Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет56/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Мәліметтер
- бұл психологиялық зерттеулердің талдауға қатыстырылатын 
негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Мәліметтер ретінде зерттеу 
нәтижелерін өңдеу мақсатында жіктеуге, түрлі категорияларға топтастыра алатын 
ақпараттар қарастырылады
23
. Басқаша айтқанда, зерттеу тобына не мүшесіне тән 
қасиеттер мен сапалар, сандық қорытындыларды мәліметтер деп атай аламыз.
Зерттеу мәліметтерінің үш түрін ажыратуға болады.
1.Сандық мәліметтер
- зерттеу барысындағы нақты өлшеу әдістері арқылы 
алынған барлық сандық көрсеткіштері (зерттелушілердің жасы, тапсырма 
орындауға кеткен уақыт, тест нәтижелері т.б).
2. Сапалық мәліметтер
- зерттеуге қатыстырылған таңдау тобы не оның 
мүшесіне тән және зерттеу үшін маңызды көрсеткіш саналатын сапалық 
қасиеттер. Бұл мәліметтерді өлшеу әдістері арқылы анықтау мүмкін емес, тек 
олардың кездесу жиілігін сандық бағалап, оның пайыздық көрсеткіштеріне қол 
жеткізуге болады.
3. Реттік мәліметтер
- зерттеу барысындағы өлшеу әдістері арқылы 
анықталған мәліметтердің өсу не кему реті бойынша орналастыру мүмкіндігі бар 
көрсеткіштер. 
Психологиялық зерттеулерде сандық және реттік мәліметтер зерттеуші 
адамның өзі қол жеткізген мәліметтерін алғашқы өңдеу кезеңінде маңызды роль 
атқарады.
Айнымалылар. 
Зерттеуге алынған кез-келген құбылысты айнымалы ретінде 
қарастыруға болады. Ең бастысы- ол зерттеу барысындағы өзгерістер жағдайында 
әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтын шама болуы шарт. Айнымалылардың екі 
түрін ажыратуға болады: 
үзіліссіз
және 
дискретті

23
Сочивко Д.В., Якунин В.А. Математические модели в психолого-педагогических 
исследованиях. Учебное пособие. Л.: ЛГУ, 1988. 68 с.


64 
Үзіліссіз айнымалы зерттеу аймағындағы кез-келген шаманы беруі мүмкін. Ол 
зерттеу міндеті мен тапсырмасына байланысты анық көрінеді. Атауынан белгілі 
болғандай, мұнда нақты көрсеткіш өзгермелі, яғни үзіліссіз жалғасады. Мысалы, 
жас мөлшері, тапсырма уақыты, салмақ дәрежесі т.с.с 
Дискретті айнымалыда өлшеу керісінше нақты, жеке мәндерге ғана ие болады. 
Мысалы, зерттеуге қатысушылардың саны т.б.
Алғашқы мәліметтерді топтау. Мәліметтердің сипаты мен айнымалылар 
бойынша іріктелген көрсеткіштерді өңдеуде алғашқы мәліметтерді алдымен жеке, 
кейіннен жиынтық кестелерге орналастырылады. Кестелер сипаты эмпирикалық 
зерттеудің мақсаты мен болжамының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. 
Кестелерге олардың мазмұны мен құрылымын толық ашатын тақырып беру қажет. 
Себебі, кесте көп болғанда оларды тақырыпсыз түсіну қиынға соғады. 
Кестеге орналастырылған мәліметтерді талдай отырып, шеткі мәндерді 
анықтай аламыз. Бұл үшін Х
min
–минималды, яғни ең төменгі шаманы және Х
max
-
максималды, ең жоғарғы шаманы анықтаймыз. Көрсеткіштер бойынша алынған 
максималды шамадан минималды шаманы алып, шыққан айырма шаманы Lim 
(лимит) ретінде белгілеп, құлаш деп атайды. 
Lim= Х
max
- Х
min
Мәліметтерді топтаудағы келесі қадам –рангілеу, яғни көрсеткіштерді өсу не 
кему реті бойынша ретпен орналастыру немесе дәрежелер беру. Рангілеудің басты 
ережелері; а) бірдей жиілікте кездескен тең шамалардың бәріне ортақ рангі 
берілуі тиіс; б) соңғы ранг көрсеткіші зерттеушілер қатарына не қасиеттер санына 
тең болуы шарт. 
Мәліметтерді алғашқы өңдеу нәтижесінде қол жеткізген мәліметтердің 
көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында қорытындыларды графикалық бейнелеу 
тәсілі қолданылады. Графикалық бейнелеу тәсілдері арасынан: гистограмма, 
үлестірім полигоны және үлестірім қисығы, диаграммалар зерттеу мәліметтерінің 
көрнекілігін қамтамасыз етуде кеңінен қолданылады. 
Кесте 
–сандық және сапалық берілулердің көлденең және тігінен ретке 
келтірілген жиыны. 
График 
– 
жазықтықтағы екі өзгеру арасындағы байланысты суреттейтін 
сызықтар.
Гистограмма 
– бұл жиіліктің (абсолютті немесе шартты) интервал бойынша 
бөліну диаграммасы. Мұнда ордината осі бойынша жиілік мәні, ал абсцисса осі 
бойынша параметр көрсеткіші.
Гистограмма –
бұл бағаналы диаграммалар, 
тігінен орналасқан, тік бұрыштардан тұрады. Олардың биіктігі зерттелушіде 
қандай да бір қасиеттің даму дәрежесін немесе деңгейін бейнелейді. 
Гистограммадан үлестірім полигонына өту үшін, әр бағанадағы интервал 
ортасындағы нүкте белгіленіп, түзу кесінділер арқылы бейнеленеді. 
Зерттелетін қасиеттің жиі кездесуін көрсеткен мәндер гистограммалар 
бағанасының ішінде, астында немесе тік сызықтың бойында беріледі. 
Гистограммада ең көрнектісі – мода көрсеткіші. Себебі, біз мода арқылы зерттеу 


65 
көрсеткіштеріндегі ең көп мәліметтің деңгейін анықтаймыз. Ал гистограммада ол 
ең жоғарғы шың болып табылады. Гистограмманың 
унимодалды
және 
п
олимодалды
түрлерін ажыратуға болады. 
Унимодалды – 
ол гистограмманың 
жалғыз шыңға ие болуы, ал 
полимодалды – 
бірнеше шыңдардың айқындалуы.
Сондай-ақ, гистограмма зерттеу мәліметтерінің көрнекілігін ғана 
қамтамасыз етпейді, сонымен қатар ол зерттеу нәтижесі туралы алғашқы сапалы 
қорытынды жасауға да мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет