермейді
20
.
Ал, теорияның дәлелденуіне бағдарланған экспериментатор- зерттеуші, оны 
тек дәлелдеу үшін еріксіз әрекет етеді. Мұндай эффектіні бақылауға не шеттетуге 
болады. Ол үшін экспериментті жүргізуде теорияның болжамы мен мақсаты 
жайлы беймәлім экспериментатор-ассистенттер шақырылуы керек. Тағы бір жолы 
– зерттеу нәтижелерін эксперимент авторының болжамына сыни тұрғыда
қарайтын басқа экспериментатор- зерттеушілер тарапынан тексерілуі. Бірақ, бұл 
жағдайда да субъективтілік орын алуы мүмкін.
Мұндағы басты мәселе – экспериментатордың зерттеу мотивациясының 
айырмашылығы. Олардың барлығы да жаңа ғылыми танымға ұмтылса да, оған 
жету жолы, зерттеу мақсаты мен пайдаланатын әдіс-тәсілдері бойынша 
ерекшеленеді. Сонымен қатар, экспериментатор-зерттеушілер әртүрлі этномәдени 
қауымдастықтардың өкілі болып табылады. 
Соған қарамастан барлық экспериментатор- зерттеушілер «мінсіз зерттелуші» 
жайында армандайды. Яғни «мінсіз зерттелуші» мынадай психологиялық 
қасиеттерге: тілалғыш болуы, серіктестікке ұмтылу, бақылағыш, агрессивті емес, 
байсалды, негативизмнен тыс, еңбекқор, достық қарым-қатынаста жылы шырайлы 
болу керек. Әлеуметтік-психологиялық көзқарас бойынша «мінсіз зерттелуші» 
үлгісі толықтай мінсіз бағынушы немесе мінсіз оқушы мінездемесіне сәйкес 
келеді.
Саналы экспериментатор бұл арманның орындалмайтынын біледі. Алайда, 
эксперимент кезінде зерттелушінің іс-әрекеті өзі күткеніндей болмаса, ол 
зерттелушіге негативизммен қарап не ашулануы да мүмкін. 
Сонымен қатар, экспериментатор тарапынан әсер етудің көзі бейсаналы 
нұсқаулар болғандықтан, зерттелушілер тарапынан эксперимент жүргізілген 
кездегі бейсаналы түрде бақыланатын көрсеткіштер маңызды болып табылады. Ол 
біріншіден, қарым-қатынастың вербалды емес құралдары (мимика пантомимика, 
жест және т.б.); екіншіден, зерттелушіге әсер ететін «паралингвистикалық» жүйе 
(нұсқауды оқыған кездегі интонация, эмоционалды тон, экспрессия және т.б.) 
құралдары. Экспериментатордың зерттеушіні экспериментке тартуы кезіндегі 
20
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: 
Питер, 2003.- 56б 


55 
алғашқы әңгімелесу, қызықтыруы, яғни зерттелушінің өзіне деген сенімді қарым-
қатынасын қалыптастыруда назардан тыс қалмау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет